«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Моңғолияда қазақ тілінде сабақ жүргізетін 112 педагог «Өрлеу» орталығының сертификатын алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары аясында гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде сабақ беретін 112 педагогке арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Бір аптаға созылған оқу бағдарламасы пән мен тілді кіріктіре оқыту (CLIL) тәсілін, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды қамтыды.

Біліктілікті арттыру курсынан өткен Моңғолия педагогтеріне «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының сертификаты табысталды.

Дереккөз: orleu-edu.kz

@otandastar
❤8👍2
Threads платформасын іске қосуға атсалысқан қазақ инженері

Нұрпейіс Баймұқан - Түркістан облысының тумасы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі. Ол 2022 жылдан бастап Meta компаниясына қарасты Instagram-да қызмет етті.

2023 жылдың басында Нұрпейіске компания ішінде Threads жобасына екі аптаға волонтер ретінде қатысу ұсынылады. Қысқа уақыт ішінде ол қосымшаның толық хабарландыру жүйесін әзірлеу міндетін өз мойнына алып, дайындап шығады.

Университетті тәмамдағанына 1 жыл ғана болғанына қарамастан, оның еңбегі жоғары бағаланып, Нұрпейіс Threads жобасы командасының тұрақты мүшесіне айналды.

Ол Назарбаев университетінің түлегі, кейін New York Abu Dhabi университетінде Computer Science мамандығы бойынша білім алған. Meta компаниясына келгенге дейін Нұрпейіс Jagged стартапының тең құрылтайшысы әрі бас директоры болды, BTS Digital және DAPI компанияларында еңбек етті.

Дереккөз: qazaqstan.tv

@otandastar
❤3👍1👏1
Халықаралық “Otandastar Cup” баскетбол турниріне қатысуға шақырамыз!

📅 Уақыты: 2026 жылғы 31 қаңтар(сенбі)
📍 Өтетін орны: Астана, Тәуелсіздік, 30
🏀 Форматы: 5x5

Турнир туралы:
ЕҰУ Jastar.mn ұйымы және ПБК “Астана” клубының қолдауымен IV мәрте ұйымдастырылып жатқан Халықаралық “Otandastar Cup” баскетбол турниріне Қазақстан университеттерінде оқитын, жасы 18 - 25 аралығындағы қандастар қатыса алады.

Жүлделер:
🏆 Жеңімпаз командалар мен Үздік ойыншы ұйымдастырушылар ұсынатын ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тіркелу:
✅ 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін
✅ Егер сізде команда болмаса, бізбен байланысыңыз – команда құруға көмектесеміз!
✅ Қатысу құны - 25000 теңге (бір топ)!

📞 Тіркелу және қосымша ақпарат үшін:
Телефон: +7 707 203 24 03

@otandastar
🔥2
«Otandastar Cup» баскетбол турнирі: «Астана» ПБК клубының өкілдерімен кездесу өтті

«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері 31 қаңтар күні қандас студенттер арасында өтетін IV Халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында «Астана» ПБК клубының өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында турнирді өткізу форматы, жарыс кестесі, командалардың қатысу тәртібі, төрешілер құрамы, техникалық қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру, ақпараттық қолдау көрсету, көрермендермен жұмыс істеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Тараптар «Otandastar Cup» турнирінің қандас студенттер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастар арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосатын үлесін атап өтіп, іс-шараны бірлесіп жоғары деңгейде өткізуге дайын екендіктерін білдірді.

@otandastar
👍4
Ресейдегі қазақ ауылында 100 жасқа толған кейуанаға құрмет көрсетілді

Қаңтар айында Ресейдегі Байбек ауылында ерекше әрі қуанышты оқиға орын алды - ауылдың қадірлі тұрғыны, ғасыр жасаған кейуана Кухалова Фатима Науанқызы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Осы айтулы күнге орай кейуананы жеке құттықтап, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстау үшін «Жолдастық» ұйымы Краснояр бөлімшесінің төрағасы Рахмет Башбаев пен төраға орынбасары Айнура Хусаинова арнайы барып, құрмет көрсетті.

Фатима Науанқызы бұрынғы Гурьев облысының Новобогат ауылында дүниеге келген. 1931 жылы отбасы Камызяк ауданына қарасты Жаңауыл ауылына қоныс аударған. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол балық аулау артельінде еңбек етіп, тылда аянбай жұмыс атқарған. 1947 жылы Фатима әже Казбек Дүйсенұлына тұрмысқа шыққан. Ол Краснояр ауданындағы «Родина» колхозының алғашқы төрағасы болған. Ерлі-зайыптылар 66 жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп, 5 бала тәрбиелеп өсірді.

@otandastar
❤5🔥2
Д_Кадыров_Казахстанская_правда,_15_01_2025.pdf
604.1 KB
Республиканская газета «Казахстанская правда»: Субсидии, компенсации, образование, трудоустройство

«Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров «Казахстанская правда» республикалық газетіне Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

Толығырақ газеттің PDF нұсқасында және сайтта оқи аласыз.

@otandastar
👍4
KAZINFORM: Биыл Павлодар өңірі мыңға жуық қандасты қабылдайды

Кейінгі 9 жылда Павлодар облысына 5726 қандас көшіп келген. Олардың барлығына тиісті төлемдер мен көмек түрлері көрсетілген.

Ертіс бойындағы елді мекендерге биыл 977 қандас көшіп келуі керек.

Атап өтерлігі, ішкі көші-қон бағдарламасы бойынша 2025 жылы өңірге 1422 адам көшіп келген. Олар Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларына, сондай-ақ Железин, Ертіс, Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарына орналастырылған.

— Ішкі көші-қон аясында келгендердің ішінен жұмысқа қабілетті 632 адам бар, оның ішінде 176 адам жұмыспен қамтылды (5 адам жеке кәсіп ашты, 23 адам мемлекеттік грант алды). Жұмысқа қабілетті 545 қандасымыздың 113-і жұмыс орындарына тұрса, 11 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Өзгелерін жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар қолға алынған, - деп мәлімдеді Самал Қадырова.

Толығырақ: Қазақпарат

@otandastar
❤2👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысына 3 мыңдай қандас көшіп келген

Қостанай облысында соңғы сегіз жылда 3 мыңға жуық қандас атажұртына оралды. Олардың арасында ағайын-туысты жиып, әулет болып қоныс аударып келгендер де бар. Бүгінде түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуы мен ілгерілеуіне өз үлестерін қосып келеді. Толығырақ Qazaqstan ұлттық арнасының өңірдегі тілшісі Мәдина Нағашыбайдың репортажында.

Дереккөз: Qazaqstan

@otandastar
❤4👏1
«Steppe Rider» ойынымен қазақ тілін үйрен

Steppe Rider – раннер мен викторина элементтеріүйлесімі арқылы қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйренуге арналған жоба. Ойыншы қар барысымен бірге саяхат жасап, тапсырмаларды орындайды, әріптер мен сөздерді жинайды, жаңа тақырыптар мен деңгейлерді ашады.

Ойынның ерекшеліктері:
🏃 Сөз құрастыру тапсырмалары бар динамикалық раннер.
🧠 Аударма және тыңдалымға арналған викториналар.
🏅 Қиындық деңгейлері: жеңіл, орташа және күрделі.
🐆 Барсик – сіздің көмекшіңіз әрі ынталандырушыңыз.
🏆 Жетістіктер жүйесі, рейтингтер және ойын ішіндегі валюта – асықтар.
🌍 Тақырыптық модульдер: отбасы, табиғат, жануарлар, тағам және тағы басқа.

Google Play, App Store
платформаларында қолжетімді

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

@otandastar
❤2👍1
Енді Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

Сенат депутаттары Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz

Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, еңбек өтілін есепке алу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау мен жүзеге асыру тәртібін нақтылайтын құқықтық тетіктерді қалыптастыруды көздейді.

Бұған дейін келісімнің маңызды жаңалығы ретінде Моңғолиядан келген қандастардың зейнетақы қорындағы жинағын Қазақстанға аудару мүмкіндігі қарастырылғаны айтылған.

Қазір Қазақстанда Моңғолияның 6 755 азаматы тұрақты тұрады, оның 6 236-сы – қандастар. 2025 жылы 979адам тұрақты тұруға рұқсат алған. Сондай-ақ ҚР азаматтығын Моңғолияның 752 азаматы алған, олардың 744-і – қандастар.

Дереккөз: aqshamnews.kz

@otandastar
🔥3❤1
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында білім көрмесін ұйымдастыруға қатысты дайындық жұмыстары талқыланды

Бүгін AiTiM Group компаниясының басшысы Айнұр Ерікқызымен жоспарлы жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде оның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Испания Корольдігінің Хаен университетінде өткен халықаралық конференцияны және Геральдика академиясымен рәмізтану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырудағы тәжірибесі атап өтілді.

Кездесудің негізгі мақсаты - 2026 жылдың 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында өтетін «Білім көрмесін» ұйымдастыруға қатысты дайындық жұмыстарын талқылау болды. Көрменің тұжырымдамасы, форматы, қатысушылар құрамы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Аталған көрме жастарға кәсіби бағдар беруге және отандық әрі шетелдік білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған. Кездесу қорытындысында іс-шараны жоғары деңгейде өткізу бойынша негізгі бағыттар айқындалды.

@otandastar
❤4
Өзбекстанда қазақ тілінде шығатын «Нұрлы жол» республикалық газетінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Отыз бес жыл – бұл бір басылым үшін үлкен еңбек жолы, жауапкершілік пен табандылықтың айқын көрінісі. 1991 жылдан бері «Нұрлы жол» газеті Өзбекстандағы қазақ қауымдастығының рухани өмірінде ерекше орын алып, ана тілімізді, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұрамызды сақтауға және дамытуға зор үлес қосып келеді.

Басылым беттерінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелермен қатар әдебиет пен мәдениетке кеңінен орын берілуі – ұлт руханиятына деген шынайы жанашырлықтың белгісі. Газет ұжымының еңбегі арқылы шетелдегі қандастарымыз ел жаңалығынан қол үзбей, қазақ тілінде сапалы ақпарат алып отыр.

Осы мерейлі мерекеде сіздерге шығармашылық шабыт, зор денсаулық, ұжымға береке-бірлік пен жаңа табыстар тілеймін. «Нұрлы жол» газеті оқырманымен бірге жасай берсін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта берсін!

@otandastar
❤5🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Qazaqstan» ұлттық арнасы: «Нұрлы Жол» газетінің шыға бастағанына 35 жыл

Өзбекстанда қазақ тілінде шығатын «Нұрлы жол» газеті бар. Басылымның жарық көре бастағанына 35 жыл толып отыр. Көрші елдегі қандастарымыз үшін үзбей ақпарат тарататын газет Өзбекстан Олий мәжілісі мен үкіметінің қолдауымен шығады. Сонау 1991 жыл есіктен енген тұста «Достық туы» деген атаумен жарық көрген газеттің алғашқы сандары Шымкенттегі баспаханада басылған. Араға біршама уақыт салып «Нұрлы жол» деп өзгерген басылым елдің қазақтар қоныстанған барлық ауыл-аймағына тарайды.

Толығырақ видеорепортажда.

@otandastar
👍2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qazaqstan ұлттық арнасы: Ресейде қазақ мәдени орталықтары көбейіп келеді

Президенттің былтыр қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапары аясында Мәскеуде қазақ ақпараттық-мәдени орталығы ашылады деп айтылған еді. Осы орайда Ресей астанасында және өңірлерде қазақ мәдени орталықтарының саны артты. Жалпы ұлтымыздың салтын дәріптеп, мәдениетін насихаттап жүрген ұйымдардың саны 50- ге жуықтаған. Қазақ тілін үйренемін деушілер де көбейіп келеді.

Мәскеу қаласындағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясы домбыра сыныптарын ашты. Жастар да, ересектер де ұлттық аспапта ойнауды мақсат етеді. Шетте жүрсе де, қазақтың бай мәдениетін насихаттау парыз. Сондықтан өз қаражатымызға домбыра сыныбын аштық, дейді жергілікті қазақтар.

Рахат Арыстанбаев, Мәскеудегі Қазақ ұлттық мәдени автономиясының президенті:
– Астанадан «Отандастар» қорынан домбыралар келіп жатыр. Өздеріміз де осы жерден шешіп жатырмыз. Барлық проблемалалар шешіліп жатыр. Алдағы уақытта тек балалар емес, өзіміз де, үлкендер үйренсек деген мақсат бар.


@otandastar
👍6❤2🥰1
2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 164,8 мың этникалық қазақ оралды.

Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1% – Қытайдан, 4% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан, 2,5% – Ресейден және 1,9% – басқа елдерден.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қоныстандыру өңірлерінде 2 309 қандас қоныс аударды, бұл 2025 жылға бекітілген квотаға сәйкес келеді. Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-дан 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

2025 жылы 1 834 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 428 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

@otandastar
❤3
«Otandastar Cup» баскетбол турнирін ұйымдастыру мәселелері пысықталды

«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері 31 қаңтар күні қандас студенттер арасында өтетін IV халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирін жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында Eуразия ұлттық университетінің Jastar.mn ұйымы өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында турнирдің жалпы ұйымдастыру мәселелері, жарыс кестесі және іс-шараны өткізуге қатысты негізгі бағыттар талқыланып, алдағы қадамдар нақтыланды. Тараптар спорт арқылы қандас жастардың ынтымақтастығын арттыруға және халықаралық деңгейдегі достық байланысты нығайтуға бағытталған бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

IV халықаралық «Otandastar Cup» – бірлік пен серіктестікті дәріптейтін, жастарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды спорттық алаң болмақ.

@otandastar
👍4
«Крем ғана емес, ғылым»: Қартаюға қарсы antiage косметиканы зерттейтін қазақ қызы

El.kz ақпараттық порталында “Отандас ғалымдар форумының” спикері Еркеш Хамитқызының (Оңтүстік Корея) кең көлемді сұхбаты шықты.

Моңғолияның Баян-Өлгейінен шыққан жас ғалым Еркеш Хамитқызы бүгін Оңтүстік Кореядағы Сунгкюнкван университетінде молекулалық иммунология бағытында зерттеу жүргізіп жүр. Бұл сұхбатта ол косметикалық өнімдердің қалай ғылыми тұрғыда бағаланатынын, табиғи мен синтетикалық ингредиенттердің айырмасын, әрі сұлулық индустриясының болашағы қай бағытқа бет алғанын қарапайым тілмен, бірақ терең мазмұнмен түсіндіреді.

Толығырақ: el.kz

@otandastar
❤4👏1
Microsoft-ты мойындатқан қазақ: жас физик әлемдегі ең дәл лазерлік қондырғыны қалай жасады

Жеңісбек Тағай – кванттық физиканы індете зерттеп жүрген қазақтың жас ғалымы. Көкшетау мектебінен басталған ғылымға деген қызығушылығы оны әлемнің ең озық зертханаларынан бір-ақ шығарды.

Өз күшімен АҚШ-тың Джонс Хопкинс университіне түсіп, ғылым докторы(PhD) дәрежеcін алып шыққан Жеңісбек бүгінде сол білім ордасында жұмыс істейді. Ол жасаған лазерлік қондырғы дәлдігі жөнінен озық деп танылып, Microsoft өкілдерінің назарына іліккен. Осылайша қазақ ғалымы ойлап тапқан технология жаңа типті Majorana 1 кванттық чипін әзірлеу барысында қолданыс тапты.

3 жыл бұрын солтүстік Америкада қазақ PhD-лардың басын қосатын KAPNA (Kazakh Association of PhDs in North America) қауымдастығын құрғанбыз. Мен сол қауымдастықтың негізін қалаушылардың бірімін. Қазір 200 шақты мүшеміз бар. Біздің PhD-лардың кәсіби дамуы және networking үшін виртуалды семинарлар, лекциялар өткіземіз.


Дереккөз: masa.media

@otandastar
🔥4
IV халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирі өтті

2026 жылғы 31 қаңтарда «Отандастар қоры» КЕАҚ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Jastar.mn» студенттік ұйымының бастамасымен, сондай-ақ «Астана» кәсіби баскетбол клубының қолдауымен IV халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирі өтті.

Дәстүрлі спорттық додаға қандас студенттерден құралған 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
– І орын – Nomad командасы
– ІІ орын – Бөкентау командасы
– ІІІ орын – ХОВД командасы

Төртінші рет ұйымдастырылған бұл турнир спорт арқылы Қазақстанда білім алып жатқан қандас жастардың бірлігін нығайтып, достық байланыстарды арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. «Otandastar Cup» алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі жастарды біріктіретін дәстүрлі спорттық жоба ретінде жалғасын таба бермек.

@otandastar
❤2