PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Африканы “Құдай ұмытқан құрлық” деп тегін атамайды.

Өз қайғысы өзінде, өзара қырғын да тоқтаған емес.

Буркина-Фасода “Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл-Муслимин” (JNIM) тобы үкімет жасақтарына шабуыл жасап, 40-тан астам сарбаз оққа ұшқан. Лаңкестер бірнеше әскери бронды техниканы олжалаған.
😱84😢17❤3👍3🤨1
PARANOIA.KZ
Африканы “Құдай ұмытқан құрлық” деп тегін атамайды. Өз қайғысы өзінде, өзара қырғын да тоқтаған емес. Буркина-Фасода “Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл-Муслимин” (JNIM) тобы үкімет жасақтарына шабуыл жасап, 40-тан астам сарбаз оққа ұшқан. Лаңкестер бірнеше әскери…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет жасақтары да Ай қарап отырған жоқ. Әрекет етуде.

Буркина-Фасоның қарулы күштері халифат құруды аңсаған лаңкестік “Жамағат әл-Ислам уәл-Муслимин” (JNIM) тобына әуеден соққы жасауда.

Буркина-Фасо әскері Түркиядан түрлі соққы жасаушы дрондарды сатып алып, лаңкестерді атқылауда. Лаңкестер негізінен мотоциклмен жүреді. Видеода сондай колоннаның біріне соққы жасау сәті көрсетілген.
👏67👍25❤4🤨2
Сауд Арабиясы, Иордания, БАӘ, Катар, Индонезия, Пәкістан, Мысыр, Түркия билігі бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Израильдің Палестина әкімшілігі аумағында орналасқан “С” аймағының жерін тіркеу шешімін қатаң айыптауда. Оны “оккупацияны жалғастыру” деп атады.
👏121🤣28💯25🔥5🤡5😐5❤2🤔1🤨1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
🔴Ресей депутаты Орталық Азия оқулықтарынан "русофобия" көретінін айтты. Сарапшылар не дейді?

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Андрей Луговой Орталық Азия елдері мен Әзербайжанды "русофобиялық" саясат ұстанады деп айыптады. Ол мұны аталған елдердің мектеп оқулықтарынан байқағанын айтты. Сарапшылар депутат сөзі Кремль көзқарасына үндес дейді.

Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖕213🤬40👎8🤡5❤4😡4🤓2
Reuters: Иран мен АҚШ-тың арасындағы келіссөздер нәтижелі болды. Екі аптаның ішінде Иран тарапы келіспеушілікті реттеуге қатысты ұсыныстарын ұсынады.

Ал WSJ басылымы бүгінгі келіссөз барысында Иранның уран байытуды бірнеше жылға тоқтатып, байытылған уран қорын үшінші ел аумағына шығаруға әзір екенін білдірген.
👏82🤣53👍10🤨6🔥4❤1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: АҚШ дрондары Кариб аймағында есірткі тасыған 3 қайыққа соққы жасап, 11 адам опат болды.
👍99😐28❤5👎2🖕1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы Рамазан айының Ораза кестесін бекітті. Mezgil.kz порталы ҚМДБ жариялаған Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына алғанған Ораза кестесін ұсынады.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7705
👍96🤬7❤5🖕4👏2🤡2🔥1🙏1
БАҚ: Сириядағы Әл-Хол аймағындағы түрмеден ДАИШ-тың жүздеген лаңкесі қашып кетті. Сирия билігі ресми түрде ақпаратты растады.
😐50🤬27🤨11❤1🔥1😡1
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады.

18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
👏84👍24🤡14❤8🌚5🤨4🔥1🍾1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таяу Шығысқа АҚШ-тың 6 дана E-3G Sentry AWACS ұшағы келіп жетті. Ұшақтар алыс қашықтықтан барлау жүргізуге, зымыран, әуе қорғаныс жүйелері, авиацияны анықтауға арналған.
👍123😱17❤10🤡5🔥2🖕2👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
PARANOIA-ның чатына кіргенде:
🤣143😁16❤5👍2🗿2🔥1🌚1😐1
Польша әскери нысандарға қытайлық көліктерді кіргізуге тыйым салды. Онда тыңшылық жасау құрылғылары болуы мүмкін деп санайды.

Дәл осыған ұқсас шешімді бұған дейін Израиль қабылдаған еді. Олар офицерлерге қытайлық көлікті қолдануға тыйым салған болатын.
👏149👍34💯14❤8🔥3🤔3🤣2
Украина Лукашенкоға санкция салды. Беларусь басшысы өз жері арқылы Украинаға шабуыл жасауға көмектесіп отырғаны үшін, Беларусьтың 3 мыңға жуық қару шығаратын кәсіпорны Ресейге әскери өнім жеткізіп отырғаны үшін жазықты деп танылуда.
👍254🔥23👏9❤5🤣5🤡1
Axios: Трамп Иранмен үлкен соғысқа жақындап келе жатыр. Дональд Трамп әкімшілігі Таяу Шығыста әскери күшін арттыруда. Кемі екі ұшақтасушы аймаққа бет алды. Ал жүздеген ұшақ Иранға жақын базаларда топтастырылды. Соңғы 24 сағатта аймаққа қосымша 50 дана F-35, F-22, F-16 ұшақтары келіп жетті. Сарапшылар АҚШ жүйелі жоспармен дайындалып жатқанын айтуда.
👍162😡36❤13🖕9👎4🤔2🤡2🤬1
Pravda: Словакия үкіметі елде жанармай жетіспеуіне байланысты дағдарыстық жағдай орнағанын айтуда. Бұл “Дружба” құбыры арқылы мұнай өтпеуімен тікелей байланысты. Құбыр арқылы ақпанның басынан бастап мұнай жөнелту тоқтатылған еді.
👍149❤10🤣4👏1😱1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Жүрсін Ерман - Қазақстанның Халық жазушысы атағын алды!

Бұл атақты осыған дейін:

Төлен Әбдік (2023),
Смағұл Елубай (2023),
Бексұлтан Нұржекеұлы (2023),
Софы Сматаев (2023),
Ахметжан Аширов (2023),
Любов Шашкова (2023),
Темірхан Медетбек (2024),
Валерий Михайлов (2024),
Исрайыл Сапарбай (2024).
Марфуға Айтхожина (2025),
Ғаббас Қабышов (2025) алған.
👍161👏18❤12🤣11😁4🔥3🤨2
The Wall Street Journal: Иранның басшылығы келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда деп, соғысқа дайындалуда. Тегеран ядролық нысандарды күшейтіп, ішкі наразылықты басу жасақтарын құрып, құжаттарды құпия орынға жеткізуге дайындалуда. Соғыс болса режим тірі қалу жолдарын іздейді.
🤔87👍37👎5🤪5❤4😱2😡2🖕1
АҚШ-тың USS Gerald R. Ford ұшақтасушысы Таяу Шығысқа бағыт алды. Жерорта теңізіне кіріп келеді.

Сарапшылар АҚШ-тың әскери топтасуына назар аударып, “Иранға шабуыл болады” деп болжауда.
👍125🖕17🔥8😈8❤3🤬3🤔2🤡2😡1
БАҚ: АҚШ-тың тағы 9 жанармай толтырушы KC-135R ұшағы,
6 жүк тасымалдау ұшағы мен 2 алысты барлайтын Boeing E-3 Sentry ұшағы Таяу Шығысқа аттанды. Ұшақтар жолай Еуропа базаларына қонып, артынша қайта көкке көтерілген.

“Ауқымды операция дайындалып жатыр” дейді Батыстық БАҚ…
👍136😱38❤11👎7🖕6🤔3💯3😡1