«Otandastar Qory»
1.36K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗞️🇰🇿🇺🇿«Нұрлы жол» – Өзбекстандағы қазақ баспасөзінің шамшырағы!

📌1991 жылы «Достық туы» деген атпен жарық көрген бұл басылым бүгінде «Нұрлы жол» атауымен қазақ қауымын бірлікке ұйытып, мәдени және рухани байланыстарды нығайтып келеді. 30 жылдан астам тарихы бар газет аптасына екі рет шығып, қазақ тіліндегі маңызды жаңалықтар мен әдеби-мәдени дүниелерді оқырманға ұсынады.

📌Газет редакциясында Қазақстанда білім алған кәсіби журналистер еңбек етеді. Таралымы 5 мың данаға жуық бұл басылым Өзбекстандағы қазақтардың тілін, дәстүрін сақтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рухани көпірге айналып отыр.

📌Бас редактор Ғұламзәкір Юсупов мырзаның айтуынша, «Нұрлы жол» – тек ақпарат таратушы құрал ғана емес, ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы үлкен миссияны арқалаған басылым. Біз Ғұламзәкір мырзамен тілдесіп, газеттің бүгінгі тынысы мен болашағы жайлы өз аузынан естіп қайттық.

@otandastar
🔥4👍1
«Отандастар қоры» халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысуда

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің диаспора құрылымдарының өкілдері қатысып жатқан II «INTERNSHIP» (тәжірибе) бағдарламасы аясында қазақстандық делегация да Әзербайжанға барды. Бағдарламаға «Отандастар қоры» да қатысып жатыр.

Сапар барысында қатысушылар Фахри хиябан мен Шейіттер аллеясын, сондай-ақ Жеңіс саябағын аралап, гүл шоқтарын қойып, құрмет білдірді.

Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік комитетте өткен ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

«Отандастар қоры» өкілі өз сөзінде қазақ диаспорасын қолдау және бауырлас түркі елдерімен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту бағытында Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

@otandastar
👍1
🎓💡 Otandastar quiz – қандас жастардың білім мен бірлігін тоғыстырған интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті.

"TezTap" ұжымымен бірлесе ұйымдастырылған "Otandastar quiz -2025" интеллектуалды ойынына Моңғолия, Өзбекстан және Қытайдан келген 100-ге жуық қандас студент өз білімін сынап, әсерлі күн өткізді. 🌍🇰🇿

🥇 1 орын – “Arys” командасы (ЕҰУ)
🥈 2 орын – МУА қыздары (МУА)
🥉 3 орын – “Айналайын” командасы (ЕҰУ)

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🏻

@otandastar
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Otandastar Quiz - 2025⚜️

Ал сіз үшін "Отан деген ...?"🤔

@otandastar
👍1
🇲🇳✨Моңғолияда қазақ жас таланттарға арналған JAN JAH CASTING 2025 байқауы өтті.

👏🏻Аталған шараға жалпы 120 бала қатысып, ән, би, актерлік және шығармашылық бағыттарда өз өнерлерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Отандастар қорының» «Жас Қазақ» жазғы этно лагеріне жолдамалар табысталды. 🇰🇿

Өнерлерің өркендей берсін, жас таланттар! 🎶✨

@otandastar
👍3
🇰🇿 🇨🇳74 күндік сапар: Қытайдан шыққан ерлі-зайыпты Астанаға жетті

74 күн бұрын жолға шыққан Қуатбек пен Жайна кеше Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылына аялдады. Олар тамыз айының басында Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Саян ауданынан атамекенге қарай жолға шыққан.

Екі айдан астам уақыт бойы атпен сапар шеккен ерлі-зайыпты барлық қиындықтарға қарамастан өз мақсаттарына жетіп, сапарын сәтті аяқтады. 👏🏻🤝

@otandastar
❤4