Неге біз әрдайым қиналамыз?
Себебі - бірден үлкен нәрселерді қалаймыз. Кішкентай мүмкіндіктерге қуана білмейміз. Және де одан бас тартамыз. Бәрі өзін тек ұлы нәрселер үшін туғандай сезінеді. Өмір бойы соны күтеді. Ол келе қоймайды.
Біз - ұсақ нәрселерді істеуге жаралғанбыз. Ұсақ бірақ бақытқа бастайтын. Осы күнді атырып жатып, бұдан да жақсы жерде оянғымыз келеді. Бірақ атқан таңның әдемілігінен жақсы көңіл күй тудыра алмаймыз. Кейін емес бүгін. Үлкен емес, кішкентай да жақсылық жетіп жатыр. Әрдайым үлкен сыйлық емес, жақсы сөз де араны жылытады.
Бастысы , үлкен бақыт жолында кішкентай бақыттарға риза бола білу. Оны бағалау.
Ж.Ж.

❤39👍9
Алла Тағаланың разылығына жеткізетін амалдарды іздеуші досым!
Осы күнге дейін істеп келген салиқалы амалдарыңмен шектелмей, Берекелі Рамазан айының күндіздерін оразамен, түндерін дұғамен, намазбен өткізуге, ізгі-салиқалы амалдарға берілуге қадам бас. Екі жеңіңді сыбанып тұрып кіріс, ашық тұрған жәннәт есіктерін қалайтындығыңды амалыңмен көрсет...

❤52👍1
Forwarded from Belgisiz ūly
Махаббатта екі адамның арасы тура он қадам. Артық та, кем де емес. Егер сіз бес қадам жасап, ешкімді жолықтырмасаңыз, кері бұрылып кете барғаныңыз абзалырақ.
#болмаған_махаббат_хикаясы
#болмаған_махаббат_хикаясы
❤43🔥2
Шынында да, өз-өзіңнен бұдан бұрын ешқашан естімеген, еш жерден көрмеген әлденені сағынасың, сарыла күтесің; бәрі бар, бәрі жетеді, бірақ бір нәрсе жетпейтіндей; ол не?
О. Бөкей
О. Бөкей
❤23
“Расында Рамазан күндерің кеми түсті. Демек сендер салиқалы амалдарыңды көбейте түсіңдер”, — деген.
📖 «Латойф ал-мағариф ли ибн-Ражаб» 184-бет.

👍10❤8
Forwarded from MAUARA-NAHR ما وراء النهر (Данияр Кенжеұлы)
Ерлі-зайыптылар аяқ киімнің екі сыңара секілді. Екеуі бірдей болмағанымен, бірге жүрілетін жолда бір-біріне қажеттілігі бар. Сондықтан да, пенде өзінің жұбымен бірге жүріп, адам болуды үйрену үшін жаратылған.
👏41❤15👍4
Forwarded from Әбілқайыр Мәдиұлы Жұматаев
Прогрессивті мұсылман курсынан екі күн
8-күн: Телефонды тұсау: Дофаминдік тәуелділік (ТАПСЫРМАЛАР)
1-қадам. Телефонға альтернатива тап (қызық нәрсе болу керек. Мысалы, настольные игры көршімен, настольный теннис, коньки, баскетбол, т.б); (Үй жұмысы: албтернатива не тапқанын жазып жіберу)
2-қадам. Сатып алатын нәрселер болса, үйге әкеліп қой (Үй жұмысы: сатып алынған фото)
3-қадам. Аптасына бір рет телефонсыз қыдыратын күнді белгіле (2-3 сағаттай); (Үй жұмысы: қай күндері қыдыратынын, қыдыратын паркты жазып жіберу);
https://youtu.be/-GM46LC0ReA

YouTube
телефон Дофаминдік тәуелділік
👍5🔥1
"Сіз - өткен шақтан ғана тұрмайсыз. Өткен өмір қандай тығырыққа тіресе де, алдыңызда тап-таза, даңғыл жол жатыр.
Сіз - өткен өмірдегі әдеттер жиынтығынан ғана тұрмайсыз.
Сіз - өткен шақтағы қателіктер иесі емессіз.
Сіз - өткен шақтағы адамдардың сізге қарым-қатынасынан ғана құралмайсыз.
Сіз - сіз ғанасыз, дәл қазір, осы сәтте. Сіз - осы сәттегі әрекеттерден тұрасыз."

❤28👏4👍3
Басқалардан бір артықшылығым бар деп тасудың немесе бір кемшілігім бар деп жасудың қажеті жоқ.
Алла біреуді кедейлікпен, біреуді байлықпен, біреуді мықты денсаулықпен, біреуді айықпас аурумен, біреуді тоқшылықпен, біреуді жоқшылықпен, біреуді дінімен сынайды.
Өмірдің кез-келген сәтінде Аллаға шүкіршілік пен тәубені ұмытпау керек.
"Құлым басына келген қайғыдан немесе қуаныштан мені ұмытып кетпес пе екен" - деген Алланың сынағы бұл...

❤45👍10🤔2
Forwarded from Миғраж Медиа
🌠 Әне-міне дегенше Рамазанның да соңғы он күніне аяқ бастық. Мұсылмандар айрықша мән беретін соңғы он күннің тақ түндерінің бірі мың айдан да қайырлы Қадір түні екені хадисте айтылған.
✅️ Ендеше 83 жыл 4 ай ғибадат жасағанның сауабы берілетін Қадір кешін құр өткізіп алмайық!
🤲 Алла Тағала сауабын үміт етіп ұстап жатқан оразамызды, барша ғибадат-құлшылығымызды қабыл еткей, әмин!

❤13👍5
“Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар?
Алла тағала күнәға мағфират етсе, күнә кешіріледі. Бірақ, амал дәптерде сақталады (ізі қалады).
Ал күнәға Алла ғафу етсе күнәны кешіреді, әрі оны амал дәптерден де өшіреді.
Сол үшін Алла Елшісі ﷺ осы дұғаны көп айтуды өсиет еткен:
اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا
“Аллахумма иннәкә ғафуун тухиббу әл-Ғафуа, фәғфу ъәнна”
Аллаһым расында, Сен ғафу етушісің, ғафу еткенді жақсы көресің. Және бізге ғафу ет🤲🏻
Рамазанның соңғы 10 күндігінде осы дұғаны көп айтайық.
Abylai Kenzhaly

❤28👍1🔥1
Forwarded from Tabigat Kautay
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сұрайық...
❤16👍2
Forwarded from ZHANNUR (Жаннұр Таласбаева)
Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с): “Я, Расулулла, Қадір түнінде не деп дұға етейін?”, – деп сұрады.
Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.с) айтты: “Я, Алла Тағала, Сен барша күнәларды кешірусің, кешіруді жақсы көресің, менің де күнәмді кешіре гөр деп дұға ет”, – деді.
Арабшасы: Аллаһуммә иннәкә ъафуун, туһиббул ъафуа, фаъфу ъәнни
Рамазанда күнәлары кешірілгендерден болайық! Әмин!

❤25
Рамазанның бітуіне аздаған уақыттар қалды. Енді бұл уақыттар қайта келмейді. Алла баршамыздың оразаларымызды, барша амалдарымызды қабыл етсін! Келесі Рамазанға жетуімізді баршамызға нәсіп етсін! Жүректе қимастық сезімі мен өкініш басымырақ...
❤58👍1
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Сіздерге бақ-береке, зор денсаулық тілеймін! Қуанышты күндеріңіз көп болсын! Алла сіздердің дұға-тілектеріңізді қабыл етіп, бағыңызды арттырып, туған-туыс, жақын жандарыңыздың өмір жасын ұзақ етсін! Иманыңыз шексіз, өмір жолыңыз тура, әрі адал болсын. Махаббат пен мейірім орнап, құт дарысын! Мейрамдарыңызбен!
❤25👍7