Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
КҚК-ға шабуыл: АҚШ Украинаға ескерту жасады!
Әңгіме КҚК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы мұнай экспортын тоқтату туралы болып отыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, Киев бұл ескертуді «назарға алған».
Украина Новороссийск ауданындағы КТК инфрақұрылымына жасалған шабуылдардан кейін АҚШ Мемлекеттік департаментінен ресми нота алды. Бұл туралы Украинаның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ольга Стефанишина мәлімдеді.
Оның айтуынша, соққылар «Қазақстанмен байланысты америкалық экономикалық мүдделерге» нұқсан келтірген.
Қазақстан мұнайының басым бөлігі Новороссийск арқылы экспортталады.
«Біз Мемлекеттік департаменттен америкалық мүдделерге соққы беруден тартынуымыз керек екенін естідік», — деді Стефанишина.
Ол бұл үндеудің Ресейдің әскери және энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасаудан бас тарту емес, дәл осы америкалық мүдделерге қатысты болғанын атап өтті. Стефанишинаның сөзінше, Киев бұл жағдайды «назарға алды».
Оқиғаның мән-жайы
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қараша айының соңында Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасаған болатын. Содан кейін мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Кейінірек КТК зақымдалған құрылғылардың бірін жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Шабуылдан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі наразылық білдіріп, болған оқиғаны Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін әрекет ретінде қарастыратынын мәлімдеді.
Алайда, АҚШ араласқанға дейін украин тарапы Қазақстанның экономикасына немесе инфрақұрылымына соққы бермейтінін және ондай ниеті жоқ екенін ашық мәлімдеп келген еді. Украина СІМ бұл әрекеттер тек Ресейдің әскери әлеуетіне қарсы бағытталғанын және «Қазақстанға немесе басқа үшінші тараптарға қарсы емес» екенін алға тартқан.
Украина елшісі Виктор Майко да ұқсас ұстаным білдіріп, Қазақстанның «ешқашан соққы нысанасы болмағанын және болмайтынын» баса айтқан болатын.
Қаңтар айының ортасында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым консорциум инфрақұрылымына жасалған шабуылдан кейін Украинаға «қысым жасауды» ұсынды.

👍74🤣29❤14🔥8🌚4🤡2🤨1
БАҚ: Бірнеше күн бұрын украин дрондары Курск облысында дрон және әскери техника қоймасын тауып, дрондармен соққы жасады. Соққыдан кемі 10 мыңнан астам дрон жойылған.
🔥217👍70❤15🍾9👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Барлау қызметі: Украина Удмуртиядағы Воткинский зауытына соққы жасау сәтінде “Искандер” зымыранын құрастыратын цехті жойған.
Зауытқа “Фламинго” зымыраны соққы жасағаны айтылуда. Ал соққы сәтінің видеосы енді жариялануда.

👏195🔥46👍24❤12🆒1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иран. Студенттердің билікке қарсы наразылық акциялары жалғасуда.
👍173🔥34👎7❤6👏4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Барлау қызметі: Украина Қырымға шабуыл жасап, С-400 "Триумф", "Панцирь-С1" кешендерін жойды.
🔥197👍64👏26❤10🆒3
Мәскеу соты өз сайтында Инстаграмның логотипін жариялаған Денис Солдатов есімді жігітті 15 күнге соттады. Ол тыйым салынған желінің белгісін қолданғаны үшін кінәлі деп табылған.
🤣154🤡13🤷♂7💊5❤4🤪3
“Азовтың” қолбасшысы Денис Прокопенко бригада генералы шеніне ие болды.
🔥202👍79👏16❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин: “Теледидардан, БАҚ-тан ғылымның, ғалымның күші жайлы, рөлі жайлы көп айтылу керек. Олардың жетістіктері жайлы айтылуы тиіс. Теледидардан кім ұрлады, кімнен ұрлады, қанша ұрлады, қашан ұрлады деген тақырыптарды көріп, ығырымыз шықты. Әбден шаршатты. Ғылым жайлы айтыңдар”, - дейді.
🤣241🖕21❤12🤡10💯5🤬4🤪4💊3
БАҚ: Кубаның жағалау күзеті ел аумағына кірген қайыққа оқ жаудырды. АҚШ-тың Флорида аймағында тіркелген қайық Куба жағалауына жақын келген. Жағалау күзеті қайыққа жақындаған сәтте, қайықтағылар оқ ата бастаған. Куба шекарашылары қарсы оқ атып, 4 адамды мерт қылып, 6 адамды жарақаттаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
😱69👍28❤6🤔5🤣2🤨2
Ресей Константиновка маңындағы су қоймасына соққы жасады. Су аймаққа жайылып, аталған бағыттағы Украина әскерінің логистикасы қиындауда.
🤬187😡33👍4❤1😭1