БАҚ: АҚШ түнде Украинаға Ресейдің баллистикалық шабуылы жайлы кезекті мәрте ескерткен жоқ.
🤬153🤣7🤔5❤2
БАҚ: Демократтар Конгрессте басымдыққа ие болса, Трампқа қатысты бірнеше тексеріс өткізбек. Қор нарығын құбылту арқылы жеке пайда табу, сыртқы саясатта АҚШ-тың мүддесіне қайшы әрекеттер жасау, “Эпштейн ісі” бойынша жариялымдарды толық жарияламау себебін анықтау және басқа.
🤝135👏57👍42🔥6❤2🤨2🤬1💯1
Берлинде жүздеген адам Әзербайжан елшілігі орналасқан көшеде митинг өткізді. Митингке Иран, Әзербайжан, Германияның туын көтеріп келген көпшілік "Әлиев диктатор!", "Хиджабқа рұқсат етілсін!" деп ұрандатқан.
🖕77👍63🤣21👎7🤨6❤1
Венгрияда Петер Мадияр мен Виктор Орбан арасындағы "айқас" күшейді. Петер Мадиярдың сөзінше, Орбан оппозиция өкілдерін билікке қарсы қарулы көтеріліс жасауға үндеген. Ал Орбан бұл мәлімдемені жоққа шығарып, "менің сөзімді бұрмалап тұрсың" деді. Мадияр "қарулы көтеріліс жасаудың жазасы 5 жылдан бастап өмір бойына дейін сотталуға әкелмек" деп сес көрсетті.
👍139🤨5☃4
Айтпақшы, Трамп кеше Зеленскийді айыптап, тағы да табақтай етіп пост жазды. "Мен соғысты аяқтау үшін барымды салудамын. Ресей қазір Иранға көмектесіп жатқан жоқ. Есесіне әлемге арзан дизель шығаруда. Осы сәтте Зеленский Ресейдің МӨЗ-дерін соққылап, дизель бағасын шарықтатып жіберді. Бұл әлемге, АҚШ-қа зиянды әрекет. Жалпы Зеленский соны біле тұра өз әрекетін жалғастыруда. Зеленский соғысты аяқтағысы келмейді. Ешқашан аяқтауды ойламаған да болар. Ол осыдан екі жыл бұрын өзіне тиімді шарттармен соғысты аяқтай алар еді, олай етпеді. Мен соғысты аяқтауды қалаймын", - деді қысқасы.
🤣140🖕57🤬16💊7🤨5❤4👍2
Франция. Париж көшелеріндегі көрініс. Дарт Вейдерге де жан керек...
🤣89🤨4❤2
WSJ: Путин Трамппен телефон арқылы сөйлескен сәтте, үш жақты саммит өткізуді ұсынды. Яғни, АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы саммит. Саммитті 18-19 қарашада, Қытайда өтетін АТЭС жиыны аясында ұйымдастыруға болады дейді. Сарапшылар осы жиында Путин Украинадағы соғысты өзіне тиімді шартпен аяқтау жолдарын ұсынбақ деп топшылауда. Әзірге саммиттің өту/өтпеуі нақтыланған жоқ. Алайда тараптар бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растауда.
🤬116🤣19❤6🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Майдан даласы. Дрондар үйірі. Окоптағы ресейлік сарбазға бірнеше дрон соққы жасаған сәт.
👏124🔥28👍25👀1
Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту бағытын растады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Ақпарат: СІМ парақшасынан

👍93👏8❤7🤨3🤣2🖕1
Forwarded from Mezgil.kz
Еуропаны төңкеріс елесі кезіп жүр…
Франциядағы қақтығыс. Қанша дүкен қирады? Шығын көлемі қандай? Қақтығыстың артында кімдер тұр?
Италия, Бельгия Португалияда не болып жатыр?
Сарапшылар не дейді? Толығырақ⬇️
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9144
Франциядағы қақтығыс. Қанша дүкен қирады? Шығын көлемі қандай? Қақтығыстың артында кімдер тұр?
Италия, Бельгия Португалияда не болып жатыр?
Сарапшылар не дейді? Толығырақ
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9144
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
mezgil.kz
Еуропаны төңкеріс елесі кезіп жүр: Қақтығыс пен наразылықтың артында кімдер тұр?
Қымбатшылық, баспана дағдарысы, білім беру жүйесіндегі теңсіздік пен билікке деген сен
🤬39😱17🤨4🤣2❤1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бразилияда президенттік сайлау қайнап жатыр. Басты қарсыластар Болсонару мен Лула да Силва дебатта кездесді. Бір-бірін аямай сынады. Сөзбен сыбады(сабады).
Флавио Болсонару: Лула! Осы жерде менің қасымда қал. Мен агрессор адам емеспін ғой.
Лула да Силва: Мен қарулы топтың мүшелерінен алшақ жүргенді құп көремін.
Флавио Болсонару: Әй, менің қалтамда әмияным жоқ. Демек, сен мені тонай алмайсың деген сөз.
Лула да Силва: Сенің әлгі бір ағаң бар еді ғой. Сол қазір АҚШ-та қашып жүр және Бразилияға қарсы жоспар құруда. Ол Трамптан біздің еліміздің ішкі саясатына араласуды сұрауда. Сенің жасап отырғаның – елімізді сату. Осы үшін сені сотқа тартатын болады.
Екеуі біраз айтысты. Ішкі, сыртқы саясатты айтып, бір-бірін аямай сынады. Бір-бірін сатқын, жемқор, парақор, қылмыскер деп атады.

🤣69❤13🤨7🌚2
Ал мынау соғыстағы тағы бір технологиялық өзгеріс десек те болады. Украина алғаш рет дронның көмегімен майдан даласында жараланған сарбазды эвакуациялады. Gurzuf Defence компаниясының дроны арқылы жауынгерді әуеге көтеріп, қауіпсіз позицияға алып шыққан.
Қазір түрлі компаниялар дрондарды жан-жақты дамытуда. Дрондар ЖИ арқылы жарақтануда. Су астына сүңгитін, су бетімен жүзетін, құрлық дрондары, барлау және соққы жасаушы дрондар, жер қазатын дрондар және басқа дегендей. Енді майдан даласына оқ-дәрі, азық-түлік жеткізетін дрондар мен сарбаздарды эвакуациялайтын дрондар да кеңінен қолданылуда.
Әлбетте, бұндай дрондарды қолданудың өз қаупі де бар. Қарсыластың дрондарынан қорғану қажет. Дәл осы операцияда қарсыластың дрондарын тоқтату үшін Украина бірнеше кіші дронды қоса жіберген екен.

👍151👏24❤17😁1