PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Ақпарат: Буркина-Фасоның басшысы Ибрагим Траоре Тегеранға көмекке әскер жіберуге дайын екенін айтты. “Иран көмек сұраса, көмектесуге әзірміз” дейді ол.
🤣205👍121❤9🔥7👻3🤪3👀2👎1😡1
Ақпарат: Тегеран маңындағы нысандарға соққы жасалуда.
👍88👎32🤬13❤8😱7🤨2👀2🔥1
Таяу Шығыста қалып қойған азаматтарымызды эвакуациялап жатырмыз. Бір бағыты - Оман. Яғни, Оман арқылы шығарудамыз. Оман елі бұл қақтығыста барынша бейтарап болып отыр. Бүгін президент Оман басшысына хабарласып, эвакуацияға көмектескені үшін алғыс айтыпты. Қақтығысты диалог арқылы шешу керектігін тағы бір мәрте баса айтқан⬇️
👍110💯9❤5😁5🤬4🤨3👀1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📞 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇴🇲Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді.

Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Шығанақтағы елдердің азаматтық нысандарына әуеден шабуылдауға байланысты алаңдаушылық танытты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жағдайды ушықтырмай, тараптарды диалог пен дипломатия арқылы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.

Бұл ретте Президент аймақтағы бітімгерлік әрекеттерге белсене атсалысатын ел ретінде Оманның халықаралық абырой-беделі жоғары екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы еліміздің азаматтарын қақтығыс аймағынан Оман арқылы эвакуациялау мәселесіне тікелей араласқаны үшін Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ.

Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍84🤣35❤13🤔7👎3🖕3🤨2🥴1🌚1👀1😡1
Израильдің орталығына бірнеше зымыран түсті.
👍190😍35🤬16👎8❤3🤨3👀3❤‍🔥1🔥1
Соңғы кезде «әлем қатыгез болып кетті», «бәрін күш шешеді», «ережені мықтылар орнатады» деген әңгіме жиілеп кетті. Дегенмен қашанда солай болған. Бұ дүние ешқашан мейірімге құрылған емес. Шындық осы!

Адамзат тарихы — тоқтаусыз соғыстар мен дағдарыстар тарихы. Соғыс, қанша ауыр естілсе де, тарихи заңдылық. Адамзат пайда болғалы соғыстар жүріп жатыр. Адамзат жойылғанша солай бола бермек!

Адам баласы әрқашан ресурс, ықпал, билік, болашақ үшін күресті. Таласты, шайқасты. Өміршең жүйе қалады, мықтылар тірі қалып, әлсізі кетеді, құриды.

Жақында АҚШ Венесуэланың президентін күшпен алып кетті. Мадуроны шырт ұйқыда жатқан жерінде ұстады. Бір операция Латын Америкасындағы геосаяси тепе-теңдікті өзгертті.

Ресей, Қытай, Иран алаңдаушылық білдірді. Кейбірі халықаралық құқық туралы айтты.
Сонымен іс тәмам.

Куба — ондаған жылдық коммунистік басқарудан әлсіреген мемлекет саналады. Оның билігінің болашағы күмәнді екені АҚШ Сенатында ашық талқылануда.

Иран — қырық жылдық аятоллалар билігінен кейін санкция мен ауыр экономикалық тоқырау жағдайында. Халық кедейленді, жастар наразылыққа шықты. Қырғын болды. Ұлттық намысқа үндеу бұл жағдайды өзгерте алмайды.

Мәселе кім дұрыс, кім бұрыс екенінде емес.
Мәселе — Қазақстан не істеуі керек дегенде.
Біздің жеріміз бар. Экономикамыз бар. Тәуекеліміз бен мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы — мүддеміз бар. Сондықтан да Қазақстанның Парсы шығанағындағы араб елдерін және АҚШ/Израиль бағытын қолдауы, прагматикалық таңдау деуге болатын шығар.

Мемлекет ешқашан әлсіз модельге сүйенбейді.
Мемлекет өміршең, нәтижесін дәлелдеген жүйеге қарайды. Жеңіліп жатқан тарапқа қосылу — оның шығынын бірге көтеру деген сөз және қате стратегиялық қадам саналады.

Сондықтан біз сыртқы турбулентті жағдайды пайдаланып экономиканы нығайтуымыз керек, экспортты әртараптандыруымыз керек,
дипломатиялық ауқымды кеңейтуіміз керек,
қорғаныс қабілетін күшейтуіміз керек,
ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек.
Ең бастысы, бөтен қақтығыстардың қоғамды іштен бөлшектеуіне жол бермеуіміз қажет.

Еліміздің ішінде «Америка жағы», «Израиль жағы», «Иран жағы» деген жік болмауы тиіс. Көзқарастар сан қилы болатыны анық қой. Бірақ ол поляризацияға айналмауы тиіс.

Біз кез келген турбулентті өзімізді күшейтуге пайдалануымыз керек.
Өзге біреудің емес, өз ұлттық мүддемізбен өмір сүруіміз керек.
Иә, бұл тым суық естілуі мүмкін. Бірақ өмірдің шындығы осы ғой.

Бір ғана дүниені есте сақтау қажет. Саясатта эмоцияға жол жоқ, тек рационалды шешімдерге ғана жол бар!
💯219👍63❤30🔥5🖕2👀1
Washington Post: Иранның шабуылынан кейін Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігінің шатыры опырылып түскен.
👍161🤬16❤9🌚8🤨8🔥2😱2🍾1
Иранның Бушердегі атом нысандарына соққы жасалды. Бұл маңда Ресей АЭС салып жатыр. Мәскеу дабыл қағуда.
👍182🤬11❤8👎5🌚2🍾2👀2👏1🤣1
БАҚ: Иранның саяси кеңесінің 88 делегаты жаңа саяси басшылықты анықтау үшін дауыс беріп жатқан сәтте, ғимаратқа соққы жасалған.
😍67🤬52👍39🤣12❤6🤨6🌚2👀2
PARANOIA.KZ
БАҚ: Иранның саяси кеңесінің 88 делегаты жаңа саяси басшылықты анықтау үшін дауыс беріп жатқан сәтте, ғимаратқа соққы жасалған.
Иран: Саяси кеңестің өкілдері зардап шеккен жоқ. Соққыға дейін барлық азаматты эвакуациялап үлгердік.
🤣110👍48❤12🤨9😐2👀1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Минаб қаласында мыңдаған адам көшеге шығып, қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза тапқан жүзден аса қызды аза тұтты. 28 ақпанда Минаб қаласындағы мектепке соққы жасалған еді. Иран бұл шабуылға АҚШ пен Израильді айыптайды. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "АҚШ мектепке әдейілеп соққы жасамайды" деді.
😢154😭32🤬11❤7🕊7🤔6😡3🙏1🤣1💔1👀1