Қазақстан президентінің АҚШ-қа сапары аясында америкалық The National Interest журналында мақаласы жарияланды.
Мақалада мынандай тұс бар: “Ибраһим келісіміне” қосылу жай ғана дипломатиялық ишара емес, стратегиялық таңдау. Қазақстан әрдайым теңгерімді әрі сындарлы ұстанымды сақтап келеді. Біз Израильмен берік қарым-қатынас орнаттық. Алайда Палестина халқын да дәйекті түрде қолдап келеміз. Бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы – “Қос халық үшін екі мемлекет” формуласы деп санаймыз. Біз бұл шешімді қабылдағанда, бір жағынан, экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту және озық технологияларды игеру секілді ұлттық мүддемізді де ескердік. Одан кеңірек алып қарасақ, мұсылман және еврей қауымдары арасындағы диалогты кеңейтуге септігіміз тиер деп үміттенеміз”, - дейді.
Өте дұрыс айтылған! Осыны кей адам түсінбей жүр. Біздің сыртқы саясатымызда негізгі ұстаным, ол - ұлттық және мемлекеттік мүдде. Біз Палестинамен де, Израильмен де байланыс орнаттық. Бұл біреуге ұнайды, біреуге ұнамас. Бірақ сыртқы саясат жеке адамның көзқарасымен анықталмайды, мемлекеттік стратегиямен анықталады. Израильге мұнай, темір сатып, олардан өзге өнімді сатып алсақ, Палестинаны қолдау арқылы араб әлемімен әріптестікті кеңейтуге тырысудамыз (соның бір жолы). Мемлекеттік шешімдер эмоциямен қабылданбайды, ақыл-парасатқа сүйенеді. Осыны ұмытпау керек.
Ары қарай мақалада былай дейді: “Осы қадамның бәрі Құрама Штаттармен серіктестігімізді бұрынғыдан да нығайта түседі. Қазақстан мен АҚШ өзара құрметке және түсіністікке негізделген сан қырлы серіктестікті жолға қойды. Америкалық компаниялар ұзақ жылдардан бері, әсіресе, энергетика секторында еліміздің ең ірі инвесторлары қатарына кіреді. Бүгінде ынтымақтастығымыз аса маңызды стратегиялық минералдар, цифрлық инфрақұрылым, озық өндіріс, логистика және инновациялар секілді жаңа бағыттарда қанат жайып келеді. Таяуда америкалық Cove Capital компаниясымен бірлесіп, әлемдегі ең ірі вольфрам кен орнын игеру жобасын қолға алдық. Осы үрдісті одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігі үшін америкалық серіктестермен тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға ниеттіміз”, - деді.
Бұл да дұрыс. Бізге АҚШ-пен әріптестік керек. Көпвекторлы саясатта баланс ұстау маңызды. Қытаймен әріптестік, Ресеймен әріптестік бар. Тығыз. Өйткені шекаралас, көрші елдер. Ал соны теңестіру үшін АҚШ-пен, ЕО-мен әріптестік керек. Баланс деген сол. Бұл дұрыс бағыт.

🤝83👍44💯17❤14🖕4👎3🤣2🔥1🌚1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ. “Бейбітшілік кеңесінің” алғашқы отырысы басталды.
👍96🤣38🖕5🤡3❤2💯2😐2🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украинаның Ratel H роботы. Ол 4-8 дронды тасиды. Дрондарды зарядтау жүйесі де бар.
👍232❤17🔥11🍾3👏1
ТРК Президента
📰 Мемлекет басшысының мақаласы америкалық танымал басылымда жарық көрді @ptrkkz
Мақалада Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыс, әріптестік жайлы айтылған.
👍122🔥11🤡9❤1🤨1
Кеше Путин Кубаға салынған санкцияларды айыптайтынын айтты. Кубаға көмек көрсетуге дайынбыз дейді.
🤣164🖕28🤪3❤2👍1🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: “Қазақстаннан президент Тоқаев келіп отыр, сізге көп рахмет. Бұл қандай мемлекет десеңізші. Бұл керемет әрі бай мемлекет”, - дейді.
👍198🤣85🤡23🖕11❤3🔥2🤔2🤨1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Генерал Жефферстің сөзі:
Газаны тұрақтандыру бойынша Халықаралық бітімгерлік миссияға әскер жіберетін алғашқы бес ел:
🇮🇩 Индонезия
🇲🇦 Марокко
🇰🇿 Қазақстан
🇽🇰 Косово
🇦🇱 Албания

👍174🤬17🤨9❤5✍1😡1