PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Албания елінде де наразылық акциялары өтуде. Наразылықты студенттер ұйымдастыруда. Олар білім алу қолжетімді болсын дейді. Сонымен бірге, студенттерді қаржылай қолдау да күшейтілсін деген ойда. Қазір Албаниядағы жастардың 25 пайыздан астамы жұмыссыз. Сол үшін жұмыссыздық мәселесін шешуді де сұрауда. Наразы топ президент қызметінен кетсін деген ұранды да айтқан. Наразылық акциялары Білім және ғылым министрлігі алдында өтуде.
😱46🔥26❤7👍7🤨2
Трамп Канада туралы: "Түптің түбінде олар біздің бір штатымыз болады. Мен солай ойлаймын. Бізге олардың керегі жоқ, бірақ оларға біз керекпіз. Не үшін біз оларға жыл сайын 80-100 млрд доллар қаржы бөлуіміз керек? Олар тіпті біздің аймағымыз да емес. Менің ойымша, түбінде Канада Гренландия жолымен жүретін болады", - дейді.
🖕104🤣61👍9😡5❤1🤨1
Зеленский Трамптың энергетикалық келісімін үш күн бұзбағанын айтты. Алайда Ресей шабуыл жасауды жалғастыруда дейді. Соған байланысты енді Ресейдің МӨЗ-дерін, энергия саласын атқылауды қайта бастаймыз деді.
👍238💯39👏14🔥10❤3
Түркия су астында қалды. Толассыз жауған нөсер жауын Түркияның бірнеше аймағындағы өзендерді арнасынан асырып, су тасқыны болып жатыр. Ыстамбұл қаласы да табиғи қиқар мінезін сезінуде.
😱94👍3🤣2❤1
Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды. Олардың 28-і бала.
😱99🕊6❤4😢2🤨1
Украина әуе шарлары арқылы Мәскеудің әуежайларын бұғаттауды жалғастыруда. Үш күнде 400-ден астам рейс шегерілген. Кейбірі мүлде тоқтатылған.

Мыңдаған адам ондаған сағат бойы әуежайларда жатыр. Көбі турларының, бизнес кездесулерінің іске аспай, шығынға батқанын айтуда.
👍177👏29🔥10❤2🍾2🦄2
Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең ауқымды шабуыл.

Украина “Нептун” зымырандарын қолданған дейді ақпарат көздері.

Шабуылда 6 дана Су-34 ұшағы жойылғаны айтылуда.
🔥212👍44👏20❤8🍾3
PARANOIA.KZ
Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең ауқымды шабуыл. Украина “Нептун” зымырандарын қолданған дейді ақпарат көздері. Шабуылда 6 дана Су-34 ұшағы жойылғаны айтылуда.
Су-34М ұшақтарының құны 50 млн долларға жуық. Егер түнгі соққыда аталмыш ұшақтың бірден 6 данасы жойылғаны спутник түсірілімдерімен расталса, онда бұл ауқымды операцияның бірі ретінде тіркелмек.
🔥180👏40👍38❤3🍾3🤯1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы апталардағы күрделі саясаттағы күрт бұрылысы әлемдік ақпарат кеңістігін әрі-сәрі күйге түсірді. Ресеймен «мұнай келісімін» жасасқан Трамп өзін-өзі ақтау үшін «бар бәлеге» Киевті һәм президент Зеленскийді айыптап, «Украинаға жаңа басшы керек» деген Ресей риторикасын қайта қоздатты...

▪ТРАМП НЕГЕ ЗЕЛЕНСКИЙГЕ ШҮЙЛІКТІ?
▪КИЕВТІҢ ЖАУАБЫ: ПОЗИЦИЯДАН АУЫТҚЫМА, ТРАМП!
▪УКРАИНАНЫ ЗЕЛЕНСКИЙДЕН КЕЙІН КІМ БАСҚАРАДЫ?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9121
👍54🤣31❤8🤨5🤔1🖕1