«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Баян-Өлгейде «Қазақстандық білім күндері» өтті: 10-нан астам университет өз бағдарламаларын ұсынды

Толығырақ сайттан оқыңыз: oq.gov.kz

"Kazakhstani Education Days" Held in Bayan-Ulgii: Over 10 Universities Showcase Academic Programs

Read More: oq.gov.kz

В Баян-Улгии прошли «Дни казахстанского образования»: свои программы представили более 10 вузов

Подробнее читайте на сайте: oq.gov.kz

@otandastar
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қандас түлектер білім көрмесі туралы пікірлерімен бөлісті.

Пікір білдірушілер қатарында Отандастар қорының жазғы лагеріне қатысқан балалар да бар.

@otandastar
❤2
Ферғана төріндегі достық диалогы: «Отандастар қоры» өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қатысты

2026 жылғы 29-31 наурыз аралығында Өзбекстанның Ферғана қаласында өткен Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері өкілдерінің Достық форумына «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының делегациясы қатысты.

Қазақстан тарапынан форум жұмысына «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам және жобалар координаторы Қ. Қобландин қатысып, өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды бастамаларға қолдау білдірді. Өзбекстан Республикасы Шетелдегі отандастар және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі комитеті ұйымдастырған бұл шара 2025 жылы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары арасында қол жеткізілген тату көршілік пен халықтық дипломатияны дамыту жөніндегі келісімнің бір жылдығына арналды.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның мемлекеттік органдары мен беделді ұйымдарының ресми өкілдері, сондай-ақ ұлттық мәдени орталықтар мен шығармашылық қауым қайраткерлерінен құралған 100-ден астам делегат жиналды. Форумның бағдарламасы аясында қатысушылар Ферғана қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан үш мемлекеттің шекарасы түйісетін нүктедегі Достық стелласына барып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Сондай-ақ қонақтар Ферғанадағы Достық үйінің жұмысымен танысып, этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Форумның негізгі бөлігі 31 наурызда Ферғана мемлекеттік университетінде өткен «Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері достығының жаңа кезеңі» атты халықаралық конференциямен жалғасты. Жиынды Комитет төрағасы Қ. Сариев ашып, өңірлік интеграцияның маңыздылығына тоқталды. Конференция барысында «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жүрқадам құттықтау сөз сөйлеп, бауырлас елдер арасындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтерудің өзектілігін атап өтті. Шара аясында достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан бірқатар тұлғаларға Өзбекстан тарапының «Халиқлар дустлиғы» құрмет белгілері табысталды.

Форум аясында Қазақстан делегациясы Комитет төрағасы Қ. Сариевпен жеке екіжақты кездесу өткізіп, алдағы бірлескен жобаларды талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапы Өзбекстандағы қазақ мектептерінің түлектеріне арналған «Білім көрмесін» өткізу туралы бастама көтерді. Өзбек тарапы бұл ұсынысты толық қолдап, оны жүзеге асыру үшін тиісті министрліктермен үйлестіру жұмыстарын бастауды ұсынды. Сонымен қатар, екіжақты байланыстарды нығайту мақсатында жаңа ынтымақтастық меморандумдарына қол қою мәселелері қарастырылды. Соның ішінде «Отандастар қоры» мен Тәжікстан Республикасының Достық және мәдени байланыстар қоғамы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Қатысушылардың ортақ пікірінше, бұл алғашқы Достық форумы мемлекеттер арасындағы сенім мен тату көршілікті нығайтуда тарихи маңызға ие болды. Шара соңында форумды жыл сайын кезектесіп өткізу туралы шешім қабылданып, келесі жиынды Тәжікстан Республикасында ұйымдастыру мүмкіндігі мақұлданды. Форум жұмысы өңірлік және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, халықтық дипломатияның тиімді құралы ретінде жоғары бағаланды.

@otandastar
❤1
«Жезбұйдалы жылдар» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өтеді

Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында, ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Талапбек Тынысбекұлының «Жезбұйдалы жылдар» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді.

Шығармашылық кеште көрнекті қаламгерлердің қатысыуымен, автордың «Бұланай», «Кербұлан» атты кітаптарының тұсауы кесіліп, танымал театр артистері ақын өлеңдерін оқиды.

Сондай-ақ, Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарин, Ерлан Ырысқали,Құрманбек пен Риза, Айнұр Қажимолдақызы, Ғаини Жұмашева, Қажымұрат Шешенқұлұлы, Ахметжан Рабжанұлы, Өзгеріс Шерікбайұлы, Асқар Мұқятұлы, Қайнар Қатбай, Жанат Нұрсұлтанұлы, Еңлік Байзақ қатарлы елімізге белгілі өнерпаздар, автордың сөзіне жазылған әндерін орындайды.

Құрметті өнер сүйер ағайын, жалынды жыр, асқақ әннен қуат алып, рухани нәр алып қайтыңыздар! Кеш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында, 2026 жылдың 18 сәуірінде, сағат 18:00 де басталады.

Мекен-жайымыз Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1.
Билеттер үшін байланыс нөмері: 8700 366 77 97

@otandastar
❤2
IV Бүкілресейлік «БІЗ» этникалық бейнемазмұн байқауына өтінімдер қабылданады

Өтінім беру мерзімі – 2026 жылғы 1 тамызға дейін.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Қазіргі заманғы өнер федерациясы» өңіраралық қоғамдық ұйымы және «Ноль Плюс» онлайн-кинотеатры. Іс-шара Президенттік мәдени бастамалар қорының қолдауымен өткізіледі.

Жоба Ресей халықтарының бірлігі жылы аясында жүзеге асырылып, ұлттық дәстүрлер мен діндерге құрметті насихаттауға, мәдени әртүрлілікті танытуға бағытталған. Байқауға Ресейдің әртүрлі өңірлерінен, сондай-ақ ТМД, БРИКС және ШЫҰ елдерінен қатысуға болады.

Қатысу шарттары
• Қатысуға Ресей азаматтары, Ресейде тұратын шетелдіктер, шетелдегі отандастар және ТМД, БРИКС, ШЫҰ елдерінің өкілдері шақырылады.
• Бір автор немесе шығармашылық ұжым әр номинация бойынша екі бейнежұмыстан артық ұсына алмайды.

Жұмыстар тақырыптары
• «Ұлтаралық келісім» – түрлі мәдениеттердің бірлігін бейнелейтін видеожобалар;
• «Ұлттық бірегейлік» – халықтың дәстүрі, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған жұмыстар.

Өтінім беру тәртібі
Қатысушылар электронды өтінім нысанын толтырып, бейнежұмысқа сілтеме тіркейді. Файлдар RuTube, Яндекс.Диск, Google Drive, Mail.ru Облако және басқа сервистерде орналастырылуы тиіс.

Байқау номинациялары
• Ойын немесе көркем бейнеролик
• Анимациялық ролик
• Бейнерепортаж
• Бейнеклип
• Деректі фильм

Жұмыстар санаттары
• Әуесқой түсірілім
• Кәсіби түсірілім

Марапаттар
• Қазылар алқасы әр номинация мен санат бойынша I, II, III дәрежелі лауреаттарды анықтайды.
• Жеңімпаздар «БІЗ» фирмалық мүсіншелерімен және сыйлықтармен марапатталады. Қазылар алқасы арнайы сыйлықтар мен дипломдар тағайындауға құқылы.
• Онлайн көрермендер дауыс беруі бойынша «Көрермендер көзайымы» анықталады.
• Барлық қатысушыларға қатысушы дипломдары беріледі.

✉️e-mail: wekonkurs@yandex.ru
📞телефон: +7 (993) 540-93-56
❤1
Құрметті үміткерлер 🎓

Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға құжаттарды қабылдау басталды 📚🇰🇿

Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін) мына сілтеме арқылы тапсыра алады:
🔗 https://studyin.kz/admission

Гранттар саны:
🎓 Бакалавриат – 490
📖 Магистратура – 50
🔬 PhD докторантура – 10

Стипендиялық бағдарламаның операторы – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 🤝

Толық оқу кезеңіне арналған стипендиялық бағдарламаларға қатысуға өтінім қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде толтырылады

@otandastar
🔥3❤1
Үндістан және Непал елдерімен білім және жастар саласындағы ынтымақтастық нығая түсті

Бүгін ҚР СІМ қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ-ның білім және жастар бағыты бойынша маманы Лашын Жанарбек Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Үндістан және Непал елдеріндегі мәдени-гуманитарлық ұйымдардың өкілдерімен маңызды кездесуге қатысты.

Аталған кездесу шетелдегі отандастармен байланысты нығайту, білім беру және жастар саясаты бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру көрмелерін шетелде өткізу, қазақстандық білім беру мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, сондай-ақ шетелдік талапкерлерді тарту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, жастарға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу бағдарламаларын дамыту, тағылымдамалар ұйымдастыру және халықаралық деңгейде жастардың кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалар қарастырылды. Тараптар білім беру, мәдени-гуманитарлық және жастар салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі жүйелі түрде дамытуға өзара қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және тұрақты байланыс орнату жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Укрепление сотрудничества с Индией и Непалом в сфере образования и молодежной политики.

Strengthening Cooperation with India and Nepal in Education and Youth Affairs.

@otandastar
👍2
12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні

Атаулы күн ғылым жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалымдар мен зерттеушілерге көрсетілер зор құрметтің белгісі.

Ғылым – өркениеттің өзегі, ел дамуының басты тірегі. Адамзат игілігі үшін тың жаңалықтар ашып, білім көкжиегін кеңейтіп жүрген ғылым қызметкерлерінің еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Кәсібилік пен ізденімпаздық, ғылымға деген адалдық – жарқын болашақтың берік негізі.

Мереке қарсаңында барша ғылым қызметкерлеріне зор денсаулық, толайым табыс, шығармашылық шабыт және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.

Ғылымы дамыған елдің келешегі кемел 🇰🇿

@otandastar
❤1👏1