ozgeshe
2.93K subscribers
1.45K photos
575 videos
25 files
31 links
Download Telegram
Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Өлеңсіз өмір кешкен күйік екен.
Мен сенің дарыныңды шектемеймін,
Мен сені өнер үшін сүйіп өтем.

Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Парасат махаббаттан биік екен.
Мен сенің біліміңнен қорықпаймын,
Мен сені ақылыммен сүйіп өтем.

Білесің ғой, қалқатай, біздер үшін
Заманауи сезімнің күйі бөтен.
Мен сенің құқығыңды таптамаймын,
Мен сені теңдік үшін сүйіп өтем.


"Болашақ жұбайыма". 2021 жыл
👏10❤9
Forwarded from бeсін
“Кез келген адамның тағдыры, қаншалықты күрделі және ұзақ болса да, шын мәнінде, бір сәтке ғана байланған. Ол сәт - адам өзінің кім екенін біржола білетін сәт”
❤25
Marhaba Sabi - Жүректің ...
Marhaba Sabi
Күйім аласапыран…Өз ішімде адасып кеткендеймін. Өмірдің ағысын қайда бұрарымды білмеймін. Әйтеуір бір білетінім – тыныштықтың, махаббаттың, бақыттың біздің ішімізде екені. Тағдыр деген бір қызық құбылыс. Оны даттай да алмайсың. Бір жарық бар екенін білесің, сезесің. Соған ұмтыласың.

Осы күні түсінгенім, жүректегі сәулені сөндірмеу, ізгілік жолынан таймау ғана. Одан айырылсақ, бізде басқа үміт те жоқ...
❤19🕊4
Forwarded from бeсін
Сен жаймаған дастарханның үстінде,
Сен құймаған шәйді қанып іштім де,
⠀
Сен жумаған киімімді кие сап,
Сен тумаған құлынымды сүйе сап,
⠀
Сен кірмеген есікті ашып, жай басып,
Сен мінбеген көлігіме жайғасып,
⠀
Сен жүрмеген сан жолдарды шиырлап,
Сан жылдарым өте шықты құйындап.
⠀
Амалсыздан қоштасқанда өзіңмен,
Уақыт тоқтап қалғандай боп сезілген.
⠀
Енді есімді жия алмаспын дегенмін,
Енді ешкімді сүйе алмаспын дегенмін.
⠀
Өмірді өлшеп әсерімен сол сәттің,
Көзде бекер мөлдірепті моншақ мұң.
⠀
Сен біреуге иық тіреп менсіз де,
Мен біреуге сүйікті боп сенсіз де,
⠀
Хабарласпай, хат алмаспай, сөйлеспей,
Тіпті ол күндер жайлы жиі ой кешпей,
⠀
Екі жақта ғұмыр кешіп келеміз,
Екі айдында бөлек жүзген кемеміз.
⠀
"Уысында бола тұра бар ғалам,
Неге бізге мұндай тағдыр таңдаған?", –

Деп бірақ та жазғырмаймын Құдайды,
Маған қазір осы күнім ұнайды...
⠀
Қ.Қ
❤22💔10
Forwarded from Данияр Кенжеұлы (екінші парақша) (Данияр Кенжеұлы)
Жаңбыр тоқтағанда қолшатырдың өзі адамға артық жүкке айналады. Дәл сол сияқты, сенің көмегің мен күш-жігерің керек болғанда, адамдар саған мұқтаж болады, бірақ олардың мақсаты орындалған соң, сен артық жүкке айнала бастайсың. Бұл өмірдің өз заңы – уақыт өте, жақындықтың орнына алшақтық келеді…
❤51
Audio
❤3
Менің қазір
Айғайлап тұрып ән айтқым келді,
Азайтқым келді жан мұңын.
Қатігезсің деп тағы айтқым келді,
Таскерең бірақ тағдырым.
⠀
Ағыл да тегіл жылағым келді,
Жұбатпасыншы тек ешкім.
Шыдай да шыдай шыдамым кемді,
Мен сонша мықты емеспін!
⠀
Сыр айтқым келді бейтаныс жанға,
Кей таныстан да дұрыс деп.
Кетсем ғой деймін кейде алыстарға,
Амал жоқ мұнда жұмыс көп.
⠀
Көз жасы кермек таңдайда қалып,
Жағдайға да анық көнгенмін.
Жалғыздан жалғыз айғайлап алып,
Үнсіз жүруді жөн көрдім!

Нұртас Тұрғанбек
💔23❤8
Forwarded from экстаз
Бұрын аңсарың ауған дүниеге деген құмарың басылса болғаны, ол қолыңа түседі. Бұл бұлтаруға келмейтін аксиома екеніне көзім жетті.

(C) Энди Уорхол
❤16💔4
***

Білмеймін, өзгердің бе, өзгердім бе,
Кезеңге өзгешелеу кез келдім бе,
Күз – менің қоңыр көзді құрбым еді,
Тарсаның торғын бағын кезген бірге.
Жоғалтып жазда бірін, жолда бірін,
Көбінен көз жазыппыз қолдағының,
Құрбыжан қоңыр көзді күзім еді,
Қарайды қоңылтақсып ол да бүгін.
Жанардан жастай мөлдір жаз аққалы,
О, мені талай сезім азаптады.
Өтуде өзегімнен дір-дір етіп,
Жетілген барлық сезім қазақтағы.
Сөнгенмен сезім оты, шоғы қалды,
Бұл жүрек шоқ қарымас болып алды.
Өте алмай қалдым көбін жаздан алып,
Жете алмай жазған күнге көбі қалды.
Жазымның жалғыздығын алып ұштым,
Құрбымды қоңыр көзді тағы құштым...
...Ғафу ет, жеткізгелі келіп едім,
Дәуірі басталғанын сағыныштың!

Ерлан ЖҮНІС
❤14💔6
Forwarded from экстаз
Бір мекен тауып,
көз түгіл көңіл жетпейтін,
Әйтеуір, кеткім келеді.
💔21❤4
⠀
💭КАК ПРЕКРАСЕН ХУСНУ-З-ЗАН (ХОРОШЕЕ МНЕНИЕ)!

Один из праведных предшественников говорил:

"Если я увижу, что капли вина скатываются с бороды брата (мусульманина), то подумаю, что вино на него пролили.
А если увижу, как мусульманин забрался на гору и кричит с нее: "Я - ваш господь величайший!", то подумаю, что он, возможно, читает Куран."

И говорили обладатели знания, что мусульманина, у которого здоровая грудь по отношению к своим братьям, близким и семье, уже постигло одно из наслаждений Рая!

"Мы исторгнем из их сердец злобу, и они, как братья, будут лежать на ложах, обратившись лицом друг к другу." альХиджр, аят 47.

И сказал Ибн Кайим:

"Клянусь Аллахом! Рабу Аллаха тяжело познать собственные намерения в поступках. А что же говорить о том, когда он распоряжается намерениями других творений Аллаха!"
Субханаллах... как же мы далеки от этого.О Аллах!Даруй нам хусну занн!!!!амин.

Сказал Абу Хамид аль-Газали:

«Когда ты видишь человека, который подозревает плохое в людях, изыскивая в них недостатки, знай, что он сам в душе плохой и это дает о себе знать скверна его души. Он так делает потому, что смотрит на людей через призму своего внутреннего состояния. Верующий же любит искать для людей оправдание. А двуличный наоборот чувствует удовлетворение от грехов других. Сердце верующего благожелательно настроено в отношении всех.

(«Ихья ‘улюм ад-дин», 3/154.)
❤6
сен балдан тәтті
айдан сымбатты
күнненде нұрлысың🥰
❤11
Бұл каналда қандай мәліметтермен бөліскенін қалайсыздар?

Не күтесіздер негізі?🙂
❤2😁1
IMG_7617.MOV
12.2 MB
Мединаның көшелерімен жұма күні Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешітіне бара жатырсыз…

Жамағатпен қосылып құтба тыңдап,бірге намаз оқыдыңыз…

Нығмет

💔❤️‍🩹
❤12🔥1
Тар емес,таяз емес,кең болайын
Көп емес,аз да емес, тең болайын,
Досың да,ғашығың да бола алатын
Ең соңғы аялдамаң мен болайын…

🕊️
❤19🔥5
ozgeshe pinned «Бұл каналда қандай мәліметтермен бөліскенін қалайсыздар? Не күтесіздер негізі?🙂»
Тұрмысқа шығайын десең мәһірді алып тастады деймеее қалай өзі..🙂‍↕️
😁10