ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
"Оның мейрімділігін сипаттап айту мүмкін емес.

Сен өз қажеттілігіңді Алладан сұрайсың, ал Ол саған сол сұрағың үшін де сауап жазады…"
❤75👍19🕊16
Мұңаюға келіңізші менімен
Үнсіз ғана отыруға күрсініп...
Қызық емес бақтардағы серуен,
Шайханаға шақырыңыз,
Күн суық!

А.С.
❤48👍16😁4
Forwarded from Jäudır mūñ
Пенде, шіркін, тоғышарлау ғой — таң рауандап атқанда жұлдызы жамыраған айлы түнді аңсайды, кеш түссе шуағын шашқан күнге ындыны ауып тұрады. Діңкені құртып аңсаумен өткен бір ғұмыр...)
❤18👏5👍4🔥4🕊4
Бітпестей көрінген қайғы-мұң төбеңнен жаңбырша жауады. Бірақ, ғажайып жеті реңімен боялған әсем де әдемі кемпірқосақ жаңбырдан кейін пайда болатындығын ұмытпа!
❤37👍9🕊6🔥4👏3
"Жоспарлаған ісің сәтсіз шықса, оның саған қажетсіз екенін Алла біліп тұр. Мұның бірқатар себебі де бар. Мүмкін сен оған дайын емес боларсың. Яки болмаса қазір ол жүкті көтеретін сенің шамаң жоқ. Немесе жоспарлағаныңнан да қайырлы бір іс күтіп тұр. Сондықтан, Алланың маңдайыңа жазғанына разы болып, күлімде!"

Шейх Шағрауи
(Алла оны рақыметіне бөлесін)
❤81👍19🕊6❤‍🔥4🔥4
Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.


      
       “Ай мен Айша” Ш. Мұртаза
👍47❤16🕊3🔥1
"Өмірде ең маңызды шешімдерді қабылдар кезде , бір іс ашар кезде, бизнес бастар уақытта, үйленудің алдында немесе оқуға түсерде бәрі жүрегіңді тыңда деп айтады. Бірақ жүрек саған қашан турасын айтады?

Егер жүрек тап-таза болғанда ғана. Өтіріктен, өсектен, артық ұйқы, артық тамақтан, реніш пен қызғаныш, уайымнан ада болған кезде. Аллаһ тағала ондай жүрекке ең дұрыс шешімді, қайырлысын, тура жолды өзі сездіреді екен.

Адамның жүрегі тазарған сайын адамда интуиция мықты болады.

Пайғамбардың заманында ондайлар өте көп болған. Ондай кісілерден көп адам қашқан екен. Айыбымды сезіп қоюы мүмкін деп. Сол себепті өмірде адаспау үшін, тура жолда болу үшін жүректің таза болуы өте маңызды."

Б.Ж.
❤50👍24🕊4🔥3👏2
Шынайы сұлулық қайда десе, Алладан ұялатын жүзде деп жауап бер!

Мәулана Жәләлуддин әр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін)
❤62👍13🕊5😢2👏1
Рамазанға 60 күн қалды🥳

 «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» 
❤‍🔥88❤17👍10👏2
Forwarded from Ең жақсылар… (арна жұмысын тоқтатты)
Неге бәрі салиқалы жар сұрайды?

Жарыңның бойынан салиқалы болған нәрселерді көре алуды сұрау керек шығар бәлкім. Әйтпесе қаншама еркектер бар сондай мүбәрәк әйелдердің қадіріне жетпей жүрген… кезіндегі сахаба әйелдердің мүшрік күйеулері болған Алла оларға әйелдерінің жақсы қасиеттерін көруге жүректерін ашпай қойған… Егер саған салиқалы жар бұйырып, ал саған да ол жардың жақсы тұстарын көру мүмкіндігін бермей қойса ше?! Сен өзің білмей жүрсең ше әйеліңнің сондай салиқалы екенін?! Жәннәттқа апарар адам екенін?!…Сондықтан бәлки, “болашақ жарымның бойынан салиқалы қасиеттерін көп көруімді нәсіп ет, онымен арамызда оған сыйластығымды арттыр!” десек Алла бізге сұрағанымызды берер…
❤71👍29👏13
Дүние істерінде өзіңнен жағдайы төмендерге, ал құлшылық пен тақуалықта өзіңнен жоғарыларға қара!
❤46👏6👍5❤‍🔥4🕊2
Forwarded from Dei saldym
Бәрін де айтатын бір сәт берілер…
Әзірге ақтарылғым келмейді ашып,
Алдыма бір адамды ап келіңдер,
Ғұмырға мендей ғашық!

Кім білген бастан қашан бақ кетерін,
Ең ыстық қуаныш та, мұң — алдамшы,
Өмірдің қаншалықты тәтті екенін,
Менен кеп сұраңдаршы…

Керек пе өлімді еске жиі алудың,
Жадымда жауабы да тұрады анық:
Өмірді сүре алу мен сүйе алудың
Арасы — бір-ақ әріп….

Жадыра Байбұланова
👍18❤3🔥2
Өмір бойы адал болу - бұл бір керемет қасиет. Ол алтыннан да қымбат, судан да таза, пəк қасиет! Қазіргі уақытта ол əрбір адамға керек. Бірақ əрбір адамда бола бермейді!
👍56❤20🕊8🔥3👏2
Түнде тынығып, таңертең аман-есен оянғанда тағы бір арайлы күнді тарту еткен Жаратушыға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын! Алла бүгінгі күнді ізгі істермен берекелі етіп өткізуді нәсіп етсін...
❤90👍9👏7🕊4
Дұға🤲

Уа, Раббым, кенеттен, Ақыретті ұмытып, күнә іске бойлап жүрген кезде жанымызды алма! Жанымызды алардан алдын, тәубе етуге мүмкіншілік бер...
❤126👍6👏4
Forwarded from экстаз (Yeligimay)
Мен білдім ғой өмірде күнә бәрін,
Бірақ өзімнің жасарымды білмедім.

Мен көрдім ғой біреудің жылағанын,
Бірақ өзімнің жылатарымды білмедім.

Мен көрдім ғой биіктен құлағанды,
Бірақ өзімнің құлатарымды білмедім.

Мен тіледім залымның сұралғанын,
Бірақ өзімнің сұралатынымды білмедім...
😢31💔16👍10👏4❤‍🔥2
Өмір бір-ақ рет беріледі. Берекеге толы таңғы уақытты ұйқымен өткізетіндей өмір соншалықты ұзақ емес қой...
👍37❤19👏4🕊3🔥2
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.
❤54👍12👏3❤‍🔥2🕊2
Forwarded from Belgisiz ūly
Маған бір адам әңгіме айтып жатқанда, оның сөзін бөлмеуге тырысамын. Егер өмірде сөйлессек, ол мәселесін, көзқарасын, пікірін айтып болғанша үнсіз тыңдаймын. Ал әлеуметтік желіде хат-хабар алмасқанда "жазып жатыр..." дегенді көрсем, пернетақтадан саусағымды ала тұрамын. Өмірімдегі тәжірибелерім мен сабақтарымды оның жағдайымен қатар қойып, салыстырмаймын. Сұрамағанға ақыл-кеңесімді ала жүгірмеймін (пилологиялық түзетулерден басқа). Мен бірден жауап беру үшін емес, алдымен жан-жақты түсініп алу үшін жақсылап тыңдап аламын. Кейде адамдарға ақыл емес, жай ғана тыңдайтын құлақ, түсінетін жүрек, жанашыр көңіл керек. Тіпті сіздің ниетіңіз ізгі, көңіліңіз таза болса да, адамдарға еркін болуға сәл уақыт беріңіз...

#суға_лақтырған_тас
❤45👍10🔥2