PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
БАҚ: Түнде Украинаның Львов қаласында теракт болды. Қаладағы дүкеннің біріне ұры түскені жайлы полицияға хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция келген сәтте, жарылыс болды. Екінші көлік келген сәтте, тағы жарылыс болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.
🤬140😡16❤4😢4☃1🤨1
Ресей түнде Украина аумағын жаппай атқылады. Зымыран және дрондар Киев қаласы мен облысына, Одесса аймағына, Николаев пен Кропивницкий қалаларына соққы жасаған. Негізінен энергия көздерін атқылаған. Мыңдаған адам жарық/жылусыз қалды.
🤬139😡26🤣5❤4
Al-Arabiya: “Хезболла” Израильмен соғысқа дайындалуда. Соңғы күндері ұйым бірнеше құпия жиын өткізген. Тегеранда АҚШ әскері соққы жасаса, “Хезболла” Израильге қарсы әскери әрекетке көшер деп үміттенуде.
🤣90👍35🤬9🤪6😱5😐4❤1
Трамп Гренландияға кемедегі госпитальді жібермек. Гренландияда науқастарға тиісті көмек көрсетілмей жатыр дейді.
🤣104👍24🤡18❤4🤔4🔥1
Кубаның әр тұсында әскери жаттығулар өтіп жатыр. Жаттығудың басты ұраны “Бассыз қалар басқыншы” деп аталады.
🤣118👍18😢6😐4❤2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тәлібтердің сөзінше, Пәкістанның түндегі соққысынан Ауғанстанда ондаған адам жарақат алып, қаза тапқан. Пәкістан тарапы Ауғанстанда жасырынған лаңкестік топтарды соққылағанын айтуда.

Тәлібтер бұл шабуылға қарымта жауап қататынын айтты.
🤣62😱15🤨13❤5🤬4😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың ұшақтары алдымен Еуропаға, артынша Таяу Шығысқа әскери жүкті тасып жатыр, тасып жатыр…
👍115😱38🤔8❤5🖕5🤡2👎1🤣1
БАҚ: Иранның Паранд қаласы маңында бірнеше жарылыс даусы естіліп, әуеге қою түтін көтерілуде. Жарылыс себептері беймәлім.
👏82😐17👍11🤨6❤5🤔5🤬2
Венгрияның СІМ басшысы Петер Сийярто: “Ертең ЕО-ның СІМ басшылары отырысында 20-шы санкциялық пакет (Ресейге қарсы) қабылданбақ. Венгрия бұл шешімді бұғаттайды. Украина “Дружба” құбыры арқылы Венгрия мен Словакияға мұнай жөнелтуді жалғастырғанға дейін, біз Киев үшін маңызды шешімдерді бұғаттаумен боламыз”, - дейді.
🤬143🤣23😡12❤7🤔3🖕3🌚1🤨1
NYT: Иран режимі соғыс басталып, аятолла қаза тапса не болмақ деген сценарийге дайындалуда. Аятолла Хаменеи өзі қаза тапқан жағдайда биліктің көп бөлігі уақытша Әли Лариджаниге өтуі тиіс дейді. Ол қазір Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесін басқарады. Лариджанидің шешім қабылдау тетіктері ел президенті Пезешкианды ығыстыруда. Пезешкиан көптеген шешімін Лариджанимен келісуге мәжбүр. Аятолла қаза тапса, өзінен кейін кім отыратынын айтқан және мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қызметі жалғасу үшін әрекет ететін тұлғаларды бекіткен. Өткен жылы аятолла өзінің орнын басуы ықтимал үш үміткерді анықтады, алайда олардың есімін санаулы адамдар ғана біледі.
👍53🤣36😐11❤4🤔4🖕2🤪2😱1