Forwarded from Абылай Кенжалы
“Өзімді таба алмай жүрмін. Не нәрсемен айналыссам болады?” деген сұраққа әрдайым әр түрлі жауап беруге тырысамын.
Бұрын Құрманғазы ұстазымыз дәріс барысында: “Кейде Алла бізге анамыз арқылы, кейде әкеміз арқылы сөйлейді” деп айтқан еді.
Сол насихат әзірге дейін есімнен кетпейді.
Әртүрлі тәжірибе жасап, сан түрлі амалмен шапқылап жүргенде ең маңызды болған осы бір нәрсені ұмытып жатамыз.
Соңғы рет анаңмен, әкеңмен қашан сырластың? Саған айтқан соңғы насихаты қандай еді? Олардың сөзін елемей жүргенде кейін өкінбесімізге кім кепіл?

❤46
Forwarded from Essizdik is the New Black!
Бірақ, менің ойымша, махаббаттан басқа нәрсеге сүйеніп құрылған некенің ағысы баянды, ғұмыры ұзақ болады.
❤36
Forwarded from my liberation notes
Я хочу хоть с одним человеком обо всем говорить как с собой.
Федор Достоевский
Федор Достоевский
❤22🕊2
Айгүл Қосанова - «Құстар қайтып барады» (Н. Тілендиев/Т. Молдағалиев)
Хабар SHOW - Шоу, телехикаялар және бағдарламалар
"Нұрғиса Тілендиевтің керемет әні ғой, адамның бүкіл өмірі, тағдыры, фәни мен бақи арасындағы бес күндік жалғанның болмысы жатыр. Өкініш, үзілген үміттер, шыңырауға құлаған армандар..."
❤10
Forwarded from жүз жылдық жалғыздық
«Сезсең ғой қалай сағындым өзіңді,
Білсең ғой қалай іздедім...»
Осы әнді тыңдап жүргеніме біраз уақыт болды. Ұйықтарда, жолда, үй жинарда... Тіпті осы әнді ұзағырақ тыңдау үшін автобусқа әдейі отырып жүрдім...
Менің күллі жастығым осы әнде қалды ғой... Соңғы кездерде ештеңеге селт етпей кеткен көңілім де аспанның күйін кешіп жүрген сияқты... Тіпті, әлдеқашан ұмыттым деген жанның парақшасына кіріп, суреттерін ақтарып шықтым... Білмеймін, оны да іздемеген сияқтымын... Ешкімді іздемеген сияқтымын... Ештеңені іздемеген сияқтымын... Жәй ғана жүрегім ауырады... Әлде, жаным ауырды ма?.. Неге бәрі тез өтіп кетті? Неге? Өте тез... Бағалап, сезініп үлгермедік... Бұдан кейін сол бейкүнә сезімді ешқашан кешпейтініңді ойлаған сәттен бастап, тәніңді ғана сүйретіп, босқа жүргеніңді сезінесің... Бізді уақыт неге сонша жеккөрді? Біздің жазығымыз – сезімге адалығымыз да ма? Ойға адалдығымыз ба? Ендігі өкініш ештеңені қайтармайтынын түсінесің ғой. Бізде таңдау болмағанын да түсінесің... Бірақ...
Кейде, басым ауырса – ұзағырақ ауырса екен деймін... Кейде, жолда келе жатып көзімді жұмып ұзағырақ жүремін... Кейде, далада тоңғанымша отырамын... Өзімді, тәнімнің бар екенін, адам екенімді сезінгім келеді... Өзімнің өмір сүріп жүргенімді сезінгім келеді... Өзімді белгісіз бір күйге дайындаймын... Бірақ, бұның бәрі не сезім екенін өзім де анық білмеймін...
Бәрінің бір күні бітеріне сену – үнсіз ғана тірлігіңді жасай беруіңе де себеп болады деп ешқашан ойламаппын. Бір кездері осы сезімге үйреніп кетуден қорқушы едім. Ақыры солай болған сияқты... Өйткені, біздің өткенімізді бір сөзбен өлшеу керек болса, оның аты – «ө к і н і ш...»
Тіпті, өткеніміз – бір әннің ғана мазмұнында қалып қояды деп ойладық па? Түсінесің... Сағынғаныңды. Өткізіп алғаныңды... Еске алғың келмейтін кезіңнің өзі – сенің тұтас бір жастық шағыңның бөлшегі екенін сезінесің... Ең қиыны сол ғой. Бізге уақыт мұрсат бермеді. Ойды ертерек жолдас қылдық та, бәрінен жеңілдік...
Сонда қалай болғаны?..
Қалған ғұмыр – Құдайды тану жолына әлдеқашан есептелініп қойған ғой. Ендігі ө к і н і ш бұл дүниеде болмасы анық...
Кеше бір құрбыммен сөйлесіп отырып: «Уақыт бәрінен өтеді ғой... Бірақ, бізден тым ерте өтіп кеткен сияқты...»-десем. Ол жымияды: «Иә, жер бетінде әдемі әрі ақылды адамдар көп. Біз тым болмаса, соның екі-үшеуіне ғашық бола алмадық. Бір ғұмырға бәрібір бір адамды азсынасың. Өзгелерге де біздің сезіміміз керек еді ғой. Бірақ, жастық шағымыз өтіп кетті. Қазір бәрііне кеш. Өйткені, бізді ақыл басқарып кетті. Нашар...»-деп... Жымидық...:)
Иә.. Біз өткенімізді енді біреулердің жанарынан ғана байқай аламыз... Біз өткенімізді таксист қосып қойған әуеннен ғана ести аламыз... Біз өткенімізді шаңын сүртіп отырған альбомымыздың ішінен ғана көре аламыз... Біз өткенімізді...
А.Табаракқызы. 2019 ж

❤37
Forwarded from қойма (Nursaule)
өткенде Төребек ағайдың подкастын көріп отырғам, ол кісінің «Алла разылығы үшін өмір сүру» деген концепциясы басқаларға қарағанда өзгерек. әдетте, «мына ауқатты маған күш-қуат берсін. сосын сол күшіммен Аллаға құлшылық етейін» деген ниетпен жесек, осы – Алла разылығы үшін өмір сүру, – деп түсінетін ек.
Ал Төрекеңе салсаң, мынаны мынау үшін істеймін, сөйтіп Ол маған разы болады(уже шешім қабылдау боп кетеді) деп бас қатырмай, жай ғана не істесең де, Алла разы болсын деген ниет болуы керек дейді. былай қарасаң шынымен рахат, ми ашытпайсың. ал былай қарасаң қиын, себебі түсініксіз.
бұл сөздерін қорыта алмай біраз ойландым. сөйтіп жүріп дәл қазіргі сәтім үшін о кісінің концепциясын тәпсірлегендей болдым:
— негізі «Алла менен разы болса екен» деген оймен өмір сүргенде, адам күнә жасағысы келмейді екен ғой. бар құпия осы ғана. адамнын әр сәті таңдаудан тұрады. Аллаға жағымды істі таңдаған сайын Оны разы қылу шансы арта береді. дәл осылай не істесең де, адалға жақынырақ, арамнан алысырақ болуға тырысып жүре беру керек екен ғой.

❤41
M.A.
Бір қағаз. Бір қалам. Бір өлең.
Бір бөлме. Бір өзім. Бір есік.
Сіңірім қалғандай сіресіп.
Бір тағдыр. Бір ажал. Бір өмір.
Келемін үшеумен тіресіп.
Бір ғұмыр. Бір жолым. Бір бағыт,
Бұйырмай қойғаны бір бақыт.
Бір тыныс. Бір өкпе. Бір демім.
Тоқтайды. Білемін бір уақыт...
Бір ана. Бір әке. Бір кіндік.
Кіндіктен түсе сап сілкіндік.
Бір сезім. Бір үміт. Бір қайғы.
Үшеуі үш түрлі мүмкіндік.
Бір Құдай. Бір елес. Бір әлем.
Туғанда несіне жылап ем...
Бір көзім. Бір құлақ. Бір басым.
Шындыққа шыдамай тұр әрең...
Бір жалған. Бір шындық. Бір өлім.
Бір-ақ рет өлемін, білемін.
Бір түні. Бір сәтте. Тоқтайды...
Тимеңдер, біреу-ақ жүрегім!
Бір тамшы. Жүз жанар жылаған,
Ешкім жоқ ештеңе сұраған...
Бір жолмен барады бір күні
Бір табыт. Көтерген мың адам...
Бір қағаз. Бір қалам. Бір өлең.
Бір бөлме. Бір өзім. Бір есік.
Сіңірім қалғандай сіресіп.
Бір тағдыр. Бір ажал. Бір өмір.
Келемін үшеумен тіресіп.
Бір ғұмыр. Бір жолым. Бір бағыт,
Бұйырмай қойғаны бір бақыт.
Бір тыныс. Бір өкпе. Бір демім.
Тоқтайды. Білемін бір уақыт...
Бір ана. Бір әке. Бір кіндік.
Кіндіктен түсе сап сілкіндік.
Бір сезім. Бір үміт. Бір қайғы.
Үшеуі үш түрлі мүмкіндік.
Бір Құдай. Бір елес. Бір әлем.
Туғанда несіне жылап ем...
Бір көзім. Бір құлақ. Бір басым.
Шындыққа шыдамай тұр әрең...
Бір жалған. Бір шындық. Бір өлім.
Бір-ақ рет өлемін, білемін.
Бір түні. Бір сәтте. Тоқтайды...
Тимеңдер, біреу-ақ жүрегім!
Бір тамшы. Жүз жанар жылаған,
Ешкім жоқ ештеңе сұраған...
Бір жолмен барады бір күні
Бір табыт. Көтерген мың адам...
❤49🔥1👏1
«Ұққаным – есейгенде дос та азаяды, есейген жан досқа мұқтаж да болмайды. Таңдап сүйген жалғыздығы асау жүйріктей ешкімді маңайлата бермей жанталасады. Өзімен-өзі болғысы келіп, өз жанын өзі бір сәт ұйып тыңдағысы келіп оңаша қалғанды қалайды. Жылқы үйірінен адасқанда кең даланың төсін айырып, ұшқан құстай желіп бара жатпай ма? Парлап бара жатқан бойындағы ащы тер ме, ащы жас па, жаратылысы ғана білер...»
❤64
Forwarded from MAUARA-NAHR ما وراء النهر (Данияр Кенжеұлы)
Қазір дін саласында бір адам топ жарып танымал болып кетсе, оны айналадағы адамдар жеке мүддесіне пайдаланып кететін заман. Көзі кітаптан, қолы қаламнан, аяғы мешіттен басқа жерді көрмеген адамға әлгілердің әлемі өзгеше боп көрініп, әп сәтте жұтылып кетеді.
Елімізде өзімен хайп ұстауға мүмкіндік бермеген бір-екі ұстаздар ғана қалды. Алла оларды соңына дейін жұтылмауға жазсын.

❤42
"Әңгіме Оның Мейірімділігі туралы болғанда, ешқандай күнәнің үлкендігі болмайды.
Әңгіме Оның Мәрттігі туралы болғанда, ешқандай амалдың кішілігі болмайды."

❤51
Forwarded from Essizdik is the New Black!
Біреуді досым деп ат беріп жүрсең, оған сенің бір дұшпаның келіп бір тай берсе, бұзыла қалатыны қалай?
//
//
Абай👏25❤9🕊2
"Жақсы тәрбие – тамақты төкпей ішу емес, біреудің төгіп алғанын байқамау."
❤63👏4