ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Forwarded from K u n d e l i k📚
дәл қазір көңіл күйімнің көтеріңкі болуына 2 нәрсе себепші:
1. жаздың аяқталуы
2. күздің басталуы
❤26
Бұл өмір әлі талай рет сенің әрбір ешқашан мен әрдайымыңды сынға алады.
❤39
Т.Б.
❤40
Мен осы күнге дейін көп қателестім. Ғұмырымның қиралаң жолдары енді басталып жатса да, жаза басқан сәттерімнен көз ашылмайды.

Иә, қазақы дархан көңілге салып, адасқанның айыбы жоқ дерсіз. Бірақ, адасқанның салдары болады екен. Ол салдар сені көпке дейін жібермейді. Тіпті мүлдем жібермеуі де мүмкін.

Конфуций айтады ғой «Ең үлкен қателік – өз қателігіңді түзелтпеу» деп. Ең өкініштісі, кейбір қателіктер түзелмейді.

Сондықтан да, ақ жүріп, адал сөйлеуге тырысу керек. Сондықтан да Шәкәрім айтқан «ар білімінің» түбіне түсу керек екен ғой.

https://t.me/ecstazye
❤23
...
❤20
Forwarded from Duman
❤25
Forwarded from Шексіздік 🌀 (Dinara Bolat)
Рұқсат пен тыйым салынған, нағыз қажет пен уақытша құндылық, жауапкершілік пен өзіңе көп алмау, қалау мен ұят, өзіңді сыйлау мен эгоизмнің, былайша айтқанда Ақыл мен Жүректің арасындағы қарама-қайшы ойлардың ұтымды шешімін таба білу өте маңызды. Сана мен жүрек арасындағы тепе-теңдік бақытқа апарар жол.
❤23
Forwarded from context
Ергелді аға семинарында осы жайлы айтқан

біздің күнделікті зікірміз қандай?
❤15
Ойланатын адамдар көбейсе екен. Қалай болса солай өмір сүретін емес, өзін қадірсіз күйге түсіріп, болмайтын бос нәрселерге жұмсайтын емес, біреу мен туралы былай деді деп қайғыра беретін емес, өткенімді қалай ұмытам деп зарлай беретін емес, шыныменде ақыл тоқтатып, асыл өмірімді, қадірлі рухымды қандай игі іске жұмсасам екем деп ойланатын адамдар көбейсе екен.

Мына әлемді дамытатын тұлғалардың тізіміне кірсін деп Аллаһ мені жаратты деп сенетін, Пайғамбардың (ﷺ) қалдырған мирасын жерге түсірмей, сол бір жұмақ әлемді жаңадан қайта құратын үмметі болуым керек деп кәміл сенетін адамдар көбейсе ғой.

Осыны оқып бұл маған айтылмаған шығар деп өзіне үмітсіз қарайтын емес, керісінше, не болса да Аллаһ бос нәрсе жаратпайды, тіпті барлық жаратылыстың ішінде, мені бастапқы отаны да, соңғы тұрағы да жұмақ етілген адам етіп жаратты дей алатын, өз өзін сыйлай білетін адамдар көбейсе екен. Әмин...

— Tabigat Kautay

https://t.me/oshpesiz
❤41
🔹сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім мына дұғаны шынайы сеніммен таңертең оқып, сол күні кешке жетпей дүниеден озса, жұмаққа барады. Сондай-ақ, кімде-кім шынайы сеніммен кешке оқып, таңға жетпей көз жұмса, ол да жұмақтық болады», – деп, осы дұғаны аузынан тастамай оқып жүретіндерді сүйіншілеген болатын.

أَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ🔹
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحِيمِ
اَللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَ أَنَا عَبْدُكَ وَ أَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَ وَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ، أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَ أَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ. (٣)

🔹Оқылуы:
А‘уузу билләәһи минәш-шәйтаанир-ражиим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
Аллааһуммә әнтә раббии ләә иләәһә илләә әнтә халәқтәнии уә әнә ‘абдукә
Уә әнә ‘аләә ‘аһдикә уә уа‘дикә мәстәта‘ту А‘уузу бикә мин шәрри мәә сана‘ту
Әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнбии
Фәғфир лии фә иннәһу ләә йағфируз-зунуубә илләә әнтә. (3 рет)

🔹Мағынасы:
Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай көр деп, Алладан пана тілеймін!
Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен!
Уа, Алла тағалам! Сен – менің Раббымсың! Сенен басқа тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен – Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай көр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре көр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

🔹Ерекшелігі:
Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны «Сәйидул-истиғфар» (яғни, кешірім сөздің төресі) деп атаған, өйткені бұл дұға құлдарының тәубасын қабыл етуші, ерекше мейірімді Алладан кешірім сұрағанда айтылатын ең ізгі сөздерді қамтыған.

(Сахих Бұхари, да’ауат 5831; Сунәну Нәсәи, исти’аза 5427; Сунәну Ахмәд, Муснәду әш-шәмиин 16488)
❤15
Біз бір адам жайлы ойлағанда оған жүрегіміздің айнасынан қараймыз. Ал сол айнаға қарағанда, содан өзіңізді көресіз. Демек айнаңыз кір болса, ешкімге ренжудің қажеті жоқ.

#хуснизән
❤45
Иә, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені, оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды. Және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені, оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды.

#дұға
❤52
Иман тұрғысынан мүміндердің ең кәмілі – мінез-құлқы ең жақсы болғандар. Ең жақсыларың – әйелдерімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың.

(Тирмизи)

#хадис
#отбасы
❤50
Forwarded from экстаз (Yeligimay)
Алланың тағдырын ақылға салма,ол сенің ақылыңа сыймайды

(с) Айбек
❤60
Мына үш қасиетті бойына бірдей жиған адам шынайы иманның дәмін татады:

1) Алланы және оның елшісін бәрінен де артық жақсы көру;
2) Біреуді жақсы көрсе, тек Алла разылығы үшін жақсы көру;
3) Алла тағала күпірліктен құтқарған соң, қайтадан сол күпірлікке қайтып оралудан отқа түскеннен бетер жаны түршігіп, аза бойы қаза болатын адам.

(Бұхари, Мүслим)

#хадис
❤45