«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
«Отандастар қоры» өкілдері RUN FOR AUTISM қайырымдылық марафонына қатысты

«Отандастар қорының» өкілдері игі іске үлес қосып, RUN FOR AUTISM қайырымдылық марафонына қатысты. Бұл - жай ғана жүгіру емес, қоғамдағы стереотиптерді бұзып, аутизм және РАС (аутистік спектрдегі бұзылулар) мәселесіне көпшіліктің назарын аудартатын маңызды алаң.

Марафонды ұйымдастырушы «Болашақ» корпоративтік қоры 2015 жылдан бері «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Халықаралық ұйымдардың дерегінше, Қазақстанда әрбір 124-ші балада аутизм кездеседі. Осындай балалардың кәдімгі мектептер мен балабақшаларда сапалы білім алуы үшін арнайы инклюзияны қолдау кабинеттері қажет. Бүгінде қордың күшімен еліміздің 26 қаласында 80 кабинет ашылып, 1000-нан астам ерекше бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, заңнамаға инклюзивті білім беру бойынша 120-дан астам түзетулер мен ұсыныстар енгізілді.

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Отандастар қоры» шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілі курстарын 2026 жылы да жалғастыруда

@otandastar
❤1👍1
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл мереке еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен сенімнің маңызын айқындайды. 1996 жылдан бері аталып өтетін бұл күн түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін ортақ құндылықтарға ұйыстырып, қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділікті нығайтуға қызмет етеді.

Осы күні еліміздің барлық өңірінде мәдени іс шаралар, концерттер мен көрмелер ұйымдастырылып, халықтар арасындағы достық пен ынтымақ кеңінен насихатталады.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа береке тілейміз. Елімізде әрдайым татулық пен келісім салтанат құрсын!

@otandastar
❤3
Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан рұқсат-квоталық модельден ынталандырушы модельге өтеді. Реформаның негізгі мақсаты – республиканы инвестициялар мен таланттарды тартатын өңірлік хабқа айналдыру.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге жоғары білікті мамандарды, инвесторларды және таланттарды тартуға бағытталған "Көші-қон саясатын жетілдіру шаралары туралы" жарлыққа қол қойды. Құжат ауқымды цифрлық реформаны көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, көші-қон саясатының тәсілдері жаңа редакцияда баяндалған: Қазақстан рұқсат-квоталық модельден ынталандырушы модельге өтеді. Реформаның негізгі мақсаты – республиканы инвестициялар мен таланттарды тартатын өңірлік хабқа айналдыру. Үкіметке ауқымды өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін толық іске асыру тапсырылды.

Толығырақ: baq.kz

@otandastar
❤1👍1
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуға арналған стипендиялық бағдарламаға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Үміткерлер құжаттарын онлайн режимде 2026 жылғы 30 наурыздан 31 мамырға дейін Астана уақытымен 23:59-ға дейін тапсыра алады.

Гранттар саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10

Толығырақ: oq.gov.kz

Стипендиальная программа для обучения в вузах Казахстана. Дедлайн: 31 май 2026

Scholarship Program for Studying at Universities in Kazakhstan. Deadline: 31 May 2026

@otandastr
👍2❤1
Еуропа қазақтарының кездесуі: Париж – 2026

Құрметті отандастар,

Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі, «Отандастар қоры» КеАҚ және Қазақ-француз-түрік қауымдастығы (AKFT) бірлесіп, 2026 жылғы 22 мамырда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Париж қаласында өткізетін Еуропа қазақтарының басқосуына шақырады.

Іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ресми, мәдени және іскер делегациясының қатысуымен өтеді.

Жиынның мақсаты – Еуропадағы қандастар мен отандастарды бір алаңға біріктіру, өзара байланысты нығайту және ұлттық бірегейлікті дәріптеу.

Басқосуға қатысуыңызды міндетті түрде https://forms.gle/vd5Z4LSCeu69am988 сілтемесі арқылы растауды сұраймыз.

Өтетін орны: Париж қаласы, ҚР Елшілігінің ғимараты (3 rue de Tilsitt, 75008 Paris)
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 22 мамыр, сағат 11:00-15:00.

Сонымен қатар Еуропалық қазақтардың басқосуы аясында:

22 мамырда сағат 9:00-10:00 - Ножан-сюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқайдың жаңартылған бюстінің ашылуы. Мекен-жайы: https://maps.app.goo.gl/nkFNgu58oaiHurZ68?g_st=iw

23 мамырда - Қызылорда облысы филармониясының концерті. Өткізу орны мен уақыты қосымша хабарланады.

@otandastar
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿

Отан қорғаушылар күні – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтардың ерлігі мен жауапкершілігін дәріптейтін маңызды мереке. Туған жерге адал қызмет ету, елдің амандығы мен бірлігін сақтау әрдайым үлкен құрметке ие.

Осы мереке күні мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында еңбек етіп жүрген барша жандарға алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен абырой тілейміз.

Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, жұртымыздың тыныштығы баянды болсын!

@otandastar
❤3
«Қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдары» біліктілікті арттыу курсы өтеді

Абай институты 2026 жылғы 12-14 мамыр аралығында «Қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді. Шетелде және елімізде қазақ тілін насихаттап, тіл үйретіп жүрген мамандарды курсқа қатысуға шақырамыз!

Курсқа қатысу тегін және барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Толық ақпарат және тіркелу:
https://oq.gov.kz/news/1506

Курс повышения квалификации на тему: «Эффективные способы преподавания казахского языка»

The professional development course on the topic “Effective ways to master the Kazakh language”

@otandastar
👍3❤1
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!

Ұлы Жеңіс күні – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын тағылымы терең тарихи мереке. Қан майданда Отан үшін жанын қиған батырлардың қайсарлығы мен тылда еңбек еткен жандардың табандылығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Жеңіс жылдары көрсетілген батырлық, бірлік пен төзім халқымыздың рухани құндылығына айналды. Бейбіт өмір мен тыныштықтың қадірін ұғындыратын мереке әр шаңыраққа амандық, татулық пен береке тілейді.

Ардагерлерге құрмет көрсетіп, ерлік жолын ұмытпау – кейінгі буынның парызы. Ел тыныштығы мен халық бірлігі әрдайым нығая берсін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

@otandastar
❤1
«Кел, балалар, оқылық!» шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған халықаралық онлайн байқау

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

Байқауға 11–15 жас аралығындағы қазақ диаспорасының балалары қатыса алады.

Қатысу үшін үміткерлер Ыбырай Алтынсариннің кез келген шығармасы негізінде мәнерлеп оқу, театрландырылған қойылым немесе шығармашылық импровизация форматында бейнеролик түсіруі қажет.

Бейнежазбамен бірге қатысушылар 2026 жылғы 28 мамырға дейін oqbaiqau@gmail.com электронды пошта келесі ақпаратты жолдауы тиіс: аты-жөні, мемлекеті, байланыс нөмірі, туған күні (жылы, айы, күні) және шетелдік паспорт көшірмесі.

Жеке қатысуға болады немесе топтық форматтағы жұмыстар қабылданады (топ құрамы 2 адамнан аспауы тиіс).

Өлеңдер, музыкалық шығармалар, декорациялар, реквизиттер және театрландыруға арналған кез келген шығармашылық элементтерді қолдануға болады.

Бейнежазба ұзақтығы 1–4 минут аралығында болуы керек.

Қатысушылар бейненің сапалы түсірілуін және дауыстың анық естілуін қамтамасыз етуі қажет.

Үздік жұмыстар Қоғамның әлеуметтік желілерде жарияланады.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Бейнежазбалар 2026 жылғы 28 мамырға дейін қабылданады.

МАРАПАТТАУ

Үздік 15 қатысушы «JAS QAZAQ–2026» жазғы танымдық этно-лагеріне жолдама алады. Жолдама лагерьдегі екі апталық оқу бағдарламасын, тұруды, тамақтануды және түрлі іс-шараларға қатысуды қамтиды. Лагерьге барып-қайту жол ақысы қатысушы есебінен төленеді.

@otandastar
❤2
«КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!» международный творческий онлайн-конкурс среди детей казахской диаспоры


УСЛОВИЯ УЧАСТИЯ
К участию приглашаются дети казахской диаспоры в возрасте 11–15 лет.
Для участия необходимо записать видеоролик с выразительным чтением, театрализованной постановкой или творческой импровизацией по любому произведению Ибрая Алтынсарина.
Вместе с видеозаписью отправьте на электронную почту организаторов oqbaiqau@gmail.com следующую информацию: ФИО, страна/город, контактный номер, дата рождения (день, месяц, год) и копию заграничного паспорта не позднее 28 мая 2026 года.
К участию принимаются индивидуальные и групповые работы (группа не должна превышать 2 человек)
В творческих работах приветствуются декорации, национальный казахский реквизит, а также любые средства для театрализации.
Продолжительность выступления должна составлять 1–4 минуты
Видеозапись и звук должны быть в хорошем качестве.
Лучшие работы будут опубликованы на официальных платформах и в социальных сетях Отандастар.

СРОКИ ПРОВЕДЕНИЯ
Работы принимаются до 28 мая 2026 года

НАГРАЖДЕНИЕ
15 лучших участников получат путевки в этнолагерь «ЖАС ҚАЗАҚ-2026». Путевка покрывает двухнедельное обучение в лагере, проживание, питание и участие в различных мероприятиях. Проезд до лагеря и обратно оплачивается участником самостоятельно.

@otandastar
❤3
«Kel, balalar, oqylyq!» international online contest among kazakh diaspora children abroad

PARTICIPATION REQUIREMENTS:
Children of the Kazakh diaspora aged 11–15 are invited to participate.
To participate, contestants must record a video featuring expressive reading, a theatrical performance, or a creative improvisation based on any work by Ybyrai Altynsarin.
Along with the video recording, participants must send the following information to the organizers’ email address no later than May 28, 2026: full name, country, contact number, date of birth (year, month, day), and a copy of the international passport to: oqbaiqau@gmail.com
Both individual and group formats are accepted (groups must not exceed 2 participants).
Creative works are welcome, including poems, musical performances, decorations, props, and any other theatrical elements.
The performance duration must be 1–4 minutes.
Participants must ensure good video quality and clear voice audio.
The best works will be published on official platforms and social media.

TIMELINE
Applications are accepted until May 28, 2026.

AWARDS
The 15 best participants will receive vouchers to the “JAS QAZAQ–2026” kazakh etho camp. The voucher covers two weeks of camp training, accommodation, meals, and participation in various activities. Travel expenses to and from the camp must be covered by the participant independently.

@otandastar
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Төлеген Жапар & Нұрсұлтан Төлеубай
бір сахнада!

🎤 Арнайы қонақтар:
• Аука
• Мұратбек Хайролда
• Мади Қадыров

📍 Жастар сарайы
🗓 14 мамыр
🕖 19:00

Әуенге толы ерекше кеште жүздескенше!

@otandastar
❤2
Қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай шетелде тұратын қазақ диаспорасы балалары арасында «Спортшылар жарысы» жарияланады

Құжаттар 2026 жылғы 28 мамырға дейін oqbilim@gmail.com эл-поштасында қабылданады.

Үздік 10 қатысушы «JAS QAZAQ–2026» жазғы танымдық этно-лагеріне жолдама алады.

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
❤3
В честь 155-летия легендарного казахского борца Кажымукана Мунайтпасулы объявляется «Спортивный конкурс» среди детей казахской диаспоры, проживающих за рубежом

Документы принимаются до 28 мая 2026 года на электронную почту: oqbilim@gmail.com

Лучшие 10 участников получат путёвку в летний познавательный этно-лагерь «JAS QAZAQ–2026»!

Подробнее: oq.gov.kz

@otandastar
❤2