Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Jas Qazaq 2026» лагеріне ТЕГІН ЖОЛДАМАЛАР жеңіп алыңыз!
Ол үшін «Отандастар қоры» ұйымдастырып жатқан онлайн байқауларға қатысу керек.
🔶«Кел, балалар, оқылық!» халықаралық онлайн байқауы
Үздік 15 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz
🔷«JAS STEM QAZAQ» халықаралыө дарынды оқушылар байқауы

🔶Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Спортшылар жарысы»
Үздік 10 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz
🔷Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсем Қоңыр» халықаралық онлайн күй байқауы
Үздік 20 қатысушыға лагерге жолдама беріледі.
Толығырақ: oq.gov.kz
Барлық байқауларға қатысудың соңғы күні 28 мамыр екенін есіңізге саламыз!
@otandastar

«Отандастар қоры» | «Фонд Отандастар»
Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» КЕАҚ
❤2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты
📍 Астана, Тәуелсіздік сарайы
****
Открытие международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура и идентичность»
📍 Дворец Независимости, Астана
🎦 t.me/aqorda_resmi
****
Открытие международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура и идентичность»
🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Сенаты Әсел Робертстің (ТӨЛЕНОВА Әсел Қалиқызы) Словениядағы Америка елшісі лауазымына кандидатурасын бекітті.
Ол Америка Құрама Штаттары тарихында елші лауазымына бекітілген алғашқы этникалық қазақ қызы болды. Құтты болсын!
— Әсел 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
— Алматы қаласындағы орта мектепте оқыған. Жасөспірім шағында АҚШ-қа көшіп барып, орта мектепті Америкада тәмамдаған.
— 1993 жылы Джорджтаун университетінің Дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түскен.
— 1999 жылдан бастап — АҚШ Президентінің Протокол департаментінде қызметте.
— 2014 жылдан бастап — АҚШ Президентінің Протокол департаменті бастығының орынбасары және директордың міндетін уақытша атқарушы.
— 2021 жылғы 20 қаңтардан 2022 жылғы 3 қаңтарға дейін — АҚШ Мемлекеттік протоколы бастығының міндетін атқарушы. Бұл — америкалық дипломатиялық жүйедегі ең мәртебелі лауазымдардың бірі.
— Соңғы уақытқа дейін — Мемлекеттік департаменттің Протокол шефі басқармасының аға кеңесшісі қызметін атқарды.

❤4
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі
Толығырақ: oq.gov.kz
Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на международном симпозиуме «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность»
Подробнее: oq.gov.kz

Парижде Еуропа қазақтарының басқосуы өтті
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Еуропа елдерінде тұратын отандастар мен қандастардың басқосуы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақ-француз-түрік қауымдастығының (AKFT Paris) бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Негізгі мақсаты – шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін нығайту, тарихи Отанмен байланысты дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Рашида Юксель, Қазақ-француз-түрік қауымдастығының төрағасы Режеп Гюнай және «Tildes KZ» Speaking жобасының жетекшісі Лариса Алдабергенова сөз сөйледі.

❤3🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 ASTANA AI FILM FESTIVAL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ AI-ФИЛЬМДЕР БАЙҚАУЫ ƏЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕГІ КРЕАТОРЛАРДАН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАДЫ
🤖 Байқаудың негізгі талабы — фильмнің full AI технологиялары арқылы жасалуы. Яғни, жасанды интеллект қосымша құрал ретінде емес, туындыны жасаудың негізгі инструменті ретінде қолданылуы тиіс.
🔥 Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады.
⤴️ Толығырақ oq.gov.kz сайтының Хабарландырулар бөлімінде.
📹 APPLICATIONS OPEN FOR THE INTERNATIONAL ASTANA AI FILM FESTIVAL COMPETITION FOR CREATORS WORLDWIDE
🤖 A key requirement of the competition is that submitted films must be created using full AI technologies, where artificial intelligence serves as the core production method rather than merely a post-production enhancement tool.
🔥 The festival’s total prize fund amounts to USD 1 million. Submissions will remain open until August 15, 2026.
⤴️ More details in the Announcements section on oq.gov.kz.

🔥2🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.
Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.
Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр.
Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.
Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
t.me/aqorda_resmi

ТОКИОДА АЗИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ: ТАРИХИ ҚАДАМ ЖӘНЕ БІРЛІК ТҰҒЫРЫ
2026 жылғы 28 мамырда Жапонияның астанасы Токио қаласында сырттағы қандастардың басын қосқан ауқымды шара – Азия қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Бұл халықаралық деңгейдегі басқосу Жапония қазақтары қауымдастығының бастамасымен, «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Малайзия, Корея, Моңғолия және Жапониядан 200-ге жуық отандастарымыз қатысты.

❤3👍2🔥1