PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Human Rights Activists News Agency (HRANA): Соғыс басталған сәттен бері, Иранда 1097 бейбіт тұрғын қаза тапты. Ал мыңдаған адам жарақат алған.
😢94👍34😱14😡6👎3🤨3❤2
Дубайда қалып қойған қазақтар “ішейік, жейік, ақшасын шейх төлесін” деп жатқан жоқ па?…
🤣220😁11❤2😡1
Кей ақпарат көздері Иран тарапынан әйгілі Исмаил Каанидің ұсталғанын жазуда (ақпарат нақтылауды қажет етеді). Ол “Құдыс” күштерін басқарады. Оған “Израиль пайдасына тыңшылық жасады” деген айып тағылуда-мыс дейді.

Каани біраз жерден аман шығып еді. Насралланы құрту алдында Насралламен кездескен, аятолланы өлтіру алдында да көсеммен жолыққан. Ханияны да Кааниге қатысты жасақтар күзетуі тиіс еді.

Кездейсоқтық па?

“Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес” деп еді бір данышпан…
😱87🤔17❤16🤨8💯7😡4👍3👀1
PARANOIA.KZ
Кей ақпарат көздері Иран тарапынан әйгілі Исмаил Каанидің ұсталғанын жазуда (ақпарат нақтылауды қажет етеді). Ол “Құдыс” күштерін басқарады. Оған “Израиль пайдасына тыңшылық жасады” деген айып тағылуда-мыс дейді. Каани біраз жерден аман шығып еді. Насралланы…
Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежад былай деп еді.

“Біз Израильмен күресуге арналған жасақ құрып, оны өте құпия еттік. Білікті адамды сол жасақтың басшысы етіп тағайындадық. Ол жасақ өте құпия жұмыспен айналысты. Сөйтсек сол жасақтың басшысының өзі Моссад агенті болып шықты”, - деп.
🤣213😱33🤬10❤8💯5🤪4👍1👀1
PARANOIA.KZ
Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежад былай деп еді. “Біз Израильмен күресуге арналған жасақ құрып, оны өте құпия еттік. Білікті адамды сол жасақтың басшысы етіп тағайындадық. Ол жасақ өте құпия жұмыспен айналысты. Сөйтсек сол жасақтың басшысының өзі Моссад…
Ливанның сарапшысы Касем Румолла былтыр былай деп еді: “Израиль Иранның әскери қолбасшылары мен ядролық мамандарын қалай тауып алды? Алыстағы қыстаққа жасырынған мамандарды да тауып алып, соққы жасады. Қалайша? Барлау қызметінен бөлек, Ирандағы әр салада Израильдің тыңшылары бар. Олар кішкентай әскери бөлімшеден бастап биліктің биік эшелондарында отыр”, - деді.

12 күндік соғыста осылай деп еді.
😱81💯60🤔15❤9🤨2😡1
Ресейлік газ таситын танкерге кеше соққы жасалған еді. Танкер толықтай өртеніп кетті. Ақпаратты Ресей тарапы растады. Шабуыл Ливия жағалауы арқылы жасалған және шабуылға теңіз, әуе дрондары қатысқан. Ресей шабуылды Украина ұйымдастырды деп отыр.
🔥149🤣72👍24❤6👏1🍾1
Reuters: Шри-Ланка жағалауында Иранның кемесіне шабуыл жасалды. Кемеге белгісіз сүңгуір қайық соққы жасаған. Салдарынан 101 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 78 адам жараланған.
👍88😱63❤7👏3🤬2🌚1
PARANOIA.KZ
Reuters: Шри-Ланка жағалауында Иранның кемесіне шабуыл жасалды. Кемеге белгісіз сүңгуір қайық соққы жасаған. Салдарынан 101 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 78 адам жараланған.
БАҚ: Шри-Ланка маңында соққыға ұшыраған ирандық кеменің әскери фрегат екені анықталды. Оған бірнеше торпеда тиген.
👍108🔥23❤3🦄2😁1🤬1😡1
Сирия. Иран зымыранының қалдығы…
👍57🤣27😱20🤨8❤1🖕1
Эфиопия мен Судан арасында қақтығыс басталды. Эфиопия Судан аумағындағы бірнеше нысанға дрондармен соққы жасады.

Суданда онсызда соғыс, аштық, лаңкестік…
🤯74🤨24❤8😱6😇1
Референдумға 10 күн қалды. Қоғам бұл тақырыпты ызу-қызу талқылауда. Кез келген сайлаудың, референдумның әділ, таза өтуіне мүдделі бір топ болса, ол - бақылаушылар!

Жер-жерде бақылаушылардың белсенділігі байқалуда. Солардың бірі “ХАЛЫҚ ҮНІ” бақылаушылар тобы. Олар алдағы референдум процесін бақыламақ. “Кім қалай дауыс беретінін өзі біледі, біз үшін процесстің әділ, таза өтуі маңызды” дейді. Толығырақ⬇️

https://www.youtube.com/watch?v=WyYJHfX_Nhk
👍56👎48😁12❤9🤣8🖕4🤔2🤯2👏1🤪1🗿1
Иран аумағына соққы жасалуда. Тегеран, Тебриз аймақтарында жарылыстар болуда.
🔥88👎39🤬21👍15😢8😡3❤2😍1🌚1
​​Anadolu: Соғыс басталғаннан бері, АҚШ 2 млрд долларға жуық шығынға ұшырады. Оның ішінде радарлар жүйесі, Кувейтте жойылған F-15E ұшақтары бар. Бахрейндегі АҚШ флотының штабы да шығынға ұшыраған.
👍158🤨21🤣14❤8🤔6😍3😱2🤬2
БАҚ: Түркияның қорғаныс министрлігі ел аспанында баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін айтты. Зымыранды Иран жіберуі мүмкін.
👍137🤷‍♂18🤔10🌚9❤7😱1
PARANOIA.KZ
БАҚ: Түркияның қорғаныс министрлігі ел аспанында баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін айтты. Зымыранды Иран жіберуі мүмкін.
Түркия Иран атқан зымыранның бөлшектерін көрсетті. Зымыранды Түркияның әуе қорғаныс жүйесі қағып түсірген.
😱80👍62🔥4❤3