«Отандастар қорының» қолдауымен Үндістан және Қазақстан арасындағы білім беру серіктестігі талқыланды
Үндістандағы қазақ диаспорасының белсенді өкілі Гокула Датт Қазақстанға жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған бұл шаралар «Отандастар қоры» КеАҚ-ның тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.
Сапар барысында халықаралық білім беру саласындағы серіктестік көкжиегін кеңейту мақсатында Халықаралық бағдарламалар орталығының, Maqsut Narikbayev University және Astana IT University-дің өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті.
Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру әлеуетін Үндістанда таныту және насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Үндістаннан халықаралық студенттерді тарту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жандандыру және қос дипломды білім беру жобаларын жүзеге асыру тетіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.
@otandastar

👍2
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды
Толығырақ: oq.gov.kz
Главой государства подписаны конституционные законы в целях реализации положений Конституции, принятой 15 марта 2026 года
Подробнее: oq.gov.kz

«Қоғамдық лекция» жобасы басталады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ жаңа білім беру және тәжірибе алмасу алаңы «Қоғамдық лекция» жобасын ұсынады.
Жобамыздың алғашқы спикері — белгілі дипломат, тарих ғылымдарының докторы, профессор және «Отандастар қоры» КеАҚ кеңесшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин.
Қалыбек Ибрагимұлы — Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2013-2019 жж.). Ол өзінің Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Моңғолия елдеріндегі көпжылдық мол дипломатиялық қызметінің қыр-сырымен бөліседі.
Лекция барысында:
— Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттағы бірегей тәжірибелер айтылады;
— «Отандастар қорының» шетелдегі қандастарды қолдауға бағытталған ауқымды жобалары мен қызметі таныстырылады;
— Қатысушылар көкейкесті сауалдарына тікелей жауап ала алады.
Күні: 9 маусым
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)
Қатысу үшін тіркеліңіз: +7 775 510 5191 (What's App)

🔥3👍2
«Қоғамдық лекция» жобасының екінші спикерін қарсы алыңыздар
Жобамыз аясында бірегей тәжірибесімен бөлісетін келесі қонағымыз — белгілі отандық дипломат Ержан Серікұлы Мұқаш.
Ержан Серікұлы — халықаралық аренада еліміздің мүддесін абыроймен қорғап жүрген саңлақ мамандардың бірі. Ол қазіргі уақытта Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады және Қазақстанның Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2014-2019 жж.).
Спикеріміз жылдар бойы ҚР Сыртқы істер министрлігінде жауапты лауазымдарды атқарып, Египет, Түркия, Әзербайжан, Ливия, Оман және Иран елдеріндегі Қазақстан елшіліктерінде, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдарда жемісті қызмет еткен.
Лекцияның негізгі тақырыптары:
— Араб және Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі геосаяси жағдай;
— Бұл аймақтардың Қазақстанмен арадағы дипломатиялық, экономикалық байланыстары;
— Халықаралық ұйымдардағы жұмыстың қыр-сыры.
Күні: 9 маусым
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Еуразия ұлттық университеті

👍4❤1🔥1
«Қоғамдық лекция» бастау алды: Спикерлер мінбесінде – белгілі Елшілер
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Университет басшылығының қолдауымен «Отандастар қоры» КЕАҚ студенттер мен білім алушыларға арналған «Қоғамдық лекция» өткізді. Шара екіжақты байланыстарды нығайтуға және болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.
Дәріске Университеттің «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарының студенттері, сондай-ақ қазіргі уақытта «Отандастар қоры» қабырғасында кәсіптік практикадан өтіп жатқан 50-ден астам білім алушы қатысты.
Толығырақ: oq.gov.kz
Launch of the "Public Lecture" Project: Renowned Ambassadors Take the Floor
Read more: oq.gov.kz
Старт проекта «Общественная лекция»: мастер-класс от Послов

❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті достар, онлайн домбыра үйірмесінің бірінші модулінің аяқталғанын қуана хабарлаймыз!
Назарларыңызда, Америка Құрама Штаттарында тұратын отандастардың нәтиже сабақтарынан үзінді👏🏻

This media is not supported in your browser

Назарларыңызға Еуропа мен Азияның әр түкпірінде тұратын отандастарымыздың нәтиже сабақтарынан үзінді ұсынамыз. Домбыра үні шекара талғамай, қазақтың рухани мұрасын әлемге насихаттап келеді. 🇰🇿✨
🇯🇵 Жапония — Рустемова Ақтолқын Молданқызы
🇨🇳 Қытай — Примкулов Елдос
🇨🇳 Қытай — Примкулов Сағи
🇩🇪 Германия — Пишкенель Маржан
🇨🇿 Чехия — Сұраубай Жазира
🇩🇪 Германия — Малабақан Алтын
🇵🇹 Португалия — Jose Manuel Peixoto
Ал соңында Португалияда тұратын португалиялық азамат Jose Manuel Peixoto Қазақстанның ұлттық әнұранын домбырамен орындап берді.

👏5
⚜️ Құрметті отандастар!
📚 2026 жылға арналған «ҰЛЫ ДАЛА» халықаралық кітаптар сериясына өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғанын хабарлаймыз!
📖 Байқауға барлығы 11 еңбек келіп түсті.
1. Зұрғанбайұлы Рысбек - Саяси нәубет: Моңғолия қазақтары, Моңғолия
2. Рәміш Асай - Өмірімде кезіккен абзал жандар, Моңғолия
3. Жазитхан Әуелхан - Құт мекенім – Қосағаш, Ресей
4. Султанов Турсын Икрамович - Центральная Евразия в средние века. Вехи истории и наследие культуры, Ресей
5. Ибрагимов Құлназар - Күзгі гүлдер, Өзбекстан
6. Ибрагимов Құлназар - Таң самалы, Өзбекстан
7. Жанболатов Сұлтан - Таластағы жанталас, Қытай
8. Нарынбетова Гүлдана Төреханқызы - Қызылқұмдағы қазақтардың келбеті, Өзбекстан
9. Ағыпар Бәкей - Микроэкономика (оқулық), Моңғолия
10. Насырұлы Самат - Қазақ-ағылшын, Ағылшын-қазақ сөздіктері, Моңғолия
11. Cәрсенов Төребай - Тұлғалар жайлы толғау, Өзбекстан
📝 Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында 11 өтінім Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының сараптамасына жолданды.
👏🏻 Өз шығармаларын жолдап, жобаға қызығушылық танытқан барлық авторларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

❤4👍3