PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
СЫЙҒА ТАРТЫПТЫ...

KNUS жайлы жастардың көбі біледі. Қазақ ұлттық спорт университеті осыдан 5 жыл бұрын құрылды. О баста 150-ге жуық студент білім алса, бүгінде 5 мың студент осы оқу орнында түрлі мамандықты игеріп жатыр екен.

Университеттің негізін Нұрасыл Медеу деген жігіт қалаған еді. Ол 5 жылдың ішінде инвестиция тартып, өз қаражатын құйып, университетті жан-жақты дамытуға үлес қосады. Халықаралық әріптестіктер орнатады. Студенттер әлемдік сайыстарда жүлде алуда. Мысалы, әлгінде ғана Жапонияда өткен Азия ойындарына KNUS-тың 17 студенті қатысып, 14-і жүлде иеленіпті. БАҚ солай дейді. Жақсы жетістік.

Енді осы оқу орнын Нұрасыл Медеу тұтастай мемлекетке сыйға тартыпты. Бұл туралы өзі айтты. Өзі негізін қалап, уақытын, қаржысын, энергиясын сарп еткен, жан-жақты дамытқан университетті мемлекетке еш өтеусіз беремін дейді. «Туған еліме жасаған өтеусіз сыйым осы болсын», – депті Нұрасыл Медеу.

Университеттің студенттер алдындағы міндеттемелері сақталады дейді. Ішкі білім беру гранттарын да сақтап қаламыз деп отыр.

Жалпы ол меценаттықтың жаңа үлгісіне жол ашқан сияқты. Бұған дейін азаматтардың қаржы аударғанын, млрдтап қайырымдылыққа бергенін көріп келдік. Бірақ өзі құрған жобасын мемлекет иелігіне беру біздің елде бірінші рет болып тұрған сияқты. Мүмкін болған болар, мен білмейтін шығармын.

Әлемдік тәжірибеде бұндай мысалдар бар. Мысалы 1941 жылы Ford компаниясы бұрын автомобиль өндірген Сиэтлдегі зауыттың меншігін АҚШ федералдық үкіметіне сыйға тартты. Мемлекет оны соғыста әскери-логистикалық мақсатта қолданды дегендей. АҚШ пен Еуропада осындай бірнеше мысал бар. Енді сол тәжірибе бізге де ақырындап келетін сияқты. Алғашқы мысалы осы KNUS болса қажет.
👍109🤣19❤8👏8🤨2🖕2🆒2🤪1
Рубио бүгін былай деді: “Украинаға Starlink жүйесінің жылдамдығын шектеген жоқпыз. Ақ үйдің де, Пентагонның да қатысы жоқ. Өздігінен болған жағдай болса керек. Білуімше қазір бәрі реттелді”, - дейді.
🤬110🤣23🖕10❤1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Петербургқа соғыс басталғалы бергі ең рі шабуылдардың бірі жасалды

“Петербург мұнай терминалы”, "Ручьи" мұнай қоймасы, Вконтакте дата орталығы, Ozon қоймаларына соққы тиді. Дрондардың бірі көпірге түсті.

Губернатор Беглов жексенбі күні таңертең бір адам қаза болғанын, тағы бес адам жараланғанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, зардап шеккендердің саны 10-ға жетті. 12 тұрғын үй бүлінді.

Екі трансформаторлық станцияның жұмысы тоқтады. 20 мың тұрғын жарықсыз қалды. Пулково әуежайында шабуылдың салдарынан ондаған рейс кейінге қалдырылды, жолаушылар терминалдан эвакуацияланды.

Видео: Exilenova арнасы, Ozon қоймасындағы өрт
🔥145👍18❤17🍾3💯2
Франция. Париж. «Республика» алаңы. Палестина, Суринам, Алжир және басқа елдердің туын көтерген топ, алаңды басып алды.
🤬108👍25🖕8🤔5🤨2❤1
The Guardian: БАӘ Йемендегі хуситтерге қарсы күштерді қаржыландыруды қайта бастамақ. Саудия мен БАӘ бұл мәселеде келісімге келді. Сауд Арабиясы әуеден қолдау жасайды, ал БАӘ Йеменнің заңды үкіметінің элиталық жасақтарын қаржыландырады.
👍100🤣7🤨6👏2❤1🌚1
Зеленский: “АҚШ Украинаға барлау ақпаратын толық форматта беруде.”
👍187🤝15❤8
Мысырдың Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Сауд Арабиясына жан-жақты көмек көрсету шешімін қабылдады. Мысыр парламенті шұғыл жиын өткізеді.
👍98🤣14🌚2🤨2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Париж. Қаланың әр тұсы түтіндеп жатыр. Макрон ел халқына арнайы үндеу жасамақ.

“Француз ұландары” ұлтшылдар қозғалысы қалаларға әскер кіргізуді талап етуде.
🤬86👏24🤨7🔥3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Париж. Қаланың әр тұсы түтіндеп жатыр. Макрон ел халқына арнайы үндеу жолдамақ.

“Француз ұландары” ұлтшылдар тобы қалаларға әскер кіргізіп, наразылықты күшпен басуға шақыруда.
😱65🔥13🤨4👍3😍3👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Эквадорда шіркеу қызметкері діни рәсім орындау сәтінде қаза тапты. Альфредо Санчес Молинари діни жоралғыны тікелей эфирде өткізіп жатқан. Бір сәтте басына крест құлап, ауыр соққыдан оқиға орнында көз жұмды.
😱98🤣28😢15🤔9😭2👀2
Трамп Францияға қатысты пікір білдірді.

“Франция өртеніп жатыр. Жүрегі өшпенділікке толы, өзге әлемнен келгендер ұлы елді талқандап жатыр. Шекараны жабыңдар және кеш болмай тұрғанда жағдайды өз қолдарыңа алыңдар”, - дейді.
💯118🤣27👍15🤨6💊6❤3🖕2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Yle: Финляндияда Микко Макконен есімді азамат өз аумағына бақылау мұнарасын орнатып, Ресей аумағын бақылап отыр. Макконен 20 метрлік шекараны бақылау мұнарасын өте арзанға сатып алған. Енді ол апта сайын мұнараға шығып, дүрбімен Ресей аумағын бақылап, қауіпсіздік кітапшасын толтырып отыратынды шығарған.
👍202🤣32❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Баламасы жоқ…”Мотоциклдің соңғы тұяғы” шығармасына сұранып тұр…
🤣156👍5❤1
Тунисте де жаппай толқулар басталды. Кеше басталған, бүгін жалғасуда. Бірнеше мың адам президент Қайыс Саидтың қызметтен кетуін талап етіп, алаңдарға жиналған. Шеруді оппозициялық топтар қолдап, халықты жаппай көтерілуге шақырды.
 
Тунисте экономикалық дағдарыс жалғасуда. Елде ұдайы электр жарығы сөндіріледі. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қымбат. Кей аймақта тапшылық байқалуда.
 
Айтпақшы, кезінде «Араб көктемі» дәл осы Тунистен басталып еді. 2010 жылы Мұхаммед Буазизи деген саудагер тауарын тәркілеуге қарсы шығып, өзін өртеп жіберген болатын. Сол өрт күллі араб әлемін шарпыды.
👏67🔥12🤨6❤4