«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Германиядағы ең ауқымды Наурызды ұйымдастырған Сұлтан

Германияға қоныс аударған немістердің той-томалақтары қазақ әні мен биінсіз өтпейтінін желіден жиі байқап жүрміз. Сонымен қатар бізден көшіп кеткен немістердің Қазақстанға, қазақ халқына алғыс айтқан сәті таспаланған видеоларды да көптеп көреміз. Олар Наурыз мейрамын да жыл сайын жоғары деңгейде атап өтеді. 21 наурызда Германияның Лоне қаласында тұратын бұрынғы отандастарымыз Наурызды ерекше атап өткенін көпшілік айтып жүр. Осы ретте шараны ұйымдастырушылардың бірі, желіде Германиядағы немістер мен қазақтардың тұрмысы жайлы контент түсіріп жүрген Сұлтан Жұмағұловпен Turkystan.kz тілшісі сұхбаттасқан еді.

@otandastar
❤4
🔸Қазанда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

Толығырақ:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1202680?lang=kk                                                                                                                                   


 🔹В Казани открылась выставка казахстанского художника 

Подробнее:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1202680?lang=ru   
👍1
Дала дипломатиясы: Қазақстан - Моңғолия серіктестігі жаңа кезеңге қадам басты

20-23 сәуірде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Соңғы екі жылда жаңа серпін алған қазақ-моңғол қатынастары бұл жолы мазмұндық тұрғыдан тереңдей түспек. Осы үрдістің логикалық жалғасын Kazinform тілшісі саралап көрді.

@otandastar
👏3
Қазақ тілін үйренгісі келетін шетелдік көп – Прагада қазақша үйретіп жүрген Шынар

Жуырда әлеуметтік желіде Прагада қазақ тілі курсы ашылғаны туралы бейнеролик кеңінен таралды. Онда балалармен қатар ересектерге де қазақ тілін үйретіп жүрген Шынар Манапқызы – қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға машықтанған білікті маман. Сабақтарда тек тіл үйрену ғана емес, қазақ мәдениеті де қатар таныстырылады. Осы ретте turkystan.kz тілшісі Прагада аптасына 8 рет сабақ өткізіп жүрген Шынарға хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан еді.

@otandastar