PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Ақпарат көздері “Халисконың жаңа ұрпақтары” картелінің өкілдері халықаралық әуежайға басып кіргенін айтуда. Әуежайда хаос басталған. Адамдардың бір бөлігі әуежайдан қашуға тырысса, енді бірі жасырынуға тырысқан.
😱74🤨13❤2😎1
Соңғы жылдары Мексикада картельдердің билікпен қақтығысуы артты. Дәл осындай жағдайда Мексикада биыл футболдан әлем чемпионатының бір бөлігін өткізу қалай болар екен…Картельдер үнемі кек алуға тырысады…
😱70🤔20❤3🤨3👎2
БАҚ: Картель өкілдері қарымта соққы жасауда. Қылмыскерлер Халиско аймағындағы Ұлттық гвардия бөлімшесіне, түрмеге шабуыл жасап, бірнеше ойын-сауық орталығын өртеген.
😱70😡7🤨6❤3
PARANOIA.KZ
Картель жасақтары жолды осылай бөгеуде. Көліктерді өртеп жатыр.
Бірқатар ақпарат көздері “Халисконың жаңа ұрпақтары” картелінің басшысы, “Эль Менчо” лақап атымен белгілі болған Немесио Осегера Сервантестің өлтірілгенін айтуда. Бұл Мексикадағы іздеуде жүрген ең қауіпті қылмыскер саналады. АҚШ Эль Менчоның басына 15 млн доллар сыйақы тігіп еді.
👍100🔥16❤9😱1
БАҚ: Иран мен АҚШ жұма күні Женевада тағы бір келіссөз өткізеді.
😐46❤9🔥9👍5🤡4🙈3🤔2👏1😴1
PARANOIA.KZ
Картель жасақтары жолды осылай бөгеуде. Көліктерді өртеп жатыр.
Мексика. Атыс-шабыс жалғасуда.

“Халисконың жаңа ұрпақтары” тобы - есірткі тасымалдау, қару-жарақ айналымы, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстармен байланысты топ. Олар соңғы жылдары Мексикадағы ең ықпалды әрі қауіпті картельдердің біріне айналды.

Мексиканың әр түкпірінде әрекет етеді. Еуропа мен АҚШ-қа есірткі сатады. Ішкі нарықта заңсыз қару сатумен де айналысады.

Бұл қылмыстық ұйым әскери құрылымға ұқсас иерархиядан тұрады. Арнайы жасақтары да бар. Брондалған көліктерге, ауыр пулеметтер, камикадзе дрондарға ие. Ұйымға тікелей 1-3 мың адам мүше деген дерек бар. Ал жанама 10 мыңға дейін жетуі мүмкін дейді сарапшылар. Яғни, билік үшін осал қарсылас емес.
😱74❤11🤬4☃2🤨2
XXV Қысқы Олимпия ойындарының медаль кестесі.

Италияда өткен XXV қысқы Олимпия ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 94 елдің ішінде 19-орынға ие болды.

Ел қоржынына алтын жүлдені мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров салды.

Осылайша, ұлттық құрама 1994 жылдан кейін алғаш рет Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді.

Қазақстан құрамасынан қысқы Олимпиадаға 10 дисциплина бойынша 36 атлет (18 ер, 18 әйел) қатысты.
👍76🤣18❤12🖕5🤨4🎉2👏1😍1