«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🔸Наурыз мерекесі Қазанда аталып өтті
Толығырақ:  https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1183589?lang=kk       

🔹В Казани отметили праздник Наурыз
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1183589?lang=ru             
❤4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл – ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деген сөз.

Осыдан екі жыл бұрын елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бастау алды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе, жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе, Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды.

Ұлыстың ұлы күні Жер Ана да, еліміз де жаңарып жатқан осы тарихи сәтте айтылған тілектің мән-мағынасы айрықша деп ойлаймын.

Сондықтан ең бастысы елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін.

Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын!

Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін!

Туымыз биікте желбіресін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Еліміздің төрт құбыласы түгел болсын!»

t.me/aqorda_resmi
❤1
«ҚазАқпарат» агенттігі Қытайда Наурыз мерекесі қалай тойланатыны туралы мақала жариялады

KAZINFORM – Қазақ халқының ежелгі мүшелдік есебі бойынша күн мен түн теңелген қасиетті әз Наурыз - ескі жыл шығып, жаңа жыл кіретін айтулы, басты мереке. Ежелгі түсінік бойынша бұл күні қара жердің тоңы жібіп, жер бетінде жаңа тіршілік басталады. Наурыз мерекесін халқымыз «Ұлыстың ұлы күні», «Гүл наурыз», «Көктем тойы» деп те атаған. Шығыстың біраз халықтарына ортақ ұлы мерекені Қытайда тұратын қандастарымыз да салтанатты түрде атап өтеді.

Ескіше есеп бойынша бірдің айы туысымен Қытайдың қазақтар жиі қоныстанған Іле, Буратал және Санжы облыстары мен Құмыл аймағында Наурыз тойына дайындық басталады. Көктем тойының басты нышаны – жеті дәмнен (мысалы, «Қазақ мәдениетінің айдыны» нұсқасы бойынша бидай, тары, қамыр, ет, тұз, сүт, су) дайындалған көже. Наурыздың құрметіне арналған басты мәзір Қытайдағы қазақтар арасында Наурыз көже, Тілеу көже, Көп көже, Бидай көже деп әртүрлі аталады.

Толығырақ

@otandastar
❤1
«ҚазАқпарат» агенттігі Германиядағы қандастарымыздың Наурызды қалай тойлайтыны туралы мақала жариялады

Германиядағы қазақ диаспорасы үшін Наурыз мерекесі — бас қосып, береке-бірлікті нығайтатын ерекше күндердің бірі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Кёльн қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Маржан Пишкинель айтып берді.

Мерекені өткізу туралы шешімді орталықтың төралқа мүшелері бірлесіп қабылдайды. Дайындық барысында мерекеге арналған зал жалданып, шақыру қағаздары дайындалады, сондай-ақ Германиядағы қазақ консулдықтары мен елшілік өкілдеріне шақыру жіберіледі.

Маржан Пишкинельдің айтуынша, Кёльн қаласында 1982 жылы құрылған «Кёльн қазақ мәдени орталығы» бүгінде ресми түрде жұмыс істеп келеді. Қоғамның шамамен 80 мүшесі бар. 

Жалпы қалада 150-200-ден астам қазақ отбасы тұрады. Германиядағы қазақтардың басым бөлігі кезінде Түркиядан жұмыс бабымен қоныс аударған азаматтар мен олардың ұрпақтары.

Толығырақ

@otandastar
❤2
«ҚазАқпарат» агенттігі Моңғолиядағы қазақтардың Наурызды қалай тойлайтыны туралы мақала жариялады

KAZINFORM. Наурыз мерекесін Қазақстандағы қазақтар ғана емес, шетелдегі қандастар да ерекше ықыласпен атап өтеді. Соның бірі – Моңғолия жеріндегі қазақ қауымы. Басым көпшілігі – елдің қиыр батысындағы Баян-Өлгий аймағында қоныстанған. Байырғы салт-дәстүрді сақтап қалған қандастар Наурызды кең көлемде тойлайды.

Баян-Өлгий аймағы – Моңғолиядағы қазақтардың ең көп шоғырланған өңірі. Бұл аймақта Наурыз мерекесі жыл сайын ерекше сән-салтанатпен өтеді. Қандастар үшін бұл мейрам – табиғаттың жаңаруы ғана емес, халықтың бірлігі мен ұлттық рухын нығайтатын маңызды мәдени шара.

Толығырақ

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өзбекстандағы қандастарымыз Наурыз мерекесін қалай атап өтуде?

Еуразия ұлттық университетінің студенті Жансая Сламованың Науаи облысы, Зарафшан қаласындағы қандастарымыз туралы видеосюжетін назарыңызға ұсынамыз.

Youtube

@otandastar
❤7🔥3
22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні!
Ғасырлар қойнауынан жеткен әз-Наурыз – халқымыздың рухани жаңғыруының, ырыс пен ынтымақтың айрықша белгісі.

Көктемнің келуімен бірге жер дүниеге жан бітіп, тіршілік түлейді. Осы ұлық мереке әр шаңыраққа береке, әр жүрекке шаттық сыйласын. Ел іргесі берік, бірлік пен татулық тұғыры биік болсын.

Әрбір жаңа күн жақсылыққа бастасын, ақ ниет пен адал еңбектің жемісі молайсын. Жолдарыңыз ашық, мақсаттарыңыз айқын, келешектеріңіз кемел болғай. Қуаныш пен шаттық ортаймасын, ырыс-дәулет еселене берсін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

@otandastar
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы МД театрында «Қазақстандық білім күндерін» ұйымдастырады.

Іс-шараға Қазақстанның 10-нан астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысып, талапкерлер мен жастарға елімізде білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат береді. Кездесу барысында оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары, білім гранттары мен студенттік өмір жайлы маңызды мәліметтер ұсынылады.

Жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, дұрыс таңдау жасауына бағыт беретін мазмұнды кездесу болмақ. Қатысуға асығыңыздар!

@otandastar
23 наурыз – Тазару күні

Наурызнама онкүндігінің қорытындысы саналатын бұл күн – жаңару мен тазалықтың мәнін терең ұғындыратын маңызды кезең. Рухани әрі тұрмыстық тазалықты қатар ұстануға үндейтін сәт. Өткенге өкпе артпай, жүректі жеңілдетіп, жаңа бастамаларға нық қадам жасауға мүмкіндік береді.

Тазару күні әрбір жан айналасын ретке келтіріп, үйін тазалап, табиғатты аялауға үлес қоса алады. Аула-қоршаған ортаны жинастыру, ағаш отырғызу, артық дүниеден арылу, көңілдегі кірбіңді кешіріммен жуып-шаю – осы күннің басты мәні. Жақындарға жылы сөз арнап, ізгі амал жасау да игі дәстүрдің біріне айналған.

Ақ ниет пен адал пейіл үстемдік құрған осындай сәтте баршаңызға амандық, жүректеріңізге тыныштық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз. Әр күніңіз жаңаруға, әр қадамыңыз жақсылыққа бастасын. Тазару күні әрқайсымызға рухани жеңілдік пен жаңа үміт сыйласын!

@otandastar
«Моңғолия жастарымен кездесу– 2026» іс-шарасына қатысуға баршаңызды шақырамыз!

📅 26 наурыз 2026 жыл, сағат 09:00-11:00
📍 Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы, Өлгий қаласы, Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы (Төрийн Үйлчилгээний Нэгдсэн төв)

✨ Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша ақпарат беріледі:
— Қазақстандағы білім алу мүмкіндіктері және гранттық бағдарламалар
— Тағылымдамалар, академиялық ұтқырлық және кәсіби даму жолдары
— Қандастарға көрсетілетін мемлекеттік және әлеуметтік қолдау шаралары
— Құжаттарды рәсімдеу туралы ақпараттандыру
— Қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік қолдау және оқу материалдары
— Қазақ тілді медиа және ақпараттық кеңістіктің дамуы
— Мәдени және білім беру жобаларына қатысу мүмкіндіктері

🤝 Ашық форматтағы кездесу, сұрақ-жауап және пікір алмасу алаңы!

Баршаңызды күтеміз! 🇰🇿✨

@otandastar
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Қазақстандық университеттердің білім көрмесі БАЯН-ӨЛГИЙ қаласында

⏰25-26 наурыз / 10:00
📍Құрманхан атындағы Музыкалық драма театры

Баршаңызды күтеміз!

@otandastar
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳 Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары қатысқан ауқымды білім көрмесі өз жұмысын бастады

Шараның салтанатты ашылуына аймақ әкімі Заңғар Есентайұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, бұл бастаманың болашақ үшін маңызын атап өтті.

📅 Көрме 25–26 наурыз күндері өтеді
📍 Өтетін орны: Баян-Өлгий қаласы, Музыкалық драма театры

Бұл – тек көрме емес, бұл:
🔹 Қазақстанда тегін білім алу мүмкіндігі;
🔹 Гранттар мен оқу бағдарламалары туралы нақты ақпарат;
🔹 Университет өкілдерімен тікелей байланыс;
🔹 Болашағыңа бағыт беретін шешім.

🚀 Егер сен де шетелде сапалы білім алуды армандасаң – бұл мүмкіндікті жіберіп алма!

👉 Кел, көр, сұра, таңда!
Сенің болашағың – бүгінгі шешіміңде !

@otandastar
❤2
2025 жылы «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала» халықаралық жобасы аясында шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінің 9 еңбегі баспадан шығарылады.

2025 жылы жобаға барлығы 25 шығарма ұсынылып, комиссия шешімімен әдеби және ғылыми тұрғыда маңызы жоғары 9 еңбек таңдалды. Бұл еңбектер шетелдегі қазақтардың әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танытып, ұлттық рухани бірлікті нығайтуға жол ашады.

«Ұлы дала» жобасы – шетелдегі қандас қаламгерлердің шығармашылығын ел ішінде насихаттап, тарихи-мәдени сабақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды бастама.

@otandastar
👍3❤1