«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Үшқұдық қаласындағы №9 жалпы білім беретін мектепте 5 «Б» сыныбында «Ақпанда туған алыптар» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді.

Аталған ашық сабақтың мақсаты – оқушыларға тақырыптық құнды мәліметтерді саналы әрі берік меңгерту, шығармашылық белсенділігін арттыру, тапқырлығы мен қызығушылығын дамыту, сондай-ақ олардың дүниетанымын кеңейту болды.

Сайыс сабақ барысында оқушылар ақпан айында дүниеге келген ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына тереңірек тоқталды. Атап айтқанда, өзбек халқының бас шайыры Әлішер Науаи мен Захириддин Мұхаммед Бабыр, қазақ халқының ғасыр жасаған ақыны Жамбыл Жабаев және қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаев шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Оқушылар төрт топқа бөлініп, «Білесің бе?», «Тұлғаны таны», «Суретті жұмбақ» және «Еркін тақырып» кезеңдері бойынша білім сайысына түсті. Нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған «Науаи» тобы жеңімпаз атанды.

Шара барысында мектеп директоры Х. Серікбаева мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Р. Арыстановалар сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейіне оң бағасын беріп, өз алғыстарын білдірді. Сабаққа қатысқан ата-аналар да оқушыларға ізгі тілектерін арнады. Барлық қатысушылар мектеп әкімшілігінің арнайы дипломдарымен марапатталды.

Игі бастамалар жалғасын таба бермек.

Ахметов Қайрат Пердебекұлы
Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Үшқұдық қаласындағы №9 мектептің ұстазы

@otandastar
🔥2
Бельгияда Мұқағали Мақатаевтің мерейтойы мен шығармашылығына арнап әдеби іс-шара өтті

Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға бельгиялық өнерсүйер қауым өкілдері мен Брюссель қаласында тұратын қазақстандықтар қатысып, ақын шығармашылығына тағзым етті. Кеш аясында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері қазақ, француз, ағылшын және нидерланд тілдерінде оқылып, ақын поэзиясы халықаралық аудиторияға кеңінен таныстырылды.

Атап айтқанда, бельгиялық Венди Мразек ақынның «Махаббат диалогы» атты туындысын қазақ тілінде орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Әдеби кеш қазақ руханиятын шетелде насихаттауға және ұлттық мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.

@otandastar
🇰🇿 Қазақ тілін бірге үйренейік!

Құрметті қандастар!
«Отандастар» қоры 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курс бастайды!

Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, ол сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге, тамырыңызды тануға мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді арттырып, қазақ тілін еркін меңгеруге жол ашады.

📌 Курсқа қатысу талаптары:
• Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар немесе шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болу;
• Жас шектеуі жоқ;
• Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылық;
• Онлайн сабақтарға тұрақты қатысу;
• Интернетке қосылған компьютер немесе смартфонның болуы.

Қазақ тілін бірге үйреніп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік!

@otandastar
👍4
📚 Қазақстандық білім күндері – 2026

2026 жылғы 25–26 наурыз күндері «Отандастар қоры» КеАҚ-ның қолдауымен, «AiTim Group» компаниясының ұйымдастыруымен және Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қатысуымен «Қазақстандық білім күндері» атты екі күндік іс-шара өткізілетінін хабарлаймыз.

Іс-шара шетелдегі қандас жастарға Қазақстандағы жоғары білім мүмкіндіктерін таныстыруға, оқу бағдарламалары мен қабылдау шарттары туралы ақпарат беруге арналған.

📞 Қосымша ақпарат:
8 708 923 41 64
8 778 596 66 14

🌟 Қатысыңыз, білім әлемін таныңыз!

@otandastar
❤3
«Отандастар қоры» КеАҚ пен Халықаралық көші-қон ұйымы Астана қаласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясының басшысы, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан бойынша үйлестіру функциялары бар кеңсенің басшысы Серхан Актопрак қол қойды.

Толығырақ: Otandastar Qory

The Otandastar Foundation and the International Organization for Migration signed a Memorandum of Understanding in Astana.

The Memorandum was signed by Daniyar Kadyrov, President of the Otandastar Foundation, and Serhan Aktoprak, IOM Chief of Mission in Kazakhstan and Head of the Office with Coordinating Functions for Kyrgyzstan, Tajikistan, Turkmenistan, and Uzbekistan.

Read More: Otandastar Qory

@otandastar
👍3🔥2
📢 2026 жылдан бастап өңірлердегі фронт-кеңсе сарапшылары жұмысын қайта бастады

Фронт-кеңсе сарапшылары шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген отандастардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Қазіргі таңда мамандар келесі өңірлерде жұмыс атқаруда:
🔹 Алматы қаласы
🔹 Ақмола облысы
🔹 Алматы облысы
🔹 Шымкент қаласы
🔹 Түркістан облысы
🔹 Шығыс Қазақстан облысы

Сарапшылар отандастарға сапалы кеңес беріп, қажетті ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетеді, сондай-ақ туындаған мәселелердің жедел әрі тиімді шешілуіне ықпал етеді.

📌 Қосымша ақпарат алу үшін тиісті өңірдегі фронт-кеңсе мамандарына хабарласуыңызға болады.

@otandastar
❤2👍1