PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Иран түнде Бахрейнді атқылады. Әскери база мен МӨЗ-ді нысанаға алған. Бірнеше тұрғын үйге де зымыран жарқыншақтары түскен.
👎59👌33🔥22👍14❤8🤨7🤬5🤪1
Бахрейндегі ірі МӨЗ-дің біріне Иранның зымыраны тиіп, өртеніп жатыр.
👍78🤬28🔥14👎5🤨4❤2
БАҚ: Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 120 долларға жақындады.
👍150😱21🔥11❤5👎4🤔3🤨1
PARANOIA.KZ
БАҚ: Brent сұрыпты мұнайдың бағасы барреліне 120 долларға жақындады.
Әлемдік экономика дүйсенбіні шокпен бастады. Мұнай бағасы шарықтап барады. Brent сұрыпты мұнай бағасы бірден 29%-ға қымбаттап, барреліне 119,5 долларға жетті. West Texas Intermediate мұнайы 31%-ға өсті.

Таяу Шығыста мұнай өндіру, өңдеу азаюда. Иракта 60%-ға азайған. Кувейт, БАӘ мен Бахрейн де мұнай өндіруді еселеп азайтты. Иранда бірнеше кешен жұмысын тоқтатқан. Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасу қиындады. Танкерлерге шабуыл жасалуда.

Кеше Иранда жаңа аятолла тағайындалды. Ол Хаменейдің ұлы Моджтаба болды. Әкесінің қатаң саяси бағытын жалғастыруы мүмкін деген болжам айтылды. Бұл саяси шешім мұнай бағасына тағы 5% қосты.

Қысқасы әлемдік экономикада дүрбелең болып тұр.
🔥98👍33😐12❤7🤔6👎3🤨3😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ әскері Тынық мұхит аймағында есірткі тасымалдады деген тағы бір қайыққа соққы жасады. Салдарынан 6 адам қаза тапқан.
👍96🤬47❤5😱5🖕4😡3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Иранның Керманшах қаласында халық жаңа аятолланың таққа келуін тойлап жатқан сәтте, қаладағы мемлекеттік ғимаратқа соққы жасалды.
🤣83👍53🤬33🌚5🤨5❤4😢3👎2
Fars: Моджтаба Хаменейді жаңа аятолла ретінде ұлықтау рәсімі бүгін, Тегеран қаласында өтуі мүмкін.
🤣91🔥23👍18😐6🤬5❤2🤨2
БАҚ: Беларусь билігі резервистерді жаппай әскерге шақыртуда. Бұл қоғам арасында бірқатар алаңдаушылық туындатуда. Әсіресе батыс облыстардан көп адам шақыртылған.
😁72🤔28🤪8🔥5❤3💊2
Осыдан бірнеше жыл бұрын, «ЕАЭС аясында ортақ валюта енгізу керек» деген идеяны ресейлік сарапшылар қатты көтерді. Қайта-қайта тықпалап қоймады. Кейін оны «алтын» деп атайық деген сөздер айтылды. Артынша Путин «евраз» деп атауды ұсынып, пікір білдірді. Ортақ валюта идеясына көпшілік қарсы болды. Бірақ бұл гу-гу әңгіме сол сәтте қатты жүрді. Бір-екі жыл бұрын БРИКС-тың жиыны өтті. Сонда Путин «БРИКС-тың валютасы» деп бір үлгіні көрсетті. Оның артқы бетінде Қазақстанның да туы бар еді. Ол құр үлгі (тіпті жоба да емес) болып шықты. Сол күйі қалды. Қазақстан БРИКС-қа мүше де болған емес. Тек бақылаушы. Бірақ бұл да бір гуілдеген әңгіме болды.

Дегенмен бұндай мысалдар қоғам үшін де, мемлекет үшін де қауіпті. «Ортақ валюта» деген идеяны ысыру үшін жаңа шешімдер қабылдануда. Соның бірі ұсынылып отырған конституция үлгісінде көрсетілген. Онда: «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге. Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі» деген бап бар.

Оның бірнеше себебі бар. Олар: Қазақстан өз ақша-несие саясатын дербес жүргізу мүмкіндігін арттырады. Ақша шығару (эмиссия) құқығы тек мемлекетке тиесілі болса, елдегі ақша айналымы бақылауда болады. Сондықтан эмиссия құқығы әдетте орталық банкке беріледі. Қазақстанда бұл қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Конституцияда ұлттық валютаны көрсету арқылы елдегі барлық төлемдер мен есеп айырысулардың негізгі құралы ретінде теңгенің мәртебесі анықталады.

Сарапшылар бұл баптың артында сол «ортақ валюта» деген бықсықты азайту идеясы жатыр дейді. ЕАЭС болсын, БРИКС болсын, ортақ валюта жасақтайтын жағдайда емес (жасақтауы да екіталай) деп ойлаймын. Дегенмен оның алдын-алу үшін осындай механизмдер де артық етпес.
👍125🤣29❤17👎7🤷‍♂3💯3🌚2🤨1😐1🖕1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Жұмбақ Мұжтаба. Иранның жаңа рухани көсемі кім?

Ол діни семинариядан басқа еш жерде сөйлемеген, жұрт алдына шықпаған, сұхбат бермеген, тіпті дені дұрыс фото, видеосы да жоқ. Әкесінің орнына Ирандағы ең жоғары қызметке келген Мұжтаба Хаменеи кім?

https://smarturl.click/8pRov
🤔62🗿5❤3😐3🤨2👎1
БАҚ: Ирандағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мохсен Хейдари жаңа аятолланы сайлауға қатысты пікір айтты. Ол «аятолланы таңдау сәтінде кеңестің кей мүшелері шақыртылған жоқ» дейді. 88 адамның үштен екісі жиналып, дауыс берген. Моджтабаны 85% адам қолдаған. Оның сөзінше, кеңестің барлық мүшесін шақырту әділдік болар еді деп отыр.

Ал Иран билігінде бірқатар келіспеушілік байқалады дейді Иран оппозициясы. «Иран әскері президенттің бұйрығын тыңдаудан бас тартуда, себебі оларға Ислам революциясының сақшылар корпусы қысым жасауда» дейді олар. Президент көрші елдерді атқылауды тоқтату керектігін айтса да, Иран әскері зымыран шабуылын жалғастырып жатыр.
🤣89😱23🤔20❤12🔥6👎1🤨1
Forwarded from Mezgil.kz
ЖАҒДАЙ ӨТЕ КҮРДЕЛІ!

Куба 1991 жылға тап болғандай күй кешуде. 1991 жылы КСРО құлаған сәтте, Кубада «Periodo Especial» деген атаумен қалған экономикалық дағдарыс болды…

Халық жұмыссыз қалды. Туристер саны азаюда. Асханалар жабылуда. Қонақ үйлер қаңырап жатыр.

Соңғы апталарда Кубаға мұнай тасыған танкер келген емес…Бірнеше күн бұрын Кубада Jet A1 авиациялық керосині таусылды…

Енді не болмақ? Куба билігі құлай ма? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7799
😱56👍24😍6❤5
БАҚ: Иран Израиль аумағын атқылады.
👍170👎20🔥13❤6🤨6🤬4😍2