«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🔸Татарстанда Ұлттық домбыра күні атап өтілді
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1253746?lang=kk


🔹Национальный день домбры отметили в Татарстане
Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazan/press/news/details/1253746?lang=ru
👍3
Еуропадағы алғашқы «Жібек жолы» фестивалі

2026 жылғы 25-27 желтоқсан күндері Нидерландыда алғаш рет Silk Road Fest халықаралық фестивалі өтеді.

Фестиваль Жібек жолы елдері мен Түркі әлемінің мәдениетін, өнерін, туризмін, ұлттық тағамдарын, қолөнерін және бизнес әлеуетін бір алаңда тоғыстырады. Бағдарлама аясында ұлттық павильондар, мәдени қойылымдар, гастрономиялық аймақтар, көрмелер, балаларға арналған іс-шаралар және іскерлік кездесулер ұйымдастырылады.

📍 Нидерланды
🗓 25-26-27 желтоқсан 2026 жыл

📞 Барлық сұрақтар бойынша:
Камшат: +31 6 51702146

🔗 Толық ақпарат:
https://silkroadfest.nl/kk-kz/

@otandastar
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🇲🇳 Шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күніне орай Моңғолияның Ұланбатыр қаласындағы «Дарын Домбыра» мектебінен жолданған құттықтауды назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақтың төл өнерін ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңіріп жүрген жетекшісі Жанаргүл Сайлауханқызына және өнерлі шәкірттеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Ұлттық рухты асқақтатуға қосқан еңбектеріңізге алғыс айтамыз!

@otandastar
❤2
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

«Отандастар қоры» КеАҚ кеңсесінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің Имидждік жұмыс комитетінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес комитет мүшелері шетелдегі отандастарды мәдени-гуманитарлық және ақпараттық қолдау бағытында «Отандастар қоры» КеАҚ жүзеге асырып жатқан қызметтің негізгі нәтижелері мен алдағы басым жобаларын қарастырды.

Activities of NJSC Otandastar Qory Reviewed at the Meeting of the Public Council under the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan

Деятельность НАО «Фонд Отандастар» рассмотрена на заседании Общественного совета при МИД РК

@otandastar
❤2
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
​​🔹 ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

🔸 Деятельность НАО «Фонд Отандастар» рассмотрена на заседании Общественного совета при МИД РК

@PressMFAKZ
❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

@otandastar
👍3
Болашақ Илон Масктар: қазақ балалары халықаралық физика олимпиадасында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім сайыстарының бірі – International Physics Olympiad (IPhO) олимпиадасында ел тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді. Биыл ұлттық құраманың барлық бес мүшесі алтын медаль жеңіп алды.

56-Халықаралық физика олимпиадасы 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өтті. Биылғы білім додасына әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысып, күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмалар бойынша бақ сынады.

Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медальға қол жеткізді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Алтын медаль иегерлері:

Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Роман Черемнов – Алматы қаласындағы “Мирас” халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Дамир Құрман – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың дайындық жұмыстарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Гүлия Нұрбақова жетекшілік етті. Ал команданың олимпиадаға қатысуын SDU университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Самат Мақсұтов пен физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев үйлестірді.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық физика олимпиадасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Өткен жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын. Ал биыл қазақстандық бес оқушының да алтын медаль иеленуі – ел құрамасының IPhO тарихындағы бұрын-соңды болмаған ең жоғары жетістігі.

International Physics Olympiad (IPhO) – мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі. Биылғы тарихи нәтиже қазақстандық оқушылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және еліміздегі жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

@otandastar
👍4❤1🔥1
🌍 Домбыра үні әлемді тағы бір мәрте біріктірді!

Ұлттық домбыра күніне арналған халықаралық #DombraDNA музыкалық челленджіне белсенді қатысып, қазақтың төл өнерін әлемге насихаттауға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар жолданды.

Челлендж аясында:
🎵 70-тен астам Reels жарияланды;
🌎 Әлемнің 20-дан астам елінен өнерсүйер қауым қолдау білдірді;
🪕 Токиодан АҚШ-қа дейін қазақтың қасиетті домбырасының үні шырқалып, ұлттық өнеріміздің шекара талғамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен жылы лебіздер мен ризашылыққа толы кері байланыстар келіп жатыр.

Барша қатысушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз! Домбыраның қоңыр үні әрдайым жүректерді жақындастырып, ұлт рухын асқақтата берсін!

@otandastar
👏1