PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Украина тағы бір Ми-28Н тікұшағына дронмен соққы жасады.
🔥153👍49🍾2❤1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ура, товарищи!
🤣120💊36🤪8🦄2❤1
Украина ресейлік әскери логистикаға соққы жасауды жалғастыруда. Сонымен бірге, оккупациядағы жолдардағы жүк көліктерін де ұдайы соққылауда.
👏139🔥39👍18❤6🤣2🍾2
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Ресей Украина аймақтарын соққылады, қаза болғандар бар

Сенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Славянск қаласына авиабомбамен соққы жасады. Қалалық әскери әкімшіліктің жетекшісі Вадим Ляхтың айтуынша, кемінде бір адам қаза болды, 10 адам жарақаттанды. Үйінді астында адамдар қалуы мүмкін.

Запорожьеге де соққы жасалды. Украинаның төтенше жағдай ведомствосының хабарлауынша, бес адам жарақаттанды, арасында бала да бар. Бірнеше ескі ғимарат бүлінген.

Харьков пен Харьков облысындағы он елді мекенге әуеден соққы жасалды деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің жетекшісі Олег Синегубов. Оның сөзінше, екі адам қаза болды, 41 адам зардап шекті.

Украинаның қарулы күштері өткен түні әуеде 293 дронды жойған. 25 орынға дрон түскен.
🤬115😡8😢7❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ормуз бұғазында 2 млн баррельге жуық мұнай тиеген супертанкер минаға соғылып, өртеніп жатыр.
😱91🔥20🤬11👍5❤2🤨1
БАҚ: Президент Дональд Трамп Линдси Грэм әзірлеген “тозақ санкцияларын” енгізуден бас тартты. Трамп құжаттағы “АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай келсе” деген тұсты пайдаланып, “қазір бұл санкцияларды енгізу ұлттық мүддемізге сай емес” деп атады.

Бұл санкциялық құжатты Конгресс өткен айда мақұлдады. Трамп та қол қойды. Алайда санкцияларды енгізу/енгізбеу құқығы Трампқа берілді. Трамп бір айдың ішінде тиісті шешім қабылдауы қажет еді. Ол “әзірге санкция салатын сәт емес” деп шешті. Осылайшы санкция енгізуді тағы бір айға шегерді.
🤬163👎25👍7❤4🤔1🌚1🖕1😡1
Bloomberg: Ресейдің мұнай өнімдерінің экспорты соңғы 10 жылдағы минимумға түсті. Қазір күндігіне 146 мың баррель болып тұр. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 979 мың баррель еді. Трамп пен Путиннің келісімі дизель экспортын қайта қалпына келтіруі мүмкін.
👎104🤬27👍18🖕2❤1
PARANOIA.KZ
Bloomberg: Ресейдің мұнай өнімдерінің экспорты соңғы 10 жылдағы минимумға түсті. Қазір күндігіне 146 мың баррель болып тұр. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 979 мың баррель еді. Трамп пен Путиннің келісімі дизель экспортын қайта қалпына келтіруі мүмкін.
Есесіне мұнай бағасы өсуде…Reuters-тің жазуынша, Brent сұрыпты мұнай 109 долларға жеткен. Мұнай нарығы Украина-Ресей соғысы, Таяу Шығыстағы шиеленіс, Саудия мен хуситтер қақтығысына байланысты реакция танытуда.
👍91❤7🖕1
Кезек Италияға келді…Студенттер білім саласына қаржы бөлуді арттырып, қорғаныс саласына бөлінетін бюджетті азайтуды сұрауда. Италияның бірнеше қаласында студенттер мен тәртіп сақшылары қақтығысып жатыр.
😱71😐11❤7🤣3🤨3👍2
ТАСС: Ресей ғалымдары дизель отынын жержаңғақ және пальма майымен алмастыру бойынша тәжірибелер жүргізуде.

Дизель отынына жержаңғақ және пальма майын қосу бойынша тәжірибелерді Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университетінің (НовМУ) және К. А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің ғалымдары жүргізіп жатыр.

«Дизель отынына жержаңғақ немесе пальма майын қосуға болады. Ол сәтте қозғалтқыш ақауларсыз жұмыс істейді», — дейді ғалымдар.

Алайда өсімдік майлары дизель отынына қарағанда қоюырақ екенін және «басқаша тұтанатынын» атап өтті. Сондықтан оларды жанармай багына жай ғана құюға болмайды. Оны арнайы құрылғылар арқылы бейімдеу қажет дейді.
🤣111💊11🤪6❤2🖕2👍1🥴1
Украина әуе шарлары арқылы Ресейдің әуежайларын бұғаттауды жалғастыруда. Түнде Мәскеу маңындағы әуежайлар 370 рейсті тоқтатқан. Мыңдаған адам әуежайда жатыр.
👏178👍26❤13🤝5😐4🤣3🔥1👻1