⚜️Отандастар қорының онлайн домбыра үйірмесіне тіркелу ашылды!
✅«Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.
🔰Үйірме ерекшеліктері:
— Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
— Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
— Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
— Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
⚠️ Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.
📅 Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.
❗️Орын саны шектеулі. Қатысу үшін сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет.
Толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген номерлерге Whats App арқылы хабарласыңыз:
+7 700 671 90 33 (Марал)
+7 705 664 72 11 (Жандос)
@otandastar

❤7👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM

❤1
Прагадағы қазақ жастары Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэзия кешін өткізді
Прага қаласында тұратын қазақ жастары қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ақын шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Әдеби кеш ақынның туған күні қарсаңында, 7 ақпан күні Чехиядағы қазақ диаспорасының заңды өкілі - Qazaq Nomad ұйымының жетекшісі Дарина Жұмағұл мен Прагадағы қазақ тілі мұғалімі Шынар Манапқызының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның Прага орталығындағы Ескі қала алаңында орналасқан, Чехия королі ІV Карл дүниеге келген тарихи ғимаратта өтуі кештің мән-маңызын арттырып, ерекше рухани атмосфера сыйлады.
Поэзия кешіне Чехияда білім алып жүрген студенттер мен түрлі салада еңбек етіп жүрген қазақ жастары қатысты. IT, экономика, бизнес бағытында оқып, жұмыс істеп жүрген жастардың сахнадағы өнері кәсіби театр әртістерінен кем түспей, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылардың жалынды жыры мен шынайы эмоциясы залдағы қауымды ерекше әсерге бөледі.
Кештің екі тілде өтуіне қолдау көрсетіп, чех тілінде жүргізуші болған чехиялық азамат Штепан Паздеркаға ұйымдастырушылар алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлескен мәдени жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Іс-шараға елуге жуық адам жиналды. Қонақтар қатарында отандастарымызбен бірге қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан чех азаматтары, қазақстандықтармен отбасын құрған жандар және танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де болды. Бір сағатқа жоспарланған бағдарлама көрерменнің зор қызығушылығын тудырып, кеш соңында қатысушылар ұзақ уақыт тарқамай, өз әсерлерімен бөлісті.
Қазақ тілін білмейтін көрермендер де ақын өлеңдерінің терең мағынасын дауыс ырғағы мен қатысушылардың актерлік шеберлігі арқылы сезінуге тырысты. Ұйымдастырушылар бұл мәдени бастама алдағы уақытта Прагада өз жалғасын табады деген сенім білдірді.

❤4👍1
«Отандастар қоры» КЕАҚ Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ жанындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған оқу-әдістемелік құралдар, қолдау көрсетуге бағытталған жобалар, инклюзивті білім беру мен мәдени-ағартушылық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы кітапханалармен байланыс орнату, тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстар жүргізу арқылы шетелдегі қазақ диаспорасымен рухани-мәдени байланысты нығайту мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастырып, арнайы кітапханамен жүйелі түрде бірлескен жұмыстар атқару жөнінде келісімге келді.

❤3