«Otandastar Qory»
1.37K subscribers
3.76K photos
1.04K videos
22 files
1.56K links
Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру
Download Telegram
🎨🇰🇿 «Қазақстан менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауының үздіктері анықталды!

Байқауға 17 елден 100-ге жуық этникалық қазақ баласы қатысты.
Әр бала Қазақстанға деген сүйіспеншілігін өз суреті арқылы жеткізді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Шығармашылықтарыңызға шабыт, ал армандарыңызға қанат тілейміз! ✨👏

@otandastar
❤2👍2💩2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бір Қазақстан – мың оқиға» жобасының бүгінгі кейіпкері – Сафаралиева Гулсевар. 😍👏🏻

Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысының тумасы. 2023 жылы «Jas Qazaq» этно лагеріне қатысып, Қазақстанмен жақынырақ танысқан.

Биыл Гүлсевар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түсіп, білім жолын Қазақстанда жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. 🎓

Бір кездері этно лагерьге қатысқан жас бүгінде елордада студент атанып, өз арманына қарай қадам басып келеді.

Ал сіздің Қазақстанмен байланысты қандай оқиғаңыз бар? 🇰🇿
Сіз де өз оқиғаңызбен бөліскіңіз келсе, бізбен байланысыңыз!

@otandastar
❤4
TechnoWomen серіктестігі аясында: «Отандастар қоры» өкілі Атыраудағы AI-конференцияда баяндама жасады

Толығырақ: oq.gov.kz

In Partnership with TechnoWomen: Otandastar Qory Representative Speaks at AI Conference in Atyrau

Read more: oq.gov.kz

В рамках партнерства с TechnoWomen: представитель НАО «Фонд Отандастар» выступил спикером на AI-конференции в Атырау

Подробнее: oq.gov.kz

@otandastar
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры мен «Отандастар қоры» КЕАҚ басшылығы ресми кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты — елге білім алуға келген қандас жастар қоғамға бейімделуге қолайлы жағдай жасап, оларды ұлттық мәдениетімізбен, тарихымызбен және театр өнерімен жақынырақ таныстыру.

Қандас студенттерге қолдау көрсетіп, олардың ұлттық сана-сезімін арттыру мақсатында театр қойылымдарын тамашалауына жағдай жасалып, бірлескен рухани жобалар жүзеге асырылады.

@otandastar
👍2❤1
Моңғолияда 120 мыңнан астам қазақтұратынын білесіз бе?

XIX ғасырда Алтайдан асып, Баян-Өлгейгеқоныстанған қазақтар бүгін өз тілін, дәстүрінсақтап, Моңғолия қоғамының белсенді бөлігінеайналды. Олардың тарихы, бүгінгі саны жәнебірегейлігі туралы карусельді сырғытып көріңіз.

Сіздің Моңғолияда туыстарыңыз бар ма? Комментарийде жазыңыз!
 
@otandastar
🔥2👍1
«Алтын сапа» иегері атанған қандас кәсіпкер | Дәурен Халмет | «Қандастың жолы»

https://youtu.be/70PlctVpupM

Қытайдан атамекенге оралған Дәурен Халмет — бүгінде отандық жеңіл өнеркәсіпті өркендетіп жүрген білікті кәсіпкер, елімізде сұранысқа ие заманауи қаптама материалдары мен жабысқақ лента шығаратын «Kaz Tiger Tape» өндірістік компаниясының негізін қалаушы. Оның еңбегі мемлекеттік деңгейде лайықты бағаланып, кәсіпорын өнімдерінің мінсіз сапасы үшін беделді «Алтын сапа» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Тарихи Отанына қоныс аударған соң, кәсіби тағдырын ел экономикасымен сабақтастырған ол импортты алмастыратын жоғары сапалы отандық өнім ұсынуды басты мақсат етті. Қарапайым қажеттіліктен бастау алған бастамасын үлкен заманауи зауыт деңгейіне жеткізіп, елімізде «қарапайым заттар экономикасының» ілгерілеуіне сүбелі үлес қосып келеді.

Осы орайда «Отандастар қоры» КеАҚ түсірілім тобы арнайы Алматы қаласына барып, «Қандастың жолы» жобасы аясында Дәурен Халметтің өндіріс орнында қонақта болды. Сұхбат барысында оның атамекенге көшіп келу кезеңі, кәсіпті нөлден құру жолы, «Алтын сапа» деңгейіне жету құпиясы, өндірістегі кедергілер мен отандық бизнестің болашағы туралы ашық әңгіме өрбіді.

«Қандастың жолы» – елге оралған қандастардың ғибратты өмір жолын, адал еңбегін және ел дамуына қосқан үлесін көрсететін арнайы жоба.

@otandastar
❤3