PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
АҚШ-та бір топ сенатор Пентагон мен Трамп әкімшілігінен жауап алмақ. Олар Starlink жүйесі Украина аумағында еш себепсіз жылдамдығы азайтылып, Украинаның бейбіт халқы мен Украинадағы америкалықтарға қауіп төнді дейді. Бұл іске қатысты Пентагон мен Ақ үй Конгресс алдында және АҚШ халқының алдында түсініктеме беруі тиіс деуде.
👍234💯40❤5👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Малиде азамат соғысы жалғасуда. JNIM (Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл Муслимин) лаңкестік тобы Мали әскерінің Диура аймағындағы базасына шабуыл жасады. Шабуыл барысында базаны басып алған. Шайқаста 150-ге жуық сарбаз қаза тауып, тағы 80-і тұтқынға түскен. Жүзге жуық сарбаз әскери позициясын тастап, қашып кеткен.
😱82🔥7🤬3❤2🤨1
Албания елінде де наразылық акциялары өтуде. Наразылықты студенттер ұйымдастыруда. Олар білім алу қолжетімді болсын дейді. Сонымен бірге, студенттерді қаржылай қолдау да күшейтілсін деген ойда. Қазір Албаниядағы жастардың 25 пайыздан астамы жұмыссыз. Сол үшін жұмыссыздық мәселесін шешуді де сұрауда. Наразы топ президент қызметінен кетсін деген ұранды да айтқан. Наразылық акциялары Білім және ғылым министрлігі алдында өтуде.
😱46🔥26❤7👍7🤨2
Трамп Канада туралы: "Түптің түбінде олар біздің бір штатымыз болады. Мен солай ойлаймын. Бізге олардың керегі жоқ, бірақ оларға біз керекпіз. Не үшін біз оларға жыл сайын 80-100 млрд доллар қаржы бөлуіміз керек? Олар тіпті біздің аймағымыз да емес. Менің ойымша, түбінде Канада Гренландия жолымен жүретін болады", - дейді.
🖕104🤣61👍9😡5❤1🤨1
Зеленский Трамптың энергетикалық келісімін үш күн бұзбағанын айтты. Алайда Ресей шабуыл жасауды жалғастыруда дейді. Соған байланысты енді Ресейдің МӨЗ-дерін, энергия саласын атқылауды қайта бастаймыз деді.
👍238💯39👏14🔥10❤3
Түркия су астында қалды. Толассыз жауған нөсер жауын Түркияның бірнеше аймағындағы өзендерді арнасынан асырып, су тасқыны болып жатыр. Ыстамбұл қаласы да табиғи қиқар мінезін сезінуде.
😱94👍3🤣2❤1
Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды. Олардың 28-і бала.
😱99🕊6❤4😢2🤨1
Украина әуе шарлары арқылы Мәскеудің әуежайларын бұғаттауды жалғастыруда. Үш күнде 400-ден астам рейс шегерілген. Кейбірі мүлде тоқтатылған.

Мыңдаған адам ондаған сағат бойы әуежайларда жатыр. Көбі турларының, бизнес кездесулерінің іске аспай, шығынға батқанын айтуда.
👍177👏29🔥10❤2🍾2🦄2
Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең ауқымды шабуыл.

Украина “Нептун” зымырандарын қолданған дейді ақпарат көздері.

Шабуылда 6 дана Су-34 ұшағы жойылғаны айтылуда.
🔥212👍44👏20❤8🍾3