PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Соғыс алдында ресейлік ақпарат көздері мен саясаткерлері, пропагандистері не айтты?…
🤡133🖕45🤣29❤4🌚3🤪2✍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ әскері Кариб аймағында тағы бір есірткі тасыған қайықты жойғанын айтты.
👏111👍20🤬9🖕5❤3🔥1😡1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Ресей енді бүйдеп сайрауда...

Ресейдің Сыртқы барлау қызметі: «Лондон мен Париж Киевті ядролық бомбамен қаруландыруға дайындалып жатыр. Олардың элиталары жеңіліспен келісуге дайын емес. Украинаны «вундерваффемен» (ғажайып қарумен) қамтамасыз ету керек деп есептейді. Олар егер Киевтің иелігінде атомдық немесе тым болмағанда «лас бомба» болса, соғыс қимылдарын аяқтаудың неғұрлым тиімді шарттарына мүмкіндік туады деп есептейді», - деп мәлімдеді.

Ал Ресей Думасының спикері Володин: «Украинаға ядролық қару беру – қылмыс. Оның соңы ядролық соғыс болады. Сондықтан, Париж бен Лондонның бұл ойын мүлде болдырмау керек. Бұндай қадамға Мәскеу бірден қарсы әрекетететін болады», - деп ойбайлауда.
🤣172😁21🤡15🖕13❤6🤪3💊3👍1
Reuters: Иран Қытайдан кемеге қарсы зымырандарды сатып алу бойынша келіссөз жүргізуде. Әңгіме 290 шақырымға ұшатын CM-302 зымыраны жайлы болып отыр. Бұл зымырандар Иранның теңіздегі қуатын арттырар еді. Зымыранды сатып алу бойынша келіссөздер екі жыл бұрын басталған, алайда соңғы уақытта келіссөз қарқыны артты.
🤣99👍48🤪11❤3👏1
“Калейкино” мұнай жөнелту станциясы. Татарстан. Дронның шабуылынан екінші күн қатарынан өртеніп жатыр. Бүгін тағы да дрондармен соққы жасалғаны айтылуда.
🔥188👍55❤13👏3⚡1
Путиннің сөзінше Батыстағы күштер бейбіт келісімді бұзу үшін “Көк ағын”, “Түрік ағыны” газ құбырларын жармақ көрінеді. Сондай ақпарат бар дейді.
🤣164🤡30🖕14❤7🤬4😁1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Кариб аймағынан шығып, қашуға тырысқан тағы бір танкерді басып алды. Пентагон танкерді Үнді мұхитында тоқтатқан.

Bertha танкері Кук аралдарында тіркеліп, Иранмен байланыста болған.
👍151🔥12❤7🤬6😱4👎2👏1🍾1
БАҚ: Израиль Ливан билігі мен “Хезболлаға” дипломатиялық арналар арқылы қатаң ескерту жасады. Егер “Хезболла” Израиль мен АҚШ-тың Иранмен ықтимал қақтығысына араласатын болса, Израиль Ливан аумағына жойқын соққы жасайтынын айтты. Нысана ретінде Хезболланың базаларынан бөлек, Бейрут әуежайы және басқа маңызды нысандарды атқылауы мүмкін.
👍98🖕37🤬15❤9🤣9😱3🤨2⚡1👎1🤔1
Ресейде Telegram иесі Дуровқа қарсы қылмыстық іс қаралып жатыр. Оны “лаңкестікке ықпал жасады” деп айыптауда.
🤣160😱12👍3🤨3❤2👏2🤬1
PARANOIA.KZ
Ресейде Telegram иесі Дуровқа қарсы қылмыстық іс қаралып жатыр. Оны “лаңкестікке ықпал жасады” деп айыптауда.
Дуров Ресейде өзіне қатысты қозғалып жатқан қылмыстық іс жайында пікір білдірді. Ол “өз халқынан өлердей қорқатын билік Telegram-ға шектеуді күшейту үшін күн сайын түрлі сылтау ойлап табуда” дейді.

Сарапшылар 3-4 аптада Ресей билігі Telegram-ды ішінара бұғаттаудан толық бұғаттауға көшуі мүмкін деп санайды.

Ал ресейлік әскерилер “бұл шешім әскерилер үшін үлкен соққы болар еді, өйткені байланыс қиындайды” деп дабыл қағуда.
👍135🤣35❤9🔥5🤔2🍾2⚡1👏1
Иран СІМ-і: “АҚШ-пен келісімге жылдам арада келуге дайынбыз. Бейбітшілік қақтығыстан жақсы, ал диалог бәрінен жоғары тұруы тиіс”, - деп мәлімдеді.
🤣173👏29🤪10🍾5🔥4❤3🤔2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің ақпарат көздері кеше түнде Мәскеуде болған жарылыстың видеосын жариялауда. 22 жастағы жігіт полиция көлігінің алдына келіп, өзін жарып жіберген еді. Салдарынан бір полиция қызметкері мен шабуылдаушы қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды.
👍110😐25🤔10❤4🤯3😱2⚡1
Forwarded from Qaz365.kz
⚡️ ҚТЖ-да Конституциялық реформа және алдағы референдум мәселелері талқыланды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында компания басшылығы мен еңбек ұжымының «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы елордалық штабының мүшелерімен, Парламент депутаттарымен және қоғам қайраткерлерімен кездесу болып өтті.

Бейнеконференцбайланыс құралдары арқасында іс-шараға онлайн режимінде ҚТЖ-ның барлық өңірлерінің, филиалдары мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері де қатысты.

Іс-шараға Астана қаласы бойынша коалиция штабының басшысы Ерлан Қаналимов, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы және коалиция штабы басшысының орынбасары Мұхаммед Болысбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бас консультанты Диас Қожаев, қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов және Есіл ауданы бойынша коалиция штабының басшысы Санира Жүсіпова қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңыздылығын талқылау болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов алдағы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум болат магистралінің әрбір қызметкері үшін тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді қамтамасыз ететін елдің даму векторының тарихи таңдауы болатынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар әділ және прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсынылған түзетулердің мәніне егжей-тегжейлі тоқталды.

Спикерлер конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды қадам болып табылатынын және әрбір азаматтың саналы түрде қатысуын талап ететінін атап өтті. Әңгіме барысында теміржолшылар Негізгі заңдағы өзгерістер азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттің құқықтық жүйесіне қалай әсер ететіні туралы толық ақпарат ала алды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
🤡88😁23👍10👎10❤7🌚3🤔2🖕2💅2
Bloomberg: Түркия шекарадағы күзетті жедел күшейтті. АҚШ пен Иран қақтығысса, Ираннан босқындар ағылуы мүмкін. Түркия сол сценарийге дайындалуда.
👍141😱29❤2😍2👏1
Нетаньяху жаңа альянс құруға шақырды. Ол: "Бізге бір жағымыздан жаралы шииттік альянс, екінші жағамыздан сүнниттік "Мұсылман бауырлары" құрған альянс қарсы тұруда. Осы екеуіне қарсы жаңа одақ құруға ниеттіміз", - дейді. Ол бұл одаққа Таяу Шығыстағы экстремизмге қарсы елдер кіруі тиіс деп санайды.
🖕97👍60🤬16🤷‍♂7🤣7❤4🤨2✍1👎1🤔1😍1