«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🎓 Отандас ғалымдар форумы аясында түрлі салада еңбек етіп жүрген шетелдік ғалымдар өз тәжірибесімен және ғылыми жаңалықтарымен бөліседі.

🎓 Төлеубай Серікжан – медицина ғылымдарының докторы, тәжірибелі радиолог. Ол бауыр аурулары мен ультрадыбыстық зерттеу саласында ғылыми жұмыстар жүргізіп, Жапонияда білімін жетілдірген. Форумда медициналық диагностикадағы инновациялық тәсілдер туралы тәжірибесімен бөліседі.

🎓 Жұмажанова Самал Сәгидоллақызы – техника ғылымдарының кандидаты, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің доценті. Форумда ол жасанды интеллект трансформациясы дәуіріндегі биометрия тақырыбында сөз сөйлеп, ақпараттық қауіпсіздік пен биометриялық технологиялардың жаңа бағыттарын таныстырады.

🎓 Шойкин Олжас Даулетжанұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің доценті.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤3💘1
⚜️🇰🇿 Отандас ғалымдар форумы биыл да шетелде жүріп ғылым мен білімге үлес қосып жүрген танымал мамандарды бір алаңға біріктіреді.

🎓 Абдуллаев Асилбек Оңдалиевич – медицина ғылымдарының PhD және DSc дәрежелері бар, жұқпалы ауруларды зерттеуде елеулі жетістіктерге қол жеткізген ғалым. Қазір Ташкент Кимё халықаралық университетінде факультет деканы және профессор ретінде қызмет атқарып, медициналық ғылымның дамуына үлес қосуда.

🎓 Доктор Шенол Жадик – Германияда білім алған, 25 жылдық тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі нейрохирург. Ми ісіктері, омыртқа және минималды инвазивті хирургия саласындағы жоғары білікті маман ретінде Кувейт госпиталінде кеңесші нейрохирург болып жұмыс істейді.

🎓 Ұлықпан Айбек – биология ғылымдарының PhD докторы, экология және энтомология бағытындағы әйгілі зерттеуші. 76 жаңа құмырсқа түрін анықтаған ғалым бүгінде Моңғолия ұлттық университетінде оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

✍️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды:

1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;

2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;

3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі;

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

🟦Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті. Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.

– Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді қазақстандықтардың жанына жақын құндылықтарды әрі сонымен үндес өзбек халқының рухын айшықтайды. Орденнің атауы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын дәлме-дәл сипаттайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бауырлас халықтардың игілігі үшін өркендетеміз. Бірлескен қажыр-қайраттың арқасында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын ұдайы жаңа мазмұнмен байыта береміз деп сенемін. Ұлы Абай мен Науаи достықтың озық үлгісін дәріптеп, өзара сенім халықтардың татулығын нығайтатынын, бір-біріне құрмет оны шыңдай түсетінін насихат етті. Осы өсиетке сүйеніп, біз Өзбекстанмен бауырластық одақты нығайтуға баса мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🇰🇿⚜️ Отандас ғалымдар форумы аясында кванттық технология, жаңа энергетика және агрохимия саласында еңбек етіп жүрген халықаралық деңгейдегі мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі.

🎓 Қызырбек Сәуленұр – Финляндиядағы Ювяскюля университетінің физика және химия профессоры, Synthetic Quantum Materials Group зерттеу тобының жетекшісі.

🎓 Гүлмира Ғани – Бейжіңдегі Солтүстік Қытай электр қуаты университетінің профессоры, жаңа энергетика және күн технологиялары саласының жетекші маманы. Ғалым жұқа қабатты күн батареялары мен функционалды материалдарды зерттеу арқылы халықаралық деңгейде танылған.

🎓 Шаяхметов Марат Рахимбердіұлы – биология ғылымдарының кандидаты, Омбы мемлекеттік аграрлық университетінің доценті. Ол қашықтан зондтау, ГИС-технологиялар және топырақ құнарлылығын бағалау саласында зерттеулер жүргізіп, ауыл шаруашылығында дәлме-дәл егіншілік пен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жобаларын басқарады.

📅 Форум жаңалықтарын ресми сайттан бақылап отырыңыз!

@otandastar
❤3👍3