«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
«Медиа дамыту қоры» КҚ және Euronews Академиясы «Медиа технологиялар» тақырыбында тегін екі күндік курсқа қатысуға өтінім қабылдайды.

Бұл курс продюсерлерге, медиа-менеджерлерге және медиа саласының мамандарына заманауи медиа құралдар мен технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық тәжірибемен танысуға бағытталған.

🎓 Сонымен қатар, Қазақстанда журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан қандас студенттер де курсқа қатыса алады.

⏳ Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 19 наурыз – 6 сәуір
🌎 Өтінімді mdq.kz сайты арқылы беруге болады

📩 Қосымша ақпарат: academy.kaz@euronews.com
📞 Байланыс нөмірі: +7 777 001 21 07

Медиа саласында өз дағдыларыңызды жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз!

@otandastar
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы 22 наурыз күні Лондон қаласында Ұлыбританиядағы Қазақ Мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше салтанатпен аталып өтті.

Іс-шара барысында қазақ халқының бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылып, ұлттық күйлер күмбірлеп, халық әндері шырқалып, ұлттық билер көрермендерге ұсынылды. Өнерпаздардың шебер орындауы мерекенің сәнін келтіріп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында қазақ күресі, қол күресі, арқан тартыс сияқты дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылардың ептілігі мен күш-жігері көпшілік назарына ұсынылды. Бұл сайыстар ұлттық рухты нығайтып, жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

@otandastar
👍1
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Қазақ радиосының ұжымы Астана қаласына ресми сапармен келді.

Сапардың алғашқы күні делегация елорданың бірқатар маңызды мәдени нысандарын аралады. Атап айтқанда, қонақтар ҚР Ұлттық музейі мен Бәйтерек монументі кешенінде болып, ел тарихы мен мәдени мұрасымен танысты.

Экскурсия барысында делегация мүшелері Қазақстанның тарихи дамуы, ұлттық құндылықтары мен заманауи жетістіктері туралы жан-жақты мәлімет алды.

@otandastar
❤3
«Отандастар қоры» өкілдері Баян-Өлгий аймағының Білім басқармасы басшымен кездесті
🔗Толығырақ: oq.gov.kz

Otandastar Qory Representatives Meet with the Head of the Education Department of Bayan-Ulgii Province
🔗Read More: oq.gov.kz

Представители «Фонда Отандастар» встретились с руководителем Управления образования аймака Баян-Улгий
🔗Подробнее: oq.gov.kz

@otandastar
🔥4👍2
QAZAQSTAN.TV: Баян-Өлгий аймағында «Отандастар қорының» өкілдері белсенді жастармен кездесті

«Qazaqstan» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында Моңғолияда өткізілген шаралар туралы сюжет шықты.

https://www.youtube.com/watch?v=QSFBPIKHRlU

@otandastar
❤1
ҚР Үндістандағы Елшілігінде Қоғам қызметкері Лашын Жанарбек Үндістанда тұратын отандастар мен білім алып жатқан қазақстандық студенттер, дипломаттар және өзара ынтымақтастық орнатқысы келетін үндістандық ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында қазақ тілін оқыту, жастарға арналған жобалар, тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ Үндістанда қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру көрмелерін өткізу мәселелері талқыланды.

Кездесу өзара ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталды.

@otandastar
❤1🔥1
Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы 60 жылдық тарихы бар Қазақ радиосының өкілдері биыл 105 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған, қара шаңырақ саналатын Қазақстанның Қазақ радиосына арнайы сапармен келді.

Кездесу барысында екі тарап өзара тәжірибе алмасып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен жобалар мен медиа саласындағы жаңа бастамаларды талқылады. Сондай-ақ, қонақтарға радио ұжымының тыныс-тіршілігі таныстырылып, еркін форматтағы мазмұнды әңгімелесу өтті.

Іс-шара аясында делегацияға ұлттық дәстүрімізді дәріптей отырып, Наурыз көже мен қазақы дәмдер ұсынылды. Бұл тағылымды кездесу бауырлас радиолар арасындағы байланысты нығайтып, Қазақ радиосының жаңа белеске көтерілуіне серпін береді деген сенім мол.

Сапар барысында делегация мүшелері республикалық Turkistan және Aiqyn газеттерінің редакцияларына да арнайы барып, әріптестік байланыстарды дамыту бағытында пікір алмасты.

Аталған шаралар “Отандастар қоры” КеАҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

@otandastar
👍4
⚜️2026 жылға арналған «Ұлы Дала» халықаралық байқауына еңбектерді қабылдау ашық деп жариялаймыз⚜️

Байқаудың мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтар арасында қазақ тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ олардың тарихы мен өмір жолына қатысты көркем-әдеби және ғылыми еңбектерді қолдау.

🔹 Байқауға шетелдегі этникалық қазақтар, ақын-жазушылар, ғалымдар, журналистер және мәдениет, өнер қайраткерлері қатыса алады.
🔹 Қабылданатын жұмыстар: тарих, әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым салаларына қатысты шығармалар.

📅 Өтінімдер 2026 жылғы 1 маусымға дейін қабылданады.
📩 Email: otandastar2025@gmail.com

📍 Мекенжай: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 33, «Астаналық» БО, 11 қабат

📚 Жеңімпаздардың еңбектері кітап болып жарық көріп, еліміздің кітапханалары мен ғылыми орталықтарына таратылады.

@otandastar
❤1