«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.77K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
Қазақстанда оқуға 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.

https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/azastanda-ou-550-shetel-azamatyna-bilim-beru-granty-taajyndaldy

@otandastar
❤4
Тізім_2026_стипендиялық_бағдарлама.pdf
95.9 KB
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 550 ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.

Негізгі тізіммен құжат арқылы таныса аласыздар.

Дереккөз:
bolashak.gov.kz

@otandastar
❤3👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде қазақ мәдени орталықтарының саны артты

Ресейде қазақ мәдени орталықтарының саны жетпістен асты. Тек қана Омбы облысында 20-ға жуық ұлттық ансамбль жұмыс істейді. Жалпы, іргелес елде 500 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Қазақы болмысты ұлықтап, салтын дәріптеп, мәдениетін насихаттау – басты парызымыз, дейді олар.

Қазақ мәдени орталықтарында ана тілі курстары, ұлттық қолөнер және көркемөнер бойынша шеберлік сабақтары тегін ұйымдастырылады. Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты ірі қалалардан бөлек, қандастар көп шоғырланған Омбы, Астрахань, Түмен облыстарында да шағын орталықтар жұмысын бастады.

@otandastar
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дилара Айдын Башөреннің «Бір Қазақстан – мың әңгіме» халықаралық жобасы аясындағы келесі бейнежазбасында Қазақстанға алғаш келген кезде қазақ тілін үйрену барысында түрік тіліндегі «çöp» пен қазақ тіліндегі «шөп» сөздерін шатастырудан туындаған қызықты оқиға баяндалады.

@otandastar
Шетелдегі қазақ асханасы: ұлттық дәм ұсынатын ерекше орындар

Соңғы жылдары әлемнің әр түкпірінде қазақ кәсіпкерлері ұлттық тағам ұсынатын дәмханалар мен мейрамханалар ашып, қазақ асханасын халықаралық деңгейде таныстырып жүр. Бірі елден жырақтағы қандастардың сағынышын басуды мақсат етсе, енді бірі шетелдіктерге қазақ мәдениетін тағам арқылы таныстыруды көздейді. El.kz әлемнің түрлі қалаларында жұмыс істейтін осындай ерекше орындарға шолу жасады.

1. Амстердам: қазақы шай мен кофе мәдениетін ұштастырған Qazaq Coffee
2. Польша: сағыныштан туған Jurta
3. Лондон: Наурыз рухын жеткізген NOWRUZ
4. Чикаго: ұлттық тағамды жаңа форматта ұсынған Tary
5. Тбилиси: қазақтың дәмі мен дәстүрі тоғысқан Almaty
6. Вьетнам: Данангтағы қазақ кәсіпкерлері
7. Bistrò Alma'Ta: Италиядағы алғашқы қазақ мейрамханасы
8. Brasserie Favorite және Bazaar: Люксембург пен Бельгиядағы қазақ дәмі
9. Sandyq: Қытайдағы қазақ мәдениетінің жаңа кеңістігі

@otandastar
👏2❤1
Абай оқуларына шақырамыз! 📖

Мәскеу тұрғындары мен қала қонақтарын ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған дәстүрлі «Абай оқуларына» шақырамыз!

📅 Күні: 10 тамыз 2026 жыл
🕦 Уақыты: 11:30
📍 Өтетін орны: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульварындағы Абай Құнанбайұлы ескерткіші

Бағдарламада:
🔹 Абай өлеңдерін оқу;
🔹 «Қара сөздерден» үзінділер;
🔹 Ұлттық аспаптар сүйемелдеуіндегі музыкалық шығармалар.

Келіңіздер, Абай мұрасын бірге дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттайық!

📞 Байланыс үшін:
Рахат Арыстанбаев — +7 926 191 26 73
Сәуле Тикеева — +7 962 914 90 88

@otandastar
Forwarded from Sayasat Nurbek
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

▪️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

▪️ Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.

▪️ Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

▪️ Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы. Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Сонымен қатар гранттар конкурсын өткізу қағидалары өзгеріссіз қалып, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Біз жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Бүгінде Қазақстаннан шықпай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының дипломын алуға болады. Сондай-ақ елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарында оқу үшін де мемлекеттік гранттар қарастырылған. Бұл – қазақстандықтар үшін сапалы халықаралық білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

▪️ 2026 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Өтініштер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары білім алуға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

▪️ Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды.

Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim таныса аласыздар. 

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
10 тамыз – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні.

Хакімнің мұрасы халықаралық деңгейде мойындалған. ЮНЕСКО хакім шығармашылығын әлемдік мәдениеттің маңызды рухани құндылығы ретінде таныды. 1995 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойы ұйым аясында тойланды. Бұл – Абай мұрасының тек қазақ үшін ғана емес, бүкіл адамзат мәдениеті үшін маңызы зор екенін білдіретін ерекше мәртебе.

Бүгінде ақынның мерейтойы ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізіліп, шетелдерде арнайы ғылыми-мәдени іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Мұрасы ұлттық сананы қалыптастырудағы негізгі құралға айналды.

@otandastar
❤3