ozgeshe
2.92K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жолсерік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты. Осылай жұптасып, зайыптылық өмірдің алтын босағасы - достық пен махаббатты берік ұстаған берекелі семьяны ғана көрші ұнатады, коғам құптайды.

(с) Әзілхан Нұршайықов, "Махаббат қызық мол жылдар"
❤50🕊4
Forwarded from Beybit Argınbay
Көп сөйлейтін адам көп қателеседі. Көп қателесетін адам көп күнә жасайды деп Ислам ғалымдары топ айтқан ғой

Красноречивый адамдардан парасат күткен дұрыс емес өзі
👏17❤6
😆😆
❤15😁3💔1
Болашақ жарыңды несіне қарап таңдаған дұрыс?

1. Реакция. Өзіне ұнамаған мәселелерді қалай шешеді, соған мән беру керек. Агрессия арқылы, жымию арқылы, біреуге хабарласу арқылы, тб.
2. Құндылықтары. Не нәрсе ол үшін маңызды?

Оның тысындағы көп нәрсе түзелетін нәрселер. Саған жақын мәдениеттен алған дұрыс.

© Ә. Мәдиұлы
🕊23❤13
Кейде “Болған өмір ұқсайды болмағанға..”
❤32
"...адам баласы жалғыздықтың ащы дәмін татып, өз мадағын да, өз сәтсіз қадамын да жалғыз еңсере білген кезде...адам баласы өзгереді."

©біреу
👏20💔10❤5
Жалғыз сен
Kairat Nurtas
Бүгін күтпеген жерден еске түсті осы ән.
Жай, үйден шығып баспалдақпен түсіп бара жатқанда терезеден аспанның көңілсіз күйін көріп қалдым. Аузым мен миым келісіп менің еркімнен тыс өзі айта жөнеліпті🕊️
❤14🕊2
Сосын үйлену тойы әлеуметтік желіде үн-түнсіз өтетін адамдардың ішкі табиғаты әсем болатын сияқты.
❤40👏2
Жолданбаған хат

Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.

Іздеймін мен  жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.

Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.

Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.

Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.

(с) Есенғали Раушанов
👏9❤6💔1
Forwarded from бeсін
Бірте-бірте көп нәрседен ажырайды екенбіз. Өзіміздегі, өз ішіміздегі, сыртымыздағы. Қалған ғұмыр соларды аңсаумен, сезінуге тырысумен-ақ…
❤27💔5
Forwarded from Шексіздік 🌀 (Dinara Bolat)
Дважды в одну реку не войдешь.
Бұрын осы тіркес мықты боп естілгенмен, іштей айтылған ойға қарсы едім. Қаласақ екі рет, жүз рет түсе беруге болады ғой деп ойлайтынмын. Енді түсіндім. Көл емес өзен бір орында тұрмайды. Ағып кете береді. Үшінші рет келсең де аты сол өзен болғанмен, ол өзгерген. Ешнәрсе бір орында тұрмайды. Сондықтан да ол Өмір-өзен.

Сағынасың. Сол бір кезді. Достарыңды, сол бір топты, ұжымды, сол бір жанды, сол көшені, сол бір отырысты, саяхатты, іс-сапарды.
Адамдары тірі. Олармен әлі де жақсы қатынаста болуың мүмкін. Бірақ, енді бәрі басқа. Айналамыздағы жағдай, айналамыздағы көңіл, пішін. Кейде тіпті сезім мен мазмұн да.
👏25💔13❤7🕊1
"Кейде бір сәттердің, қарым-қатынастардың келмеске кеткеніне өкініп, бойыңды болмашы салқын діріл жайлап алады, сосын  тұла бойың тоңазығанын сезесің. Бірақ сондай бір ең сүреңсіздеу сәттердің өзі де — жай ғана «мезеттік күй». Тез-ақ өтіп кетеді. Тек жұтыла көрме)"
💔29❤14
«Сіз бен біз құндылық санайтын деңгеймен санаспай-ақ адамдар бақытты өмір сүре алады»
❤31👏3
Forwarded from MAUARA-NAHR ما وراء النهر (Данияр Кенжеұлы)
Кейде тағдырыңа жазылмаған адамды Алладан қайта-қайта сұрап, өміріңнен кетем десе де жібергің келмей, бос нәрсені талап қылатын сәттер болады. Бұл әрекет — тек өзіңді шаршату болу мүмкін. Алла бізге ненің хайырлы яки хайырсыз екенін жақсы біледі. Өміріңе хайырсыз болған істі, адамды құдайдан сұрай беріп, қиындықтың үстіне қиындықты тілеп алма! Босат, жібер. Өмір тек сол іспен яки адаммен бітіп қалмайды. Кейде көкірек көзіңді шел басып, бақытсыздықты бақытпен шатастырып аласың. Нағыз бақыт — көңілдің жайлылығында…
❤76💔12👏4
Аузынан айдың түскен қыз...
Тоқтар Серіков - Topic
Жұмыстан шаршап шыққан күндері… Саябақта отырып… Аяулы бір шақтарға оралғың келеді… Көзің жұмып… Көңілдің құмына сіңген өткенді іздеп… Дертіңмен жаңғыз қалғың келеді… Әйтеуір сағынасың… Жаның жаурап сағынасың… Ештеңені ақылға салмай… Ауырса екен, ауырса екен мына жүрек дейсің… Боздаса екен, мына көңіл боздаса екен дейсің…
❤17💔10👏2
Ей, жүрегім, үмітіңді үзбеші,
(біліп тұрып бүлдіреді кейде адам.)
Қателіктің Қайғысы емес, бізді осы —
Дұрыстықтың Азабы ғой қинаған.

Д.Тілеухан
❤44💔6
Forwarded from данышпан қарға (Beybit Argınbay)
И вечером никто не ждёт,
И делать можно всё, что хочется.
Но как ты это назовёшь:
Свободой или одиночеством?
❤22💔7
Өмірде аз қателесетін адамдар болады. Ақылды, интеллектісі жоғары болғасын емес, тағдыры солай, өмірде жолы жеңілдеу, болмаса, момындау, өздігінен ешкімге тиіспейді, ерекшеленіп көзге түспегесін, онымен де ешкім алыспайды. (Үлкендер «Момынның жары – Құдай» дейді).
Керісінше өмірде «көп қателесетін» адамдар бар. Жоқ, ақылсыз, білімсіз, интеллектісі төмен болғаннан кейін емес. Керісінше IQ жоғары, өз ортасында харизмасымен ерекшеленіп тұрады. Шынайы, еркін, тәуелсіз. Бірақ жолы ауырлау, тағдыры солай, бәлкім. («Горе от ума»). Өзіне, өзінің біліміне, талантына сенгесін ойын еркін, ашық айтады. Ондай адамдарда біреуге тәуелділік деген, құлдық сана деген болмайды. Өздері құлдық санадан арылмағандар оларды өздерінің сана түкпіріндегі «құлдық сананың шеңберіне» тыққысы келеді.
Демократияны қатты армандайтын біз әлі өзіміздің демократиялық көзқарасымызды қалыптастыра алмай жатырмыз. Ең арысы көпшілігіміз біреудің жеке көзқарасына құрметпен қарай алмаймыз.

Аягүл Мантай
❤32👏4
Forwarded from Meyrkhanus+ (Meir Amangeldiyev)
Жігіттер, соңғы жылдары қыздар арасында біздің стилімізді (стиль деген сөзді қолдануға ұялмаймын) кемсітетін әңгімелер көбейіп кетті. Олардың айтуынша, біз бір киімді бес жыл киеміз, 1000 теңгеге шаш қырқамыз, ал шұлықпен сандалий киген жігітті көрсе қыздардың тіпті құсқысы келеді екен.

Ал кинодан көріп алған әлгі француз және италиялық ерлер бізден әлде қайда сымбатты-мыс.

Бірақ біз үшін қорқатын ештеңе жоқ, негізі.

Барлық қазақ қызы Италияға қашып кете алмайды. Түріктердің бәрі Бурак Озчевит емес, қытайлықтардың бойы бізге қарағанда екі есе аласа. Ал француз жігіттерінің саны азайып кеткені сонша, қызыл кітапқа еніп жатыр екен.

Одан қалса, Бенедикт Камбербэтчтің әйелі бар, Джонни Депп Эмбер Хердтен кейін екінші қайтып үйленбеймін деді, Джуд Лоудың шашы түсе бастаған, тек Тимоти Шаламеден ғана қорқуға болады. Осы бала біздің басты конкурентіміз.

Яғни, идеал адам болу қолыңнан келмесе, оған бола қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Бастағы қайызғақты бір сілкіп таста да, кеудеңді тіктеп алып, алға қарай жылжи бер.

«Әдемі киінген сөзінде тұрмайтын жігіт» қыздар үшін бірінші кезекте «сөзінде тұрмайтын жігіт» болып қала беретінін ұмытпа. Сондықтан, ең бастысы антыңа берік болсаң қыздар арасында абыройың артады..

Құдай бізді жұп қылып жаратқан. Саған да әлі жақсы қыз жолығады, бауырым!
😁16❤9💔3