Құрылтай сайлауы: 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
Құрылтай депутаттарын сайлауға шетелде жүрген азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша шетелде 26 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы болып дауыс беруді Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады (Астана уақытымен сағ. 03:00-де).
@otandastar

❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қандастан алғыс
Жазира Арыстанбекова 2004 жылы отбасымен бірге Өзбекстанның Жизақ облысынан Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекеніне көшіп келген. Қазір ол – Қазақстан Республикасының азаматы, көпбалалы ана.
Жазира Арыстанбекова ұзақ жылдар бойы ата-енесімен бірге Қазақстан азаматтығын рәсімдей алмай жүргенін айтып, «Отандастар қорының» фронт-кеңсесіне көмек сұрап жүгінген. Қоғам мамандары отбасының құжаттарын ретке келтіруге көмектесті. Сонымен қатар, енесінің мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырғанын ескеріп, «Харекет» қорына хабарласып, отбасының Шұбарсу елді мекенінен баспана алуына ықпал етті. Жергілікті әкімдік тарапынан отбасы отын және сумен қамтамасыз етілді. Бүгінде отбасының құжаттары реттеліп, балалары мемлекет тарапынан тағайындалған әлеуметтік көмекті алып отыр.

❤2🤩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бұл саяхат тарихи Отаныммен терең рухани байланысты сезінуге мүмкіндік берді».
«Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының кезекті кейіпкері – Ресейдің Самара қаласынан, «Самара қазақтары» қоғамдық ұйымының басқарма төрайымы Айгүл Жалелова.
Алматы облысына сапары барысында ол Шарын шатқалы мен Қара шатқалды аралап, қазақ даласының қайталанбас табиғатын тамашалап, ұлттық дәстүрлерімізбен жақынырақ танысты.
Сіз де Қазақстанға жасаған сапарыңыздан бейнеролик түсіріп, бізге жолдаңыз! Бәлкім, «Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының келесі кейіпкері өзіңіз боларсыз! ✨
📢: Жоба кейіпкерінің оқиғасы “Отандастар қоры” қызметкерімен дыбысталған

❤2
📚 Дайындық бөлімі: қандасқа университетке тегін дайындалудың толық нұсқаулығы
«Отандастар қоры» Informburo.kz порталымен бірлесіп, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарға (қандастар) арналған дайындық бөлімдері (Foundation) туралы толық нұсқаулық дайындады.
Егер сіз немесе таныстарыңыз Қазақстанда жоғары білім алғысы келсе, бірақ ҰБТ-ға дайындалу немесе оқу жүйесіне бейімделу қиынға соғып жүрсе — бұл жазба сізге арналады.
Карусельден біле аласыз:
✅ Қанша орын бөлінеді
✅ Құжат қашан, қайда және қалай тапсырылады
✅ Қандай құжаттар қажет (әр ел бойынша)
✅ Оқу мерзімі, шәкіртақы және жатақхана
✅ Тегін оқуға болатын 19 университеттің тізімі
✅ Қандай пәндер оқылады
📌 Постты сақтап қойыңыз, керек болғанда жоғалтпайсыз. Дайындық бөліміне түсуді жоспарлап жүрген досыңызға жіберіңіз!
Сұрақтарыңыз болса — «Отандастар қорының» байланыс орталығына (What's App, +7 708 903 82 17) немесе таңдаған университетіңізге тікелей хабарласа аласыз.

❤3
Информбюро: Қандастар жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде тегін оқи алады. Ол үшін не істеу қажет
Дайындық бөліміне түсу үшін қандай құжаттар қажет? Оқу қанша уақытқа созылады? Шәкіртақы беріле ме? Информбюро порталы шетелдегі және Қазақстанға көшіп келген ұлты қазақ азаматтарға қолдау көрсететін "Отандастар қорымен" бірлесе осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап береді.
Дереккөз: informburo.kz

informburo.kz
Қандастар жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде тегін оқи алады. Ол үшін не істеу қажет
2011 жылы Қазақстанда этникалық қазақтарды жоғары оқу орнына бейімдеуге арналған Foundation факультеттері құрылды.
❤1