PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
АУЫЛДАН ИТАЛИЯ САХНАСЫНА…

Қазақстанның ауылдық жерлерінде тұратын талантты балалар кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, Италияның Sanremo қаласында өтетін итальян әнінің 77-фестивалі аясында сахнаға шығу мүмкіндігіне ие болмақ.

«Auyl Art Fest» халықаралық вокалдық байқауы басталды. Байқау ауыл балалары мен жасөспірімдерінің шығармашылық қабілетін ашуға бағытталған әлеуметтік жоба саналады. Байқауға өтінімдер art.auyl.kz сайты арқылы 2026 жылғы 15 қазан мен 1 желтоқсан аралығында қабылданады.

Жобаның басты мақсаты — жас орындаушылардың талантын ашуға, кәсіби бағалаудан өтуіне және ірі мәдени орталықтардан шалғайдатұрса да, үлкен сахнаға жол ашуына мүмкіндік беру.

Шағын ауылда тұратын бала үшін кәсіби музыкалық өнерге жол табу әрдайым оңай емес. Арнайы музыкалық білім алу, байқауларға қатысу және сахнада өнер көрсету мүмкіндіктері кейде географиялық қашықтық пен инфрақұрылымның шектеулі болуына байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. «Auyl Art Fest» осы кедергілерді азайтып, баланың талантына тұрғылықты жеріне қарамастан назар аударуға және қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаның бастамашысы — «Di Canto Italiano» академиясының жетекшісі, опера әншісі, дирижер әрі Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы БатыржанСмақов. Байқау балалар шығармашылығын қолдауды, кәсіби вокалдық іріктеуді және халықаралық мәдени ынтымақтастықты ұштастырады.

Байқауға Қазақстанның ауылдық жерлерінде тұратын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Өтінім беру үшін қатысушы өзі таңдаған әнді орындап, бейнежазбасын онлайн форматта жіберуі қажет. Мұндай формат еліміздің әр өңіріндегі жас вокалистерге алғашқы кезеңде басқа қалаға бармай-ақ, өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Өтінімдер қабылдау және онлайн іріктеу 2026 жылғы 15 қазаннан 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Онлайн жартылай финал 6–21 желтоқсан аралығында өтеді. Ал финал мен гала-концерт Астана қаласында 2027 жылғы қаңтардың басындаұйымдастырылады. Екі жеңімпаздың есімі гала-концертте жарияланады.

Байқаудың басты жүлдесі — Италияның Sanremo қаласында өтетін итальян әнінің 77-фестивалі аясында өнер көрсету мүмкіндігі. Жеңімпаздардың Италияға сапары 2027 жылғы 14–20 ақпан аралығына жоспарланған.

Ауылда тұратын талантты таныстарыңыз болса, жіберіп қойыңыз!
👍46👏6❤4
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазір әлемдік саяси кеңістік Ақ үй жақтан Киевке қарата қатаң әскери-саяси риторикалардың жиілегенін ызу-қызу талқылауда. Дональд Трамп әкімшілігінің Украинаны Ресей айтқан шарттармен бейбіт келісімге келуге мәжбүрлеу әрекеті тек Шығыс Еуропадағы майдан шебін өзгертіп қана қоймайды.

▪УКРАИНА МЕН ЕУРОПА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТИГІЗЕТІН САЛДАРЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
▪АҚШ ПЕН РЕСЕЙ МӘМІЛЕСІНІҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9157
🤔31❤2🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Калининград аймағында Су-30М ұшағы құлады. Ұшқыштар тірі, алайда жарақат алған.
👏93🔥23👍10
Ресей Стивен Хаббардты босатты. Бұл туралы Трамп мәлімдеді.

“Осыдан 4 жыл бұрын, яғни Байден президент болған сәтте тұтқынға түскен Хаббард босатылды. Мен Путинге оны босату жайлы өтініш айттым. Ресей оны босатты”, - дейді Трамп.

Хаббард АҚШ-та әскери қызметкер, кейін мұғалім болған. 2014 жылы Украинаның Изюм қаласына көшіп келеді. Сөйтіп Украинадағы аймақтық қорғаныс қатарына жазылады. 2022 жылы Ресей әскерінің тұтқынына түсіп, 6 жыл, 10 айға сотталады.
🤷‍♂36❤8🤨2
Әзербайжан Түркияның тағы 31 азаматына елге кіруге тыйым салды.

Тізімге «Өркендеуді жаңғырту» партиясының төрағасы Фатих Ербакан, депутат Гергерлиоғлу, бұрынғы имам Бойнұқалың және спорт комментаторы Ахмет Чакыр да кірді.

Баку бұл шешімді Әзербайжанның егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған мәлімдемелермен түсіндірді. Соңғы уақытта Түркиядағы танымал азаматтар Әзербайжанның хиджабқа қатысты ұстанымын сынауда. Бұл қос ел арасындағы шиеленісті туындатуда.
🤔45👍21😱5😁3❤1🤨1
Reuters: Соғыс басталған сәттен кейін Словакия алғаш рет ресми түрде Ресеймен келіссөздер өткізбек. 26-қазанда Мәскеуде қос тараптың делегациясы энергетика саласына қатысты келіссөздерді бастайды.

ЕО Словакияның бұл шешімін сынады және Словакияны қыспаққа алуы мүмкін екенін ескертті.
🤬93👻5👎2😁2
Украина. Қорғаныс позициясын құрудағы көмекші дрон. Дрон қашықтықтан басқарылады және сымтемір жүйелерін орнатады.
👍119❤1🤔1🤣1
Бүгін Трамптың арнайы өкілі Уиткофф Путинмен кездескен сәтте Путинді “гуманист” деп атады.

“Сіз Трампты гуманист деп сипаттадыңыз. Мырза, сіз де гуманистсіз”, - дейді Уиткофф.

Оның бұл сөзін сынап жатқандар жеткілікті. Мысалы сенатор Том Тиллис (Республикалық партия өкілі) былай дейді: “Бұл не сандырақ, Стив? Гуманист сөзінің мағынасын бір қарап алшы. Дәл осындай ұят мәлімдемені қалай айтуға болады? Саған Украинаға барып, балаларын Путин ұрлап әкеткен, өлтірген отбасыларға кіріп, олар сенің досың Путинді гуманист санай ма, жоқ па, соны сұрау керек”, - дейді ол.
🤬75💯11🤪4🖕2❤1😡1
Financial Times: Израиль қазан айының онында Иранға жаппай соққы жасауды ойластырған еді. Ұшақтармен Иранның ядролық нысандарын, үкімет кварталын, электр жүйелерін, теміржол станцияларын, әуежайлар мен порттарды бір күн бойы тоқтамай соққыламақ болды. Шабуыл бұрын-соңды болмаған масштабта өрбуі тиіс еді. Алайда Трамп бұл операцияны тоқтатты. Себебі АҚШ басшысы Таяу Шығыстағы шиеленіс Конгресс сайлауына кері әсер етеді деп санайды.
🤣56🤨3😡3😱1😍1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
The Atlantic: Трамп желтоқсан айында Украина бойынша бейбіт келісімге қол жеткізгісі келеді. Сол үшін Зеленский мен Еуропаға қысым жасамақ!

АҚШ президенті бейбітшілік келісіміне Майамиде өтетін G20 саммитінде қол қойылады деп үміттенеді. Осы сценарийді іске асыру үшін Трамп Украина мен ЕО елдеріне қысым көрсетуге дайын.

Қараша айында Қытайда өтетін Трамп, Путин және Ши кездесуі келісімге қол қоюдың ықтимал қадамы болмақ.

Киев Украинаның болашағы оның қатысуынсыз шешіле ме деп қауіптенеді.

Зеленский әскери қимылдар қазіргі майдан шебі бойынша тоқтатылатын болса, Ресеймен бейбіт келісімге келу мүмкіндігін бұрын да жоққа шығармайтын.

Fox News арнасына берген сұхбатында ол мұндай сценарийді "соғысты аяқтаудың шынайы жолы" деп атады.
🤬46❤5🤨3🖕1
Ресей тағы бір ұшағынан айырылды. Бұл жолы Су-30. Экипаж қаза тапты дейді ресейлік ақпарат көздері.
👍60🍾8🤣5
БАҚ: Түркияда әйелдердің іш киімін сататын дүкеннің ашылуы дауға ұласты. Дүкенді ашу салтанатында бұрын имам болып қызмет атқарған азамат дұға оқыған. Ашылу салтанатына мэр де қатысқан. Бұл көрініске көпшілік наразылық танытты. Қала мэрі «біз дүкеннің ашылуымен құттықтадық, ал дүкеннің ішіне кіріп көрмедік» дейді.
😁52🤬5❤3