«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
«JAS STEM QAZAQ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 мамырға дейін

Үздік деп танылған 15 қатысушыға «JAS QAZAQ–2026» ЖАЗҒЫ ЭТНО-ЛАГЕРІНЕ ЖОЛДАМА БЕРІЛЕДІ!

Толығырақ: oq.gov.kz

@otandastar
👍1
«JAS STEM QAZAQ» — МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНКУРС ДЛЯ ОДАРЁННЫХ ДЕТЕЙ

Срок приема документов: до 28 мая 2026 года

15 лучших участников получат ПУТЁВКУ В ЛЕТНИЙ ЭТНО-ЛАГЕРЬ «JAS QAZAQ–2026»!

Подробнее: oq.gov.kz

@otandastar
❤1
“JAS STEM QAZAQ” INTERNATIONAL COMPETITION FOR STUDENTS

Application deadline: until May 28, 2026

The 15 best participants will receive A VOUCHER TO THE “JAS QAZAQ–2026” SUMMER ETHNO-CAMP!

Read more: oq.gov.kz

@otandastar
🙏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті.

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Jas Qazaq 2026» лагеріне ТЕГІН ЖОЛДАМАЛАР жеңіп алыңыз!

Ол үшін «Отандастар қоры» ұйымдастырып жатқан онлайн байқауларға қатысу керек.

🔶«Кел, балалар, оқылық!» халықаралық онлайн байқауы
Үздік 15 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz

🔷«JAS STEM QAZAQ» халықаралыө дарынды оқушылар байқауы
Үздік 15 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz

🔶Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Спортшылар жарысы»
Үздік 10 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz

🔷Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсем Қоңыр» халықаралық онлайн күй байқауы
Үздік 20 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz

Барлық байқауларға қатысудың соңғы күні 28 мамыр екенін есіңізге саламыз!

@otandastar
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты

📍Астана, Тәуелсіздік сарайы

****

Открытие международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура и идентичность»

📍Дворец Независимости, Астана

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Сенаты Әсел Робертстің (ТӨЛЕНОВА Әсел Қалиқызы) Словениядағы Америка елшісі лауазымына кандидатурасын бекітті.

Ол Америка Құрама Штаттары тарихында елші лауазымына бекітілген алғашқы этникалық қазақ қызы болды. Құтты болсын!

— Әсел 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
— Алматы қаласындағы орта мектепте оқыған. Жасөспірім шағында АҚШ-қа көшіп барып, орта мектепті Америкада тәмамдаған.
— 1993 жылы Джорджтаун университетінің Дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түскен.
— 1999 жылдан бастап — АҚШ Президентінің Протокол департаментінде қызметте.
— 2014 жылдан бастап — АҚШ Президентінің Протокол департаменті бастығының орынбасары және директордың міндетін уақытша атқарушы.
— 2021 жылғы 20 қаңтардан 2022 жылғы 3 қаңтарға дейін — АҚШ Мемлекеттік протоколы бастығының міндетін атқарушы. Бұл — америкалық дипломатиялық жүйедегі ең мәртебелі лауазымдардың бірі.
— Соңғы уақытқа дейін — Мемлекеттік департаменттің Протокол шефі басқармасының аға кеңесшісі қызметін атқарды.

@otandastar
❤4
Парижде Еуропа қазақтарының басқосуы өтті

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Еуропа елдерінде тұратын отандастар мен қандастардың басқосуы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақ-француз-түрік қауымдастығының (AKFT Paris) бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін нығайту, тарихи Отанмен байланысты дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Рашида Юксель, Қазақ-француз-түрік қауымдастығының төрағасы Режеп Гюнай және «Tildes KZ» Speaking жобасының жетекшісі Лариса Алдабергенова сөз сөйледі.

Толығырақ:
oq.gov.kz

@otandastar
❤3🤩1