«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Назарбаев университеті президенті Ахмет Вакардың «Отандас ғалымдар форумында» сөйлеген сөзі

Толығырақ: oq.gov.kz

Speech by the President of Nazarbayev University at the Opening of the Forum of Otandas Scholars

For more: oq.gov.kz

@otandastar
👍2💘1
Форумның ресми ашылу салтанаты

Форумның ресми ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров, Назарбаев Университетінің президенті Ахмад Вакар және академик Асқар Жұмаділдаев сөз сөйледі.

Айбек Смадияров:
«Ғылым – елдің экономикалық өсімінің және инновациялық дамуының басты тірегі. Мемлекет шетелдегі отандас ғалымдардың тәжірибесін елге тартудың маңызын атап өткен болатын. Министрлік бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді», – деп атап өтті.


Данияр Қадыров:
«Қазақстан білім экономикасына қадам басқан қазіргі кезеңде шетелдегі жаратылыстану және инженерия салаларында жетістікке жеткен қазақ ғалымдарының әлеуеті – елдің стратегиялық капиталы. Форум – осы әлеуетті ел игілігіне бағыттаудың нақты қадамы», – деді Қоғам президенті.


Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
🔥4👍1🤩1
Отандас ғалымдар форумында «Ұлы Дала» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері өтті

Отандас ғалымдар форумы аясында «Ұлы Дала» жобасы бойынша жарық көрген жаңа кітаптардың салтанатты тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шараны «Отандастар қорының» президенті Данияр Қадыров ашып, авторларды жаңа еңбектерінің жарық көруімен құттықтап, форум қонақтарына жылы лебізін білдірді.

Тұсаукесер барысында «Абай және Орта Азия әдебиеті» кітабының авторы, ақсақал жазушы Қалдыбек Сейданов пен «Құрылыс – ұжымдық іс» еңбегінің авторы, жас зерттеуші Серікбол Съезханұлы сөз сөйлеп, «Ұлы Дала» сериясының маңызын, шетелдегі қазақ қаламгерлерін қолдаудағы рөлін атап өтті.

«Ұлы дала кітаптары» халықаралық байқау форматында өтеді. Биыл шетелдегі 9 қазақ ақын-жазушылардың еңбегі жеңімпаз атанып, кітаптары жарық көрді. Соңғы үш жылда 30-ға жуық қандас автордың еңбектері басылып, қазақ оқырмандарына жол тартты.

@otandastar
❤6👍1🤩1