PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Франция. Наразылық акциялары жалғасуда. Наразы жастар бірнеше қалада туристік орталықтар мен әкімшілік ғимараттарды шабуылдап, кейбіріне от қойған.
🤬50🤷‍♂7🤨5🔥3👍1
Мысыр әскері Саудияға көмекке келуі мүмкін. Қазір тараптар бұл мәселені қызу талқылап жатыр.
 
Осы сәтте хуситтер ескерту жасады. «Егер Мысыр қақтығысқа араласатын болса, мысырлықтар қысқа дейін отын дайындап, жылу жүйесін қолға алсын. Сонымен бірге, Тель-Авивке жеткен зымыранымыз Мысырдың кез келген тұсына, Каир мен туристік орталықтарына да жететініне күмәнданбасын», - дейді.
🤬50👍25🤨5🤣4❤2🌚1
ТАРИХТЫ ӨРТЕУ…

Франция. Лимож қаласы. 1883 жылғы ғимарат. Талай тарихи оқиғаға куә болған нысан. Бірінші һәм екенші жаһан соғысынан аман қалған ғимарат. Міне, сол ғимаратты наразы топ оп-оңай өртей салды. Тарихи ғимарат екен деп қарамады. От қойып, лаулаған өртке шапалақ соғып, қарап тұр.

Қазір Франция астан-кестең болып жатыр. Қазан айында Францияда әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты жаппай наразылықтар күшейді. 17-қазанда Париж, Марсель, Лион, Тулуза сияқты ірі қалаларда шерулер өтуде. Тәртіп сақшыларымен қақтығысып жатыр.

Наразылықтарға мектеп оқушылары, студенттер, кәсіподақ өкілдері қатысуда. Наразылықтың себебі көп.

Бірінші себеп — қымбатшылық. Азық-түлік, жанармай және басқа да күнделікті қажеттіліктерге жұмсалатын шығындардың артуы азаматтарың наразылығын арттыруда.

Екінші себеп — білім беру жүйесіндегі мәселелер. 2026 жылғы қыркүйектің ортасынан бастап бірқатар мектептерде мұғалімдердің жетіспеушілігіне, оқу ғимараттарының жағдайына және білім беру саласын қаржыландыруға қатысты наразылықтар басталды. Кейін бұл қозғалыс басқа әлеуметтік топтардың талаптарымен ұштасып, жалпыұлттық сипат алып кетті. Қазір білім беру саласын реформалауға қатысты наразылықтар Еуропаның бірқатар елінде болып жатыр.

Үшінші себеп — әлеуметтік теңсіздік және мемлекеттік қызметтерге қатысты алаңдаушылық. Азаматтардың бір бөлігі әлеуметтік мүмкіндіктердің тең бөлінбейтінін және мемлекеттік қызметтердің сапасы төмендеп бара жатқанын айтуда. Осы салада да өзгерістерді талап етуде.

Наразы топтың бірқатар талабы орындалар. Билік кей салаға өзгеріс те жасайтын болар. От қойып, тас лақтырғандар да жазаланар. Бірақ талқандалған тарихи нысандар түпнұсқа болып қайта қалпына келмес…
😢11😱9🔥1
Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында атыс болды. Қаза тапқандар бар.
👍10🔥4❤1