«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

«Отандастар қоры» КеАҚ кеңсесінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің Имидждік жұмыс комитетінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес комитет мүшелері шетелдегі отандастарды мәдени-гуманитарлық және ақпараттық қолдау бағытында «Отандастар қоры» КеАҚ жүзеге асырып жатқан қызметтің негізгі нәтижелері мен алдағы басым жобаларын қарастырды.

Activities of NJSC Otandastar Qory Reviewed at the Meeting of the Public Council under the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan

Деятельность НАО «Фонд Отандастар» рассмотрена на заседании Общественного совета при МИД РК

@otandastar
❤2
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
​​🔹 ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

🔸 Деятельность НАО «Фонд Отандастар» рассмотрена на заседании Общественного совета при МИД РК

@PressMFAKZ
❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесте «Отандастар қорының» қызметі талқыланды

@otandastar
👍3
Болашақ Илон Масктар: қазақ балалары халықаралық физика олимпиадасында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім сайыстарының бірі – International Physics Olympiad (IPhO) олимпиадасында ел тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді. Биыл ұлттық құраманың барлық бес мүшесі алтын медаль жеңіп алды.

56-Халықаралық физика олимпиадасы 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өтті. Биылғы білім додасына әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысып, күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмалар бойынша бақ сынады.

Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медальға қол жеткізді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Алтын медаль иегерлері:

Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Роман Черемнов – Алматы қаласындағы “Мирас” халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Дамир Құрман – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың дайындық жұмыстарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Гүлия Нұрбақова жетекшілік етті. Ал команданың олимпиадаға қатысуын SDU университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Самат Мақсұтов пен физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев үйлестірді.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық физика олимпиадасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Өткен жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын. Ал биыл қазақстандық бес оқушының да алтын медаль иеленуі – ел құрамасының IPhO тарихындағы бұрын-соңды болмаған ең жоғары жетістігі.

International Physics Olympiad (IPhO) – мектеп оқушылары арасындағы физика пәні бойынша әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі. Биылғы тарихи нәтиже қазақстандық оқушылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және еліміздегі жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

@otandastar
👍4❤1🔥1
🌍 Домбыра үні әлемді тағы бір мәрте біріктірді!

Ұлттық домбыра күніне арналған халықаралық #DombraDNA музыкалық челленджіне белсенді қатысып, қазақтың төл өнерін әлемге насихаттауға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар жолданды.

Челлендж аясында:
🎵 70-тен астам Reels жарияланды;
🌎 Әлемнің 20-дан астам елінен өнерсүйер қауым қолдау білдірді;
🪕 Токиодан АҚШ-қа дейін қазақтың қасиетті домбырасының үні шырқалып, ұлттық өнеріміздің шекара талғамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен жылы лебіздер мен ризашылыққа толы кері байланыстар келіп жатыр.

Барша қатысушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз! Домбыраның қоңыр үні әрдайым жүректерді жақындастырып, ұлт рухын асқақтата берсін!

@otandastar
👏1
🗣️ Kazakh Speaking Club-қа шақырамыз!

«Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастырып жатқан қазақ тілі онлайн курсы жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазіргі таңда курсқа әлемнің 20-дан астам елінен тыңдаушылар қатысып, қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытуда.

Курсты одан әрі дамыту және қатысушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында Kazakh Speaking Club ұйымдастырылады.

📅 Күні: 25 шілде
🕗 Уақыты: 20:00
💻 Өтетін орны: ZOOM платформасы

🎙️ Спикер: Эльмира Байкулова — Kazakh Speaking Club парақшасының негізін қалаушы, коммуникация жөніндегі сарапшы, халықаралық қатынастар магистрі, «Медиа дамыту қоры» КҚ медиа жобалар бөлімінің басшысы.

Сөйлеу тәжірибесін арттырып, қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін кездесуде жүздескенше!

@otandastar
❤1👍1
2026 жылғы 17 шілдеде «Отандастар қоры» КеАҚ мен Қазақстан және Орталық Азияның халықаралық цифрлық аудиоплатформасы DARHAN RADIO арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық аясында шетелдегі отандастардың жетістіктерін насихаттауға, қазақ қауымдастықтарының тыныс-тіршілігін кеңінен таныстыруға, бірлескен подкасттар мен арнайы жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріледі.

DARHAN RADIO – әлемнің 185 елінде қолжетімді халықаралық цифрлық аудиоплатформа. Платформа музыкалық және тақырыптық аудиоарналарды, авторлық бағдарламалар мен подкасттарды біріктіріп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ қауымдастығы үшін заманауи ақпараттық және мәдени коммуникация алаңын қалыптастыруды мақсат етеді.

@otandastar
❤1👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет байқауы

Шетелде тұратын 12–17 жас аралығындағы этникалық қазақ балаларын қатысуға шақырамыз!

📌 Тақырыптар:
• Қазақстанның табиғаты
• Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер
• Тарихи-мәдени мұра
• Болашақтағы Қазақстан
• Қазақстандық тұлғалар

🏆 Жүлделер:
🥇 Ноутбук
🥈 Планшет
🥉 Смарт сағат

📅 Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 тамызға дейін

📧 Жұмыстарды жіберу: oqbaiqau@gmail.com

📍 Толық ақпарат: oq.gov.kz

@otandastar
👍1
«Отандастар қоры» КеАҚ Қазақстанда тұру, оқу, жұмыс істеу немесе саяхаттау тәжірибесі бар қандастар мен шетел азаматтарын «Бір Қазақстан – мың оқиға» халықаралық жобасына қатысуға шақырады.

Егер Сіздің Қазақстанға қатысты ерекше әсеріңіз, есте қалған оқиғаңыз немесе өзгелермен бөліскіңіз келетін қызықты тәжірибеңіз болса, оны қысқа бейнеролик форматында бізбен бөлісіңіз.

Бейнеролик арқылы:

Қазақстан туралы жеке әсеріңізді;
өміріңіздегі ерекше оқиғаңызды;
Қазақстанның мәдениеті, табиғаты, адамдары немесе дәстүрлері туралы көзқарасыңызды жеткізе аласыз.

📹 Бейнероликтің ұсынылатын ұзақтығы – 15–60 секунд (ерекше жағдайларда 3 минутқа дейін).

📩 Бейнематериалдарды: qazalem.kz@gmail.com электрондық поштасына жолдауға болады.

⭐ Жобаға белсенді қатысып, Қазақстан туралы мазмұнды әрі сапалы контент қалыптастыруға үлес қосқан қатысушыларға Ұйымдастырушының шешімімен «Жоба амбассадоры» мәртебесі беріледі.

Бір Қазақстан – мың оқиға. Сіздің оқиғаңыз да осы жобаның бір бөлігіне айналсын!

@otandastar
👍1
НАО «Фонд Отандастар» приглашает соотечественников и иностранных граждан, имеющих опыт проживания, обучения, работы или путешествия в Казахстане, принять участие в международном проекте «Один Казахстан – тысяча историй».

Если у вас есть яркие впечатления о Казахстане, памятная история или интересный опыт, которым вы хотите поделиться, расскажите о нем в формате короткого видеоролика.

В своем видео вы можете рассказать:

о своих личных впечатлениях о Казахстане;
о памятном событии или истории из своей жизни;
о своем взгляде на культуру, природу, людей и традиции Казахстана.

📹 Рекомендуемая продолжительность видеоролика — от 15 до 60 секунд (в исключительных случаях — до 3 минут).

📩 Видеоматериалы принимаются по электронной почте: qazalem.kz@gmail.com

⭐ Участникам, которые будут активно участвовать в проекте и внесут значительный вклад в создание качественного контента о Казахстане, по решению Организатора будет присвоен статус «Амбассадор проекта».

Один Казахстан — тысяча историй. Пусть и ваша история станет частью этого проекта!

@otandastar
👍3
NJSC Otandastar Qory invites ethnic Kazakhs and foreign nationals who have lived, studied, worked, or travelled in Kazakhstan to take part in the international project One Kazakhstan - A Thousand Stories.

If you have a memorable experience, a unique story, or meaningful impressions of Kazakhstan that you would like to share, we invite you to tell your story through a short video.

In your video, you can share:

your personal impressions of Kazakhstan;
a memorable experience or story from your life;
your perspective on Kazakhstan’s culture, nature, people, or traditions.

📹 Recommended video length: 15–60 seconds (up to 3 minutes in exceptional cases).

📩 Please send your videos to: qazalem.kz@gmail.com

⭐ Participants who actively contribute to the project and help create meaningful, high-quality content about Kazakhstan may be awarded the status of Project Ambassador by the Organiser.

One Kazakhstan - A Thousand Stories. Let your story become part of this journey.

@otandastar
👍2
Шанхайда Қазақстанның этнографиялық көрмесі ашылды

Шанхай қалалық тарих музейі мен Алматы музейлер қауымдастығының ұйымдастыруымен Шанхай төрінде Қазақстанның этнографиялық мәдени көрмесі өз есігін ашты - деп хабарлайды Онлайн Халық газеті.

Ежелгі Жібек жолының маңызды торабы саналатын еліміздің бай тарихын таныстыруға арналған бұл шараға 100-ден астам бірегей экспонат қойылған. Көрме көрермендерге қола дәуірінен бүгінге дейінгі мәдени даму кезеңдерін жүйелі түрде ұсынып, көшпелі халықтардың тұрмыс даналығын, қолөнер эстетикасы мен бай рухани әлемін паш етеді.

Екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтатын бұл ауқымды экспозиция 30 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, 2025 жылы Шанхай мен Алматы қалалары ресми түрде бауырлас қалалар атанған болатын.

Дереккөз: Онлайн Халық газеті

@otandastar
❤1
Қандастан алғыс!

Қытай Халық Республикасынан көшіп келген Гүлбақыт Солтанбай баласының құжаттарына қатысты мәселе бойынша «Отандастар қорының» Алматы облысындағы фронт-кеңсе сарапшысы Ахметов Серікханға жүгінген. Мәселені шешу мақсатында қажетті құжаттар жинақталып, тиісті көші-қон органдарына тапсыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта өтініш заңнама талаптарына сәйкес қаралуда.

@otandastar
❤2