«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Қазақстан цифрлық көшпенділер үшін тартымды елге айналып келеді

Neo Nomad визасы арқылы шетел азаматтары Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады. Осы уақыт ішінде ел аумағына бірнеше рет кіріп-шығу мүмкіндігі бар. Бұл виза иелері Қазақстанда жүргенімен, шетелдік компаниялармен жұмысын жалғастыра береді немесе басқа елдердегі тапсырыс берушілерге қызмет көрсете алады.

Дереккөз: inbusiness.kz

@otandastar
❤2👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Бір Қазақстан – мың оқиға» халықаралық жобасының алғашқы бейнежазбасы Түркияның Ыстанбұл қаласынан келді!

Жобаның алғашқы қатысушысы – Дилара Айдын Башөрен, Ыстанбұл университеті Түркітану зерттеулері институтының ғылыми қызметкері.

Дилара ханым бұл жоба туралы Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы біліп, өз оқиғасымен бөлісуге ниет білдірген.

Өз бейнежазбасында ол 2018 жылы жазғы мектеп бағдарламасы аясында Қазақстанға алғаш келгенін, содан бері еліміздің өзіне ерекше жақын болып, екінші Отанындай сезілетінін баяндайды. Әсіресе Алматы қаласына деген ыстық ықыласын жеткізіп, қазақ музыкасын қолданбалы фольклортану бағыты бойынша зерттеп, ғылыми мақала жариялағаны туралы әңгімелейді.

📹 Бейнежазбаны тамашалап, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер!

@otandastar
❤2
Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.

https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/azastanda-ou-550-shetel-azamatyna-bilim-beru-granty-taajyndaldy

@otandastar
❤4
Тізім_2026_стипендиялық_бағдарлама.pdf
95.9 KB
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 550 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.

Негізгі тізіммен құжат арқылы таныса аласыздар.

Дереккөз:
bolashak.gov.kz

@otandastar
❤3👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде қазақ мәдени орталықтарының саны артты

Ресейде қазақ мәдени орталықтарының саны жетпістен асты. Тек қана Омбы облысында 20-ға жуық ұлттық ансамбль жұмыс істейді. Жалпы, іргелес елде 500 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Қазақы болмысты ұлықтап, салтын дәріптеп, мәдениетін насихаттау – басты парызымыз, дейді олар.

Қазақ мәдени орталықтарында ана тілі курстары, ұлттық қолөнер және көркемөнер бойынша шеберлік сабақтары тегін ұйымдастырылады. Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты ірі қалалардан бөлек, қандастар көп шоғырланған Омбы, Астрахань, Түмен облыстарында да шағын орталықтар жұмысын бастады.

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дилара Айдын Башөреннің «Бір Қазақстан – мың әңгіме» халықаралық жобасы аясындағы келесі бейнежазбасында Қазақстанға алғаш келген кезде қазақ тілін үйрену барысында түрік тіліндегі «çöp» пен қазақ тіліндегі «шөп» сөздерін шатастырудан туындаған қызықты оқиға баяндалады.

@otandastar
Шетелдегі қазақ асханасы: ұлттық дәм ұсынатын ерекше орындар

Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде қазақ кәсіпкерлері ұлттық тағам ұсынатын дәмханалар мен мейрамханалар ашып, қазақ асханасын халықаралық деңгейде таныстырып жүр. Бірі елден жырақтағы қандастардың сағынышын басуды мақсат етсе, енді бірі шетелдіктерге қазақ мәдениетін тағам арқылы таныстыруды көздейді. El.kz әлемнің түрлі қалаларында жұмыс істейтін осындай ерекше орындарға шолу жасады.

1. Амстердам: қазақы шай мен кофе мәдениетін ұштастырған Qazaq Coffee
2. Польша: сағыныштан туған Jurta
3. Лондон: Наурыз рухын жеткізген NOWRUZ
4. Чикаго: ұлттық тағамды жаңа форматта ұсынған Tary
5. Тбилиси: қазақтың дәмі мен дәстүрі тоғысқан Almaty
6. Вьетнам: Данангтағы қазақ кәсіпкерлері
7. Bistrò Alma'Ta: Италиядағы алғашқы қазақ мейрамханасы
8. Brasserie Favorite және Bazaar: Люксембург пен Бельгиядағы қазақ дәмі
9. Sandyq: Қытайдағы қазақ мәдениетінің жаңа кеңістігі

@otandastar
👏2❤1