PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Зеленский: “АҚШ Украинаға барлау ақпаратын толық форматта беруде.”
👍186🤝15❤8
Мысырдың Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі Сауд Арабиясына жан-жақты көмек көрсету шешімін қабылдады. Мысыр парламенті шұғыл жиын өткізеді.
👍97🤣14🌚2🤨2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Париж. Қаланың әр тұсы түтіндеп жатыр. Макрон ел халқына арнайы үндеу жасамақ.

“Француз ұландары” ұлтшылдар қозғалысы қалаларға әскер кіргізуді талап етуде.
🤬85👏24🤨7🔥3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Париж. Қаланың әр тұсы түтіндеп жатыр. Макрон ел халқына арнайы үндеу жолдамақ.

“Француз ұландары” ұлтшылдар тобы қалаларға әскер кіргізіп, наразылықты күшпен басуға шақыруда.
😱64🔥13🤨4👍3😍3👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Эквадорда шіркеу қызметкері діни рәсім орындау сәтінде қаза тапты. Альфредо Санчес Молинари діни жоралғыны тікелей эфирде өткізіп жатқан. Бір сәтте басына крест құлап, ауыр соққыдан оқиға орнында көз жұмды.
😱97🤣28😢15🤔9😭2👀2
Трамп Францияға қатысты пікір білдірді.

“Франция өртеніп жатыр. Жүрегі өшпенділікке толы, өзге әлемнен келгендер ұлы елді талқандап жатыр. Шекараны жабыңдар және кеш болмай тұрғанда жағдайды өз қолдарыңа алыңдар”, - дейді.
💯117🤣26👍15🤨6💊6❤3🖕2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Yle: Финляндияда Микко Макконен есімді азамат өз аумағына бақылау мұнарасын орнатып, Ресей аумағын бақылап отыр. Макконен 20 метрлік шекараны бақылау мұнарасын өте арзанға сатып алған. Енді ол апта сайын мұнараға шығып, дүрбімен Ресей аумағын бақылап, қауіпсіздік кітапшасын толтырып отыратынды шығарған.
👍200🤣32❤7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Баламасы жоқ…”Мотоциклдің соңғы тұяғы” шығармасына сұранып тұр…
🤣154👍5❤1
Тунисте де жаппай толқулар басталды. Кеше басталған, бүгін жалғасуда. Бірнеше мың адам президент Қайыс Саидтың қызметтен кетуін талап етіп, алаңдарға жиналған. Шеруді оппозициялық топтар қолдап, халықты жаппай көтерілуге шақырды.
 
Тунисте экономикалық дағдарыс жалғасуда. Елде ұдайы электр жарығы сөндіріледі. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қымбат. Кей аймақта тапшылық байқалуда.
 
Айтпақшы, кезінде «Араб көктемі» дәл осы Тунистен басталып еді. 2010 жылы Мұхаммед Буазизи деген саудагер тауарын тәркілеуге қарсы шығып, өзін өртеп жіберген болатын. Сол өрт күллі араб әлемін шарпыды.
👏65🔥12🤨5❤4
Трамп Израиль халқына үндеу жасады. Былай дейді:
 
«Израильдің ұлы халқына үндеу жасаймын!
 
Нетаньяху ұлы премьер-министр, жауынгер және ол «Израильге өлім! АҚШ-қа өлім! Кіші және Үлкен сайтанды жоямыз!» деп 51 жыл қатарынан ұрандатушы Иранға қарсы соғыста керемет одақтас болды.
 
Осындай мәлімдемелерге жол беріп, үнсіз қала берсе, қай ел аман қалмақ? Өйткені мұндай қоқан-лоққы түптің түбінде шындыққа айналуы мүмкін. Иранның осы қауіпті сөздерін іске асыруға талпынуы уақыт мәселесі ғана еді. Алайда оның әскери қуаты мен қаржылық мүмкіндіктеріне жүйелі түрде соққы берілді. Егер Тегеран саясатын тез арада өзгертпесе, біз бастаған ісімізді көп ұзамай аяқтаймыз.
 
Егер Израильдің тізгінін Бибиден басқа біреу ұстаса, онда бұл істі Америка өз қолына алып, өзі аяқтауға мәжбүр болады. Ал менің мұндай іске өз бетімше кірісуге ниетім жоқ.
 
Биби Нетаньяху орасан зор қарсылыққа, тіпті өз елінің ішіндегі қысымға қарамастан, қайсарлық, батылдық пен асқан табандылық танытты. Ол барлық қиындыққа төтеп беріп қана қоймай, айтарлықтай жетістікке де жетті!
 
Мен Бибидің ең ауыр кезеңдердегі әрекетін өз көзіммен бақыладым. Мұндай қысымға көп адам шыдай алмай, сағы сынар еді. Бірақ Биби мойымады. Қайта қайратына қайрат қосып, бүгінге дейін өз ұстанымынан таймай келеді.
 
Америка Құрама Штаттарына дәп қазіргі Израильдей серіктес қажет.
 
Осы мәлімдемем арқылы алдағы сайлауда Израиль премьер-министрі қызметіне қайта сайлануға үміткер Биби Нетаньяхуды толық әрі ешбір шартсыз қолдайтынымды жариялаймын.
 
БИБИ НЕТАНЬЯХУ СІЗДЕРДІ ЕШҚАШАН ЖЕРГЕ ҚАРАТПАЙДЫ!», - дейді Трамп.
🖕120🤣50👍33❤9😡8💊5🤬4🤨4☃1
PARANOIA.KZ
Трамп Израиль халқына үндеу жасады. Былай дейді:   «Израильдің ұлы халқына үндеу жасаймын!   Нетаньяху ұлы премьер-министр, жауынгер және ол «Израильге өлім! АҚШ-қа өлім! Кіші және Үлкен сайтанды жоямыз!» деп 51 жыл қатарынан ұрандатушы Иранға қарсы соғыста…
Сайлау 27-қазанда өтеді. Кей сарапшылар оппозицияның мүмкіндігі жоғары дейді.
 
Гади Айзенкот — оппозицияның басты үміткерлерінің бірі. Оның «Яшар» партиясы соңғы сауалнамалардың бірқатарында жеке партиялар арасында алда келеді. Сайлаудағы негізгі бәсеке Нетаньяху мен оны алмастыруға ұмтылған оппозициялық күштер арасында болып жатыр.
 
Ал Биньямин Нетаньяху билікте қалуға тырысады. Дональд Трамп 18-қазанда оны ашық қолдады. Алайда сауалнамаларда Нетаньяху бастаған коалицияның парламенттік көпшілікке жетуі қиын болып тұр.
 
Израиль парламентінде үкімет жасақтау үшін 120 орынның кемінде 61-ін иелену қажет. Қазіргі сауалнамаларда екі тараптың да тұрақты көпшілік қалыптастыруы қиын. Сондықтан оппозиция көбірек орын алса да, Нетаньяхудың биліктен кететініне кепілдік жоқ.
🤔51👍12🤬10❤3🤨2😡1
PARANOIA.KZ
Сайлау 27-қазанда өтеді. Кей сарапшылар оппозицияның мүмкіндігі жоғары дейді.   Гади Айзенкот — оппозицияның басты үміткерлерінің бірі. Оның «Яшар» партиясы соңғы сауалнамалардың бірқатарында жеке партиялар арасында алда келеді. Сайлаудағы негізгі бәсеке Нетаньяху…
Сарапшылар Трамптың Нетаньяхуды қолдайтын жазбасынан кейін, Нетаньяхудың билікте қалу мүмкіндігі артқанын болжауда. Себебі Израиль тарапы АҚШ-тың әскери қолдауынан айырылғысы келмейді дейді.
🤬67👍38💯7🤨5❤2
Ауғанстан-Пәкістан шекарасында тәлібтер мен пәкістандық шекарашылар арасындағы атыс-шабыс жалғасуда. Қос тараптан да қаза тапқандар бар.
🤣38🤨19🤬15🦄3❤2