PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Соңғы кезде «әлем қатыгез болып кетті», «бәрін күш шешеді», «ережені мықтылар орнатады» деген әңгіме жиілеп кетті. Дегенмен қашанда солай болған. Бұ дүние ешқашан мейірімге құрылған емес. Шындық осы!

Адамзат тарихы — тоқтаусыз соғыстар мен дағдарыстар тарихы. Соғыс, қанша ауыр естілсе де, тарихи заңдылық. Адамзат пайда болғалы соғыстар жүріп жатыр. Адамзат жойылғанша солай бола бермек!

Адам баласы әрқашан ресурс, ықпал, билік, болашақ үшін күресті. Таласты, шайқасты. Өміршең жүйе қалады, мықтылар тірі қалып, әлсізі кетеді, құриды.

Жақында АҚШ Венесуэланың президентін күшпен алып кетті. Мадуроны шырт ұйқыда жатқан жерінде ұстады. Бір операция Латын Америкасындағы геосаяси тепе-теңдікті өзгертті.

Ресей, Қытай, Иран алаңдаушылық білдірді. Кейбірі халықаралық құқық туралы айтты.
Сонымен іс тәмам.

Куба — ондаған жылдық коммунистік басқарудан әлсіреген мемлекет саналады. Оның билігінің болашағы күмәнді екені АҚШ Сенатында ашық талқылануда.

Иран — қырық жылдық аятоллалар билігінен кейін санкция мен ауыр экономикалық тоқырау жағдайында. Халық кедейленді, жастар наразылыққа шықты. Қырғын болды. Ұлттық намысқа үндеу бұл жағдайды өзгерте алмайды.

Мәселе кім дұрыс, кім бұрыс екенінде емес.
Мәселе — Қазақстан не істеуі керек дегенде.
Біздің жеріміз бар. Экономикамыз бар. Тәуекеліміз бен мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы — мүддеміз бар. Сондықтан да Қазақстанның Парсы шығанағындағы араб елдерін және АҚШ/Израиль бағытын қолдауы, прагматикалық таңдау деуге болатын шығар.

Мемлекет ешқашан әлсіз модельге сүйенбейді.
Мемлекет өміршең, нәтижесін дәлелдеген жүйеге қарайды. Жеңіліп жатқан тарапқа қосылу — оның шығынын бірге көтеру деген сөз және қате стратегиялық қадам саналады.

Сондықтан біз сыртқы турбулентті жағдайды пайдаланып экономиканы нығайтуымыз керек, экспортты әртараптандыруымыз керек,
дипломатиялық ауқымды кеңейтуіміз керек,
қорғаныс қабілетін күшейтуіміз керек,
ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек.
Ең бастысы, бөтен қақтығыстардың қоғамды іштен бөлшектеуіне жол бермеуіміз қажет.

Еліміздің ішінде «Америка жағы», «Израиль жағы», «Иран жағы» деген жік болмауы тиіс. Көзқарастар сан қилы болатыны анық қой. Бірақ ол поляризацияға айналмауы тиіс.

Біз кез келген турбулентті өзімізді күшейтуге пайдалануымыз керек.
Өзге біреудің емес, өз ұлттық мүддемізбен өмір сүруіміз керек.
Иә, бұл тым суық естілуі мүмкін. Бірақ өмірдің шындығы осы ғой.

Бір ғана дүниені есте сақтау қажет. Саясатта эмоцияға жол жоқ, тек рационалды шешімдерге ғана жол бар!
💯219👍63❤30🔥5🖕2👀1
Washington Post: Иранның шабуылынан кейін Сауд Арабиясындағы АҚШ елшілігінің шатыры опырылып түскен.
👍161🤬16❤9🌚8🤨8🔥2😱2🍾1
Иранның Бушердегі атом нысандарына соққы жасалды. Бұл маңда Ресей АЭС салып жатыр. Мәскеу дабыл қағуда.
👍182🤬11❤8👎5🌚2🍾2👀2👏1🤣1
БАҚ: Иранның саяси кеңесінің 88 делегаты жаңа саяси басшылықты анықтау үшін дауыс беріп жатқан сәтте, ғимаратқа соққы жасалған.
😍67🤬52👍39🤣12❤6🤨6🌚2👀2
PARANOIA.KZ
БАҚ: Иранның саяси кеңесінің 88 делегаты жаңа саяси басшылықты анықтау үшін дауыс беріп жатқан сәтте, ғимаратқа соққы жасалған.
Иран: Саяси кеңестің өкілдері зардап шеккен жоқ. Соққыға дейін барлық азаматты эвакуациялап үлгердік.
🤣110👍48❤12🤨9😐2👀1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Иранның Минаб қаласында мыңдаған адам көшеге шығып, қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза тапқан жүзден аса қызды аза тұтты. 28 ақпанда Минаб қаласындағы мектепке соққы жасалған еді. Иран бұл шабуылға АҚШ пен Израильді айыптайды. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио "АҚШ мектепке әдейілеп соққы жасамайды" деді.
😢154😭32🤬11❤7🕊7🤔6😡3🙏1🤣1💔1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның дроны Оманның мұнай терминалына соққы жасаған сәт.

Мұнай-газ саласы Оман экономикасында басты рөл ойнайды. ЖІӨ-нің 45-50 пайызын құрайды…
😍57😱43👎14🔥10❤8🤨4👍3😡3🤬2👀2
WSJ: Трамп Ирандағы режимге қарсы күштерді қолдауға дайын. Соның ішінде күрдтерді де. Олар режимге қарсы көтеріліс жасауға ниетті болса, қолдау білдірмек ниетте. Мысалы қару жеткізу, барлау ақпаратын беру сияқты көмекті айтуда. Алайда нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
👍105😡63🖕45😁8👎5❤4🤬4🤔2👀2😍1
Трамп: “Испания Иранға қарсы операцияда бізге өз базаларын қолдануға рұқсат етпеді. Сол үшін мен Испаниямен байланысты үземін. Алайда қажет болса, біз олардың рұқсатынсыз-ақ базаларын қолданамыз”, - дейді.

Испанияның бір базасын АҚШ қазір логистика үшін қолдануда…
🤣155🖕53👍20🤬7🫡6❤5😁4🤨2😡2👎1👀1
Тегерандағы әуежайда Iran Air-ге тиесілі ұшақ жойылған. Ақпаратты Иран тарапы растады.
👍93🤬35👀8🤨4❤3😡3👎2
Иран әскері атып түсірген Hermes-900 дроны. Дрон Израильге тиесілі.
👍200🤣18❤7👀7🤨4🤪2
Ақпарат: Тегерандағы бірнеше нысанға АҚШ пен Израиль ұшақтары бірлесе соққы жасауда.
👍91🤬67🖕13❤5😍5☃4👀4🤨2😡2👎1