Forwarded from Генконсульство РК в Казани (~Makhambet)
🔸Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1151482?lang=kk
🔹В Казани обсудили развитие казахской национально-культурной автономии и планы на 2026 год
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1151482?lang=ru

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qazsport телеарнасында дәстүрлі “Otandastar Cup IV” баскетбол турнирі туралы арнайы сюжет шықты.
"Отандастар қоры" маманы Есхан Рустемов дәстүрлі жарыс жайлы пікір білдірді.
Дереккөз: qazsport.kz
@otandastar

❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Qazaqstan ұлттық арнасы: Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары
Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары. Мәскеу мен өңірлерде ұлттық үйірмелер ашылып, бай мәдениетімізді насихаттап жүрген ұлттық би топтарының саны ұлғайды. Сонымен қатар, ұлттық киімге де қызығушылық жоғары. Сондықтан қазақ мәдениет ұйымдары түрлі деңгейдегі шараларды жиі ұйымдастырып жүр.
Мәскеу облысы мен қалада барлығы 100 мыңға жуық қандас тұрады. Олар барлық ұлттық мерекені атап өтіп, салт-дәстүрді берік ұстанады. Жырақта жүрсе де, тарихи Отанымен байланысты үзген емес.
Толығырақ: qazaqstan.tv

👍3❤1
Өзбекстанның Теріқұдық ауылында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
Өзбекстан Республикасы Кенимех ауданына қарасты Теріқұдық ауылында орналасқан №14 қазақ мектебінде қазақтың біртуар ақыны, «ақиық ақын» атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жыр болып соққан жүрек» атты мерекелік әдеби кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен әдебиетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Біліміңді сынап көр» атты сұрақ-жауап байқауы өткізілді. Сонымен қатар оқушылар Мұқағали жырларын мәнерлеп оқу сайысында бақ сынап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқауларға белсене қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

❤2
🇹🇷 ТҮРКИЯ СТИПЕНДИЯЛАРЫ – 2026
«Türkiye Bursları – 2026» бағдарламасы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы мен “Отандастар қоры” КеАҚ
ұлты қазақ шетел азаматтарына 5 грант ұсынады!
🎓 Оқу деңгейлері:
Бакалавр / Магистратура / PhD
👥 Кімдер өтініш бере алады?
– Ұлты қазақ, шетел азаматтары
📝 Қалай өтініш беруге болады?
1️⃣ www.turkiyeburslari.gov.tr сайтына кіріп, жеке профиль ашып, онлайн өтініш толтырыңыз.
2️⃣ Өтінішті аяқтаған соң, өтініштің PDF нұсқасын және паспорт көшірмесін oqbilim@gmail.com поштасына 2026 жылдың 18 ақпанына дейін жіберіңіз.
ℹ️ Толық ақпарат:
🌐 www.turkiyeburslari.gov.tr
📅 Соңғы мерзім: 18.02.2026

❤3🔥2
⚜️Отандастар қорының онлайн домбыра үйірмесіне тіркелу ашылды!
✅«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.
🔰Үйірме ерекшеліктері:
— Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
— Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
— Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
— Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
⚠️ Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.
📅 Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.
❗️Орын саны шектеулі. Қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет.
Толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген номерлерге Whats App арқылы хабарласыңыз:
+7 700 671 90 33 (Марал)
+7 705 664 72 11 (Жандос)

❤7👍2
This media is not supported in your browser

❤1
Прагадағы қазақ жастары Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзия кешін өткізді
Прага қаласында тұратын қазақ жастары қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ақын шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Әдеби кеш ақынның туған күні қарсаңында, 7 ақпан күні Чехиядағы қазақ диаспорасының заңды өкілі - Qazaq Nomad ұйымының жетекшісі Дарина Жұмағұл мен Прагадағы қазақ тілі мұғалімі Шынар Манапқызының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның Прага орталығындағы Ескі қала алаңында орналасқан, Чехия королі ІV Карл дүниеге келген тарихи ғимаратта өтуі кештің мән-маңызын арттырып, ерекше рухани атмосфера сыйлады.
Поэзия кешіне Чехияда білім алып жүрген студенттер мен түрлі салада еңбек етіп жүрген қазақ жастары қатысты. IT, экономика, бизнес бағытында оқып, жұмыс істеп жүрген жастардың сахнадағы өнері кәсіби театр әртістерінен кем түспей, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылардың жалынды жыры мен шынайы эмоциясы залдағы қауымды ерекше әсерге бөледі.
Кештің екі тілде өтуіне қолдау көрсетіп, чех тілінде жүргізуші болған чехиялық азамат Штепан Паздеркаға ұйымдастырушылар алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлескен мәдени жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Іс-шараға елуге жуық адам жиналды. Қонақтар қатарында отандастарымызбен бірге қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан чех азаматтары, қазақстандықтармен отбасын құрған жандар және танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де болды. Бір сағатқа жоспарланған бағдарлама көрерменнің зор қызығушылығын тудырып, кеш соңында қатысушылар ұзақ уақыт тарқамай, өз әсерлерімен бөлісті.
Қазақ тілін білмейтін көрермендер де ақын өлеңдерінің терең мағынасын дауыс ырғағы мен қатысушылардың актерлік шеберлігі арқылы сезінуге тырысты. Ұйымдастырушылар бұл мәдени бастама алдағы уақытта Прагада өз жалғасын табады деген сенім білдірді.

❤4👍1
«Отандастар қоры» КЕАҚ Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ жанындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған оқу-әдістемелік құралдар, қолдау көрсетуге бағытталған жобалар, инклюзивті білім беру мен мәдени-ағартушылық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы кітапханалармен байланыс орнату, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстар жүргізу арқылы шетелдегі қазақ диаспорасымен рухани-мәдени байланысты нығайту мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастырып, арнайы кітапханамен жүйелі түрде бірлескен жұмыстар атқару жөнінде келісімге келді.

❤3