АҚШ-та Трампқа қатысты наразылық артуда. Бұл жолы 12 сенатор хат жазып, Путинмен жасасқан келісімді дереу тоқтатуды талап етті. Сенаторлардың алтауы демократ, алтауы республикалық. Сенаторлар Путинді тиран және агрессор деп атап, Трамптың шешімін “одақтастарымызға жасалған сатқындық” деп атады.
❤158👍145💯20🔥5🤣3👎1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Колумбия Иерусалим қаласында өз елшілігін ашты. Осылайша аталған қаланы Израильдің астанасы деп мойындайтынын білдіруде.
🤬110👍37🖕6🤨3❤1😍1😡1
PARANOIA.KZ
Колумбия Иерусалим қаласында өз елшілігін ашты. Осылайша аталған қаланы Израильдің астанасы деп мойындайтынын білдіруде.
Ислам елдері Колумбияның Иерусалимде елшілік ашуын қатаң айыптауда. Бұл 1980 жылғы БҰҰ қабылдаған қарарға қайшы әрекет дейді.
2017 жылы, 6-желтоқсанда Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындады. Ал 2018 жылы, 14-мамырда АҚШ-тың елшілігін Иерусалимге көшірді. Бұл әрекет үлкен наразылық акциясына ұласты. 14-мамырда 50 мыңға жуық палестиндік наразылыққа шықты. Израиль әскерімен қақтығысып, тас атты. Израиль әскері оқ атып, 60-тан астам палестиндік көз жұмды.
2017 жылы, 6-желтоқсанда Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындады. Ал 2018 жылы, 14-мамырда АҚШ-тың елшілігін Иерусалимге көшірді. Бұл әрекет үлкен наразылық акциясына ұласты. 14-мамырда 50 мыңға жуық палестиндік наразылыққа шықты. Израиль әскерімен қақтығысып, тас атты. Израиль әскері оқ атып, 60-тан астам палестиндік көз жұмды.
🤬75👏27🤣7🤨3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Соңғы екі аптада АҚШ-тың әскери жүк тасушы ұшақтары Жерорта теңізі мен Таяу Шығысқа тоқтаусыз жүк тасуда. АҚШ Кипрдегі базадан БАӘ-ге техникалар жеткізген. Бұл әрекеттер наурызда Иранды жаппай бомбалау алдындағы маневрлерге ұқсайды.
🤔70👏25🤬22👍6🖕6❤2🤨2👀2😡2😍1
Ресейдің 2027 жылғы федералды бюджеті. Қорғаныс саласына 41 пайыз жұмсалмақ. Әлеуметтік саясат пен ұлттық экономикаға бөлінетін қаражат азайтылды. Ал мемлекеттік қарыз саласын икемдеуге бөлінетін қаржы 17 пайызға артқан. Денсаулық саласына бөлінетін қаржы 5 пайызға азайды.
Осының өзі көөөөп дүниеден хабар беруде…
Осының өзі көөөөп дүниеден хабар беруде…
👏104🤬26😁7❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ормуз бұғазында GPS Pride контейнертасушы кемесі суға батты. Кемеде 2500 контейнер болған. Иран тарапы кеменің теңіз минасына соғылып, суға кеткенін айтуда. Экипаж құрамы құтқарылған. Қазір кей контейнер су түбіне кетсе, енді бірі су бетінде қалқып жүр.
🤬66🤣20🤨9❤3😐1
Ресей бүгін Украина аумағын “Герань-2”дрондарымен атқылауда. Соңғы уақытта бұл дрондарды Украина сәтті қағып түсіру тәжірибесіне ие болғандықтан, Ресей реактивті дрондарға көшкен еді. Алайда бүгін Starlink жылдамдығы азайған сәтте, Ресей қайта ескі дрондарды жаппай қолдана бастады. Осылайша Киевтің әуе қорғаныс жүйесіне орасан салмақ салуда.
🤬137😡11❤4🔥4👏1
PARANOIA.KZ
Федоров Starlink-тің Украина аумағында жылдамдығы қалпына келе бастағанын айтты.
Маск Starlink-тің жылдамдығын азайтпағанын айтты. Starshield жүйесі АҚШ үкіметіне қарайтынын, жылдамдықты азайту/көбейту шешімін солар қабылдайтынын жеткізді. Анығы АҚШ басшысы. Осылайша жылдамдықты Трамптың нұсқауы бойынша АҚШ билігі шектеді дегенді меңзеді.
Қазір жылдамдық дрондар үшін сағатына 160 шақырым болып тұр. Бұл реактивті дронқаққыштар мен соққы жасаушы реактивті дрондар үшін жеткіліксіз.
Қазір жылдамдық дрондар үшін сағатына 160 шақырым болып тұр. Бұл реактивті дронқаққыштар мен соққы жасаушы реактивті дрондар үшін жеткіліксіз.
🤬148😡10❤7🤣5
Ресей түнде Украина аумағын жаппай атқылады. Алғаш рет Кировоград аймағы жаппай соққыға ұшырады. Аймаққа 360-тан астам дрон шабуыл жасаған. Аймақтағы Кропивницкий қаласы негізгі нысана болған. Қалада тұрғын үйлер, теміржол желісі, қоймалар, көлік тұрағы отқа оранды. Үш адам қаза тапқан.
🤬132😡19❤2😢1
FT: АҚШ Ресейдің бұғатталған активтерін арнайы шотқа аударып, АҚШ-тың басқаруына беруді сұраған. Осылайша бұғатталған активтің бір бөлігін Ресейге беру арқылы келіссөздерді бастауға болатынын меңзеген. Бұл ұсынысты Еуропа елдері мен Украина бірден кері қайтарған.
🖕165😡18❤14🤬9🤣7👍3🤨2
Reuters: Трамп әкімшілігі сайлауға дейін дизель бағасын түсіру жолдарын іздеуде. Енді Уашиңтон Ресейдің, Иранның және Венесуэланың мұнайын тасыған әлемдегі көлеңкелі флотқа салынған санкцияны уақытша жеңілдету идеясын талқылап жатыр. Әңгіме Ресей мен Ираннан шығатын шикі мұнайға қатысты емес. АҚШ көлеңкелі флот Парсы аймағындағы араб елдерінің мұнайын тасуға уақытша мүмкіндік алса дейді. Осылайша АҚШ Парсы шығанағы аймағынан бірнеше партия мұнайды әлемдік нарыққа шығарып, дизель бағасын түсіруді ойластыруда. Тағы бір мысал, мұнай тасымалының қымбаттауына байланысты болып тұр. Қазір әлемде санкцияға ұшыраған танкерлер саны өте көп. Сондай-ақ, Қара теңіз бен Ормуз аймағында жүздеген танкер соққыға ұшырады. Бұл тасымал құнын қымбаттатты. Тізбекті реакциямен дизель бағасы да өсті.
👍55🤣35🤬11❤5🖕4🤓4🤨2🎅1😡1
АҚШ-та бір топ сенатор Пентагон мен Трамп әкімшілігінен жауап алмақ. Олар Starlink жүйесі Украина аумағында еш себепсіз жылдамдығы азайтылып, Украинаның бейбіт халқы мен Украинадағы америкалықтарға қауіп төнді дейді. Бұл іске қатысты Пентагон мен Ақ үй Конгресс алдында және АҚШ халқының алдында түсініктеме беруі тиіс деуде.
👍234💯40❤5👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Малиде азамат соғысы жалғасуда. JNIM (Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл Муслимин) лаңкестік тобы Мали әскерінің Диура аймағындағы базасына шабуыл жасады. Шабуыл барысында базаны басып алған. Шайқаста 150-ге жуық сарбаз қаза тауып, тағы 80-і тұтқынға түскен. Жүзге жуық сарбаз әскери позициясын тастап, қашып кеткен.
😱82🔥7🤬3❤2🤨1
Албания елінде де наразылық акциялары өтуде. Наразылықты студенттер ұйымдастыруда. Олар білім алу қолжетімді болсын дейді. Сонымен бірге, студенттерді қаржылай қолдау да күшейтілсін деген ойда. Қазір Албаниядағы жастардың 25 пайыздан астамы жұмыссыз. Сол үшін жұмыссыздық мәселесін шешуді де сұрауда. Наразы топ президент қызметінен кетсін деген ұранды да айтқан. Наразылық акциялары Білім және ғылым министрлігі алдында өтуде.
😱46🔥26❤7👍7🤨2