🎓 «Сәлем, Астана!» мотивациялық кездесуі қандас жастарды біріктірді
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Foundation бөлімі бірлесе отырып, қандас жастарға арналған «Сәлем, Астана!» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Моңғолия, Өзбекстан және Қытай елдерінен келіп, ЕҰУ-де білім алып жатқан 300-ден астам студент қатысты.
Кездесу барысында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде ел игілігіне еңбек етіп жүрген жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер қатарында Моңғолия тумасы Амине Қадыр, «She Innovator Eurasia» медиа-платформасының басшысы Алия Оразымбетова, ЕҰУ Foundation бөлімінің басшысы Асел Аманова, «Атамекен» қандас жастар ұйымының басшысы Алтынай Тілекберген, сондай-ақ «Отандастар қоры» өкілдері Лашын Жанарбек, Алжан Шарифов және Талғат Кенжебекұлы болды.
Кездесу аясында қандас жастарға арналған жобалар мен Қазақстандағы даму мүмкіндіктері таныстырылып, студенттердің көкейдегі сұрақтарына жауап берілді.
🇰🇿 Шараның басты мақсаты – шетелден келген жастарды елдің рухани және қоғамдық өміріне бейімдеу, олардың белсенділігін арттыру және отаншылдық рухта тәрбиелеу.
@otandastar

❤1
🇰🇿 Қазақстан «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде
2025 жылғы 15 қазанда Германияның Майндағы Франкфурт қаласында әлемдегі ең ірі кітап көрмелерінің бірі — 77-ші «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды.
📚 Биылғы жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспа өкілдері мен әдебиет саласының делегациясы қатысуда. Олардың қатарында «Мектеп», «Алматыкітап», «Атамұра», «ARMAN-PV», «Steppe & World Publishing», «Эверо», «Kazformoms», «AmalBooks» сияқты отандық баспалар бар.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық стендте 350-ге жуық отандық кітап пен жаңа басылымдар ұсынылды. Экспозиция қазіргі қазақ әдебиетінің бағыттарын, жаңа авторлардың еңбектерін және баспа ісінің даму деңгейін көрсетеді.
🇰🇿 Қазақстанның беделді халықаралық көрмеге қатысуы — елдің мәдени дипломатиясы мен халықаралық ынтымақтастықтағы әлеуетін айқын танытады.
Көрме аясында «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» атты жеті тілге аударылған еңбектің тұсаукесері өтті. Сондай-ақ оқырмандар назарына қазақ әдебиетінің інжу-маржаны — Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасы ұсынылды.
📍Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия және Ұлыбритания елдерінің баспагерлері Қазақстан стендімен танысып, өзара ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді.

👍1
🇰🇿 Қазақстандық оқушылар – төрт дүркін әлем чемпионы!
Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасында Қазақстанның ұлттық құрамасы қатарынан төртінші жыл жеңіс тұғырынан көрінді.
190 елден келген мықты командалар арасынан біздің оқушылар GRAND CHALLENGE AWARD және ALBERT EINSTEIN AWARD алтын жүлделерін иеленіп, еліміздің STEM-білім саласындағы әлемдік көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық құраманы NIS Алматы-Медеу мектебінің оқушылары – Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл таныстырды. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтуленов.
🏆 Бұл – Қазақстанның робототехника бойынша төртінші әлемдік жеңісі (Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024, Панама-2025).
📌 Команданың дайындығына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, USTEM Foundation қоры, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы және Cannect.AI стартапы қолдау көрсетті.

🇰🇿 🇨🇳Қытайдағы қандасымыз ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуда
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қандасымыз Өркен Ноғайбек соңғы екі жыл бойы ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келеді. Ол Қорғас қаласындағы заманауи ауыл шаруашылығы технопаркінде аралар арқылы егістік алқаптарда тозаңдандыру жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Қорғас өңірінде қызанақ, қияр және шие қызанақ өсірілетін жылыжайларда Өркеннің жетекшілігімен жүзге жуық ара ұясы қолданылады. Бұл аралар өсімдіктердің табиғи тозаңдануына көмектесіп, өнім сапасы мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
– Ара дегеніміз – табиғи түрде өнімнің өсуіне әсер ететін жәндік. Тозаңдану болмаса, өсімдік жетілмейді, үлкеймейді. Сондықтан аралар – егіншіліктің басты тірегі, – дейді қандасымыз.
Өркен Ноғайбек бұған дейін Қашқар қаласындағы оқу орнында ауыл шаруашылығы, егіншілік және ағаш өсіру мамандығы бойынша білім алған. Қазір ол тек ара шаруашылығымен айналысып қана қоймай, технопарк техникасына қызмет көрсетумен де шұғылданады.
– Аралар болмаса, егін де, жеміс те толық жетілмейді. Сондықтан біз үшін ара шаруашылығы – табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын маңызды кәсіп, – деп атап өтті ол.
📍 Материал BAQ.KZ ақпарат агенттігінің Қытайдың Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған баспасөз туры аясында Шыңжаң өңіріне барған сапар барысында дайындалды.

👍2❤1