PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Түркия билігі Сирия мен Ирактан әскерін шығарудан бас тартты. "Шекараға төнетін қауіп толық жойылған сәтте ғана әскерімізді әкетеміз" дейді Анкара.
🤝53👍19❤3🖕2👎1
БАҚ: Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұған премьер-министрдің ресми сөзінің мәтініндегі қате себеп болған. Пашинян Жапаровпен кездесу барысында оны Қазақстанның басшысы деп бірнеше мәрте атаған. Өйткені мәтінге солай жазылған еді. Бұл жайттан кейін Пашинян хаттама басшысын қызметінен босатты.
🤣65👏10😁6
Трамп Киевке апаратын жол туралы өзінің сүйікті әңгімесін тағы да қайталады:

“Ресей әскерінің тасжолмен жүйткіп келе жатқан мыңнан астам танкісі болды.

Егер олар танктің ең жоғары жылдамдығымен, яғни сағатына 48 мильмен (шамамен 77 км/сағ) жүре бергенде, небәрі төрт сағатта елдің ішіне кіріп үлгерер еді. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмас еді. Соғыс бір күннің ішінде-ақ аяқталар еді.

Бірақ әлгі бір ақымақ генерал…оның кім екенін де білмеймін. Оның әлі тірі екеніне де күмәнім бар. Бәлкім, бұл дүниеде жоқ та шығар.

Сол генерал тасжолмен тура жүре берудің орнына, оңға бұрылып, егістік алқаптарға кірген. Содан кейін солға бұрылып, Киевке қарай бет алған. Тасжолмен жүйткіп келе жатқанда, Ресей әскері айтарлықтай сәтті келе жатты.

Бар болғаны үш жарым-төрт сағат! Сонда бүкіл соғыс аяқталар еді!

Ал ақырында не болды? Танктер балшыққа батып, тұралап қалды. Міне, солай болды”, - дейді.
🤣101🖕15💊2
PARANOIA.KZ
Трамп Киевке апаратын жол туралы өзінің сүйікті әңгімесін тағы да қайталады: “Ресей әскерінің тасжолмен жүйткіп келе жатқан мыңнан астам танкісі болды. Егер олар танктің ең жоғары жылдамдығымен, яғни сағатына 48 мильмен (шамамен 77 км/сағ) жүре бергенде…
Бір қызығы осы оқиғаны Трамптан басқа ешкім айтқан емес. Үнемі Трамп айтады.

Әкелеріміз бас қосса, “баяғыда армияда болғанда” деп бастайтын, мың рет қайталайтын әңгімелері бар. Мынау да сол жанрға ұқсас сияқты…
🤣79❤1
PARANOIA.KZ
Трамп Киевке апаратын жол туралы өзінің сүйікті әңгімесін тағы да қайталады: “Ресей әскерінің тасжолмен жүйткіп келе жатқан мыңнан астам танкісі болды. Егер олар танктің ең жоғары жылдамдығымен, яғни сағатына 48 мильмен (шамамен 77 км/сағ) жүре бергенде…
Трамп: “Соғыс басталардан бір күн бұрын Украинада бұрын-соңды болмаған нөсер жауды. Жер лай болды. Батпаққа айналды. Сол себепті танктер балшыққа батты да қалды. Мен бұл жайлы айтып па едім?!”, - дейді.
🤣79💊4👎3🦄2❤1