❤2👍1🤩1
«Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыровтың «Отандас ғалымдар форумы» туралы халықаралық және отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты
Youtube
@otandastar
Youtube
@otandastar
YouTube
«Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыровтың БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты
Enjoy the videos and music you love, upload original content, and share it all with friends, family, and the world on YouTube.
❤2
Отандастар қоры қандас жастарды қолдауды жалғастыруда
«Отандастар қоры» қандас жастарды қолдау бағытындағы жұмысын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Ғалымдар форумы қарсаңында Қазақстанда білім алып жатқан қандас студенттер арасында «OQ StartUp» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға барлығы 48 стартап-жоба өтінім берді. Алғашқы іріктеу кезеңінен үздік 10 жоба таңдалып, финалға жолдама алды. Финалдық кезеңде қатысушылар білікті мамандардан құралған қазылар алқасының алдында жобаларын таныстырып, питчинг жасап, сұрақ-жауап форматында кәсіби бағалаудан өтті.
Нәтижесінде:
• Мақсұт Нәрікбаев университетінің 4-курс студенті Нұрлан Құрышбековтің «City Cold Control» жобасы
• Назарбаев университетінің студенті Бексұлтан Алмабектің «UideMed» жобасы жеңімпаз деп танылды.
Жеңімпаздарға марапат 2025 жылғы 21 қарашада Назарбаев университетінде өткен «Отандас ғалымдар форумында» табысталды. «Отандастар қоры» президенті екі үздік жобаның авторына соңғы үлгідегі MacBook сыйға тартты.

❤4
Сонымен қатар жыл бойы белсенділігімен ерекше көзге түскен, Еуразия ұлттық университетінің студенті, «Атамекен» қандас жастар ұйымының жетекшісі Алтынай Тілекберген «Үздік қандас студент» деп танылды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
@otandastar
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
@otandastar
❤1
Әйгілі академик, ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек ері Асқар Жұмаділдаев «Отандас ғалымдар форумы» туралы ойымен бөлісті
Youtube
@otandastar
Youtube
@otandastar
YouTube
Академик Асқар Жұмаділдаев «Отандас ғалымдар форумы» туралы
Әйгілі академик, ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек ері Асқар Жұмаділдаев «Отандас ғалымдар форумы» туралы ойымен бөлісті.
❤1
THE ASTANA TIMES: Otandastar Forum Brings Home Kazakh Talent to Advance Science and Technology
The Otandastar Scholars Forum took place at Nazarbayev University in Astana on Nov. 21, bringing together Kazakh scientists who have built careers abroad to share expertise that could support the country’s scientific and technological goals.
Organized by the Otandastar (compatriots) Foundation, the event gathered more than 40 scholars from overseas and nearly 100 researchers and experts from Kazakhstan.
For more: astanatimes.com

🔥1
Белгілі ғалым Тұрсанжан Тоқай шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстанда еңбек етуге шақырды
Астанада өткен «Отандас ғалымдар форумында» Назарбаев Университетінің профессоры, белгілі ғалым Тұрсанжан Тоқай шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ ғалымдарына арнап үндеу жасады. Ол еліміздегі ғылымын дамыту үшін білікті мамандардың қажеттігін атап өтті.
Өз сөзінде ғалым Қазақстанда ғылыми инфрақұрылымның нығайып келе жатқанын, Назарбаев Университеті мен елдегі басқа зерттеу орталықтарының халықаралық деңгейдегі зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін үш басты шартты қамтамасыз етіп отырғанын айтты: заманауи инфрақұрылым, бәсекелі қаржыландыру және дамыған академиялық орта.

«Қазақстанға сіздер ауадай қажетсіздер! Біздің студенттерге жол көрсететін ұстаздар керек. Біздің зертханаларға тәжірибелі қолдар мен жасампаз ойлар қажет. Қазақ болашағы елімізде әлемдік деңгейдегі ғылым жасай алатын ғалымдарға байланысты» деп үндеу жасады.
@otandastar
🔥2
Казахстанская правда: Сотрудничеству быть!
Научный форум, организованный НАО "Фонд Отандастар" и собравший ученых – наших соотечественников, которые трудятся за рубежом, прошел в Назарбаев Университете, передает Kazpravda.kz
Как сообщил президент фонда Данияр Кадиров, в нем приняли участие более 40 ученых из 12 стран и сто казахстанских исследователей.
– В нынешнем году форум собрал на одной площадке ученых-соотечественников, которые добились успехов в сфере науки и инноваций за рубежом. Главная цель встречи – привлечь их опыт к научно-инновационному развитию страны, укрепить отношения с коллегами и представить интеллектуальный потенциал Казахстана на международном уровне, – отметил Данияр Кадиров.
Подробнее: Казахстанская правда

🔥3
Egemen Qazaqstan: Шетелдегі қазақ ғалымдары - интеллектуалдық өрістің жаңа көзі
Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.
Өзі алыста жүрсе де, жүрегі қазақ деп соққан сол қандастардың тарихи отанына деген сезімі ерекше. Кеше Назарбаев университетінде «Отандас ғалымдар форумы» өтті. Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткен іс-шараға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Қатар, Франция, Өзбекстан, Моңғолия сияқты елдерден келген 40-тан астам ғалым қатысып, баяндама жасады. Жаңа идеялар мен көзқарастарды талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиынға елімізден 100-ден астам ғалым-зерттеуші қатысты.
Толығырақ: Egemen Qazaqstan

🔥4
Aıqyn: Отандас ғалымдардың озық бастамалары
Назарбаев университетінде «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастырған «Отандас ғалымдар форумы» өтті.
Форумға Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Айбек Смадияров, Парламент Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров, Назарбаев Университетінің президенті Ахмад Вакар және бір топ ғалымдар қатысты. Жиын басында Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы Айбек Смадияров форумның маңызына тоқталып, оның түрлі елде еңбек етіп жүрген қазақстандық ғалымдарды және еліміздегі ғылыми қауымдастықты тоғыстыратын алаң екенін атап өтті.
Толығырақ: aikyn.kz

Kazinform: Тарихи отанымызға көмектесуге дайынбыз. Шетелдегі қазақ ғалымдары Астанада бас қосты
Форум аясында 40-қа жуық ғылыми баяндама жасалды. Медицина, аэроғарыш, жасанды интеллект және тағы бірнеше бағыттың мамандары өз жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді.
Бұдан бөлек, форумға Германиядан нейробиология және неврология саласының білікті ғалымы Тұрсынжан Тоқайұлы, Индонезиядан - Халықаралық мектептер кеңесші Құрмет Кәукен, Финляндиядан - Ювяскюля университетінің физика және химия профессоры Қызырбек Сәуленұр, Оңтүстік Кореядан - медицина және биокосметика саласының маманы Еркеш Хамит, Моңғолиядан - Мал шаруашылығы және биотехнология мектебінің кеңесші профессоры Тоқтарбай Сайполда келді.
Толығырақ: kazinform.kz

❤3