PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Трамп Newsmax-ке сұхбат беріп, Зеленскийді қатаң сынға алды.

Украинаның ресейлік МӨЗ-дерді атқылауын “масқара әрекет” деп атады.

“Зеленскийге қарағанда Путинмен істес болған әлдеқайда жеңіл” дей отырып, Украинада сайлау өткізу керектігін айтты. Украина мен Ресей түбі келісім жасасатынын, алайда Зеленский тұрған сәтте келісу қиын екенін меңзеді.
🖕221🤬44🤣35👍6👎3😁2😡2🤨1
Ресей түнімен Украинаның аймақтарын атқылады. Ровно қаласында “Экватор” сауда үйін соққылаған. Волыньде аммиак кешеніне соққы жасалды. Ауаға зиянды зат бөліну қаупі бар. Киевтің төрт ауданында жарық және су жүйелері уақытша өшірілді. Украинаның батысында бірнеше аймақта электр жарығы сөндірілді. Харьковке бомба түсіп, екі бейбіт тұрғын көз жұмды.
🤬143😡6❤5🔥3
Ресей 2035 жылы Айға алғашқы АЭС салатынын мәлімдеді. Жобаны “Росатом” іске асырады дейді.
🤣280🖕48💊14🦄3👏2✍1
Трамп: “Қырым деген керемет жер. Оның төрт жағалауын да мұхит суы шайып жатыр”.

География мұғалімі: Отыр! Екі!
🤣195😁22❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: “Путин Киевті бір күнде алар еді. Алайда бір генерал бағытын өзгертіп, танк колоннасы батпаққа батып қалды”, - дейді.

Бұл сөзді бесінші сұхбатында қайталап айтып отыр…
🤣227🖕27😁18💊12🤪6❤1
Трампты ашық қолдап, сайлауда барынша жақтасқан, MAGA-блогер, АҚШ қоғамында кеңінен танымал журналист Лора Лумер Трамптың ұстанымын сынады.
 
«Зеленский Украинаның президенті болса да, болмаса да маңызды емес. Өйткені Путиннің мақсаты Украинаны тұтас басып алу. Артынша ол Польшаны, Латвия, Литваны басып алып, тұтас Еуропаға қарай бағыт алады. Тіпті дәл ертең Украинада сайлау өтсе де, Путин соғысты жалғастыруға себеп табады. Украина Ресейге басып кірген жоқ. Ресей басып кірді. Зеленскийді қызметінен алып тастау ресейлік империализмді тоқтатпайды. Мәселе Зеленскийде емес. Мәселе Путинде. Үнемі солай болған», - дейді ол. 
👍263💯60❤6🔥5😐1
The Wall Street Journal: АҚШ-тың сенаторлары (республикалықтар) екі апта бұрын Зеленскийге арнайы ұсыныспен келген. Украина Ресейдің 300 шақырым ішкі аумағына Starlink-ті пайдаланып, соққы жасау мүмкіндігін алады. Ал қарымтасына Киев ресейлік МӨЗ-дерді соққыламауы тиіс.
 
Зеленский бұл ұсынысқа қарсы еместігін білдірген. Киев ресейлік МӨЗ-дерді 100 күн атқыламауға келісетінін айтқан. Украина Starlink көмегімен ресейлік аумақты атқылау мүмкіндігіне ие болса, Киев шекара маңындағы ресейлік әскери әуежайларды, базалар мен қоймаларды, зымыран ату қондырғыларын жаппай соққылау мүмкіндігін алар еді.
👍156🔥12🤨6🤣3❤2👏1
Tesla тағы да әлемді таңдандыруда. Бұл жолы ұшатын Roadster көлігін таныстырды. Спорткар әуеде бірнеше мәрте айналып, бір секундта 96 шақырым жылдамдыққа ие болады. Көлікті таныстыру және сынақтан өткізу SpaceX полигонында өтті. Көліктің астыңғы бетінде арнайы қалақшалар бар. Бұл қалақшалар көлік әуеде айналған сәтте тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Маск көлікті жаппай шығаруды 2028 жылға көздеп отыр. Бірден үш нұсқасын сатылымға шығармақ. Соның ішіндегі ең қуаттысы Rocket спорткары (ұшады) болмақ. Алайда көлікті қарапайым жолда жүргізу қиын болғандықтан, арнайы рұқсат керек болады дейді ол.
👏80😱18🤨7❤3👍2🖕2🤔1🌚1
Forwarded from Mezgil.kz
Украина 56 түрлі зымыран мен дронын көрсетті. Оның ішінде ұрыс жағдайында қолданылып жүрген «Фламинго», «Рута», «Пекло», «Нептун», «Паляниця» қарулары да бар еді.

Украинаның қарулары қаншалықты қауқарлы? Ұшу қашықтығы қандай? Сипаттама деңгейі ше?

Әр қару қандай нысаналарды жоюға арналуда? Зымырандар қашан жаппай шығарылады? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9127
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍99👏15🔥5⚡2❤1
ЖОРТҚАН ЖОЛБАРЫС...ИТБАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ҚАЖЕТ!
 
Қазақстан сирек кездесетін жануарларды сақтау, қорғау туралы бірнеше халықаралық бастама көтеруде. «Халықаралық сирек түрлерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қор» құру туралы ұсынысты да Қазақстан жасауда. Бұл туралы мемлекет басшысы Ереванда өткен COP17 жиынында айтты.
 
Қазір Қазақстанда жолбарыстарды қайта жерсіндіру жұмыстары іске асуда. Жақында ғана бір жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілді. Тағы бірнеше жолбарыс табиғатқа жіберілмек. Оларды климат пен географияға бейімдеу жұмыстары іске асуда. Президент жолбарысты жерсіндіру бағдарламасына жан-жақты атсалысқан серіктестерге алғыс айтуда. Соның ішінде БҰҰ Даму бағдарламасына, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорына, Ресейге (жолбарыстардың кейбірін Ресейден әкелдік) және басқа да халықаралық серіктестерге, үкіметтік емес ұйымдарға алғыс айтты.
 
Бұл бағдарлама дамып, алдағы уақытта жолбарыстар толыққанды жерсініп, бейімделеді дейді мамандар. Бұған біршама уақыт қажет болмақ. Қазір Қазақстанның осы тәжірибесін әлемдегі табиғат қорғаушылар қызыға бақылап отыр. Арнайы деректі фильмдер де түсірілмек екен.
 
Ендігі кезек итбалықта. Қазір Каспийдің биологиялық қорын қорғау мәселесі кеңінен көтерілуде. Каспий жағалауында кезінде миллиондаған итбалық болыпты. Ол туралы президент былай дейді: «Каспий итбалығының жойылу қаупі ерекше алаңдатады. Соңғы ғасырда Каспий итбалығының саны 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайған. Қазақстанда Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылу қаупі бар түрлердің қатарына ресми түрде енген. Теңіз маңындағы бес мемлекет пен халықаралық қоғамдастықты осы түрді сақтап қалу жолында күш жұмылдыруға шақырамын. Арал қасіреті табиғи ресурстарды жауапсыз пайдаланудың салдары тым ауыр болатынын еске салады. Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет», – деді.
 
Қазір Қазақстан аумағында итбалықтарды зерттеу орталығы құрылуда. Бұл теңіз жануарларын қорғап, санын арттыру қажет. Каспий теңізі бес мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Итбалықты сақтау үшін аталған бес ел бірлесе жұмыс істеп, ақпарат алмасуы тиіс. Қазақстан сол мәселені көтеруде. Итбалықты сақтау Каспий теңізін сақтаумен де тікелей байланысты. Теңіз суының тартылу қаупі бар. Бұл мәселені де ең жиі көтеріп жүрген Қазақстан. БҰҰ аясында және Каспийдегі бес мемлекет ортақ су айлағын сақтап қалайық деген бастаманы біздің тарап көп көтеруде.
👍54❤10🤨9🐳3🌚2👏1🦄1
PARANOIA.KZ
Tesla тағы да әлемді таңдандыруда. Бұл жолы ұшатын Roadster көлігін таныстырды. Спорткар әуеде бірнеше мәрте айналып, бір секундта 96 шақырым жылдамдыққа ие болады. Көлікті таныстыру және сынақтан өткізу SpaceX полигонында өтті. Көліктің астыңғы бетінде арнайы…
ҰШАТЫН GRANTA

Ресейдегі “Ұлттық автокөлік одағының” вице-президенті Антон Шапарин Tesla-ның ұшатын көлігін сынай сөйледі.

“Мына Tesla-ларың еш жерде ұшпайды. Бұл көлік халықаралық жол ережесіне қарама-қайшы”, - дейді.

“Қажет болса Lada Granta-ға зымыран қозғалтқышын қоямыз. Ол да ұшатын болады”, - деп отыр.
🤣221💊22❤4
Жойқын соққы…Мали астанасы Бамако қаласында Украинаға қарсы акциялар өтуде. Наразылыққа шыққан бірнеше адам “Киев режимі адамдарымызды алдап, соғысқа тартуда” дейді.

Айтпақшы, Малиде азамат соғысы жалғасып жатыр. Билікті әскери хунта басып алған. Оларға қарсы туарегтер мен лаңкестік ұйымдар соғысуда. Бамаконың маңында ботқа болып жатыр.
🤣117😁8🤪6❤2🤷‍♂2👍1